Мазмұндау жоспары: 1.Асан менҮсеннің жұртта қалуы
2.Олардың ауылды іздеуі
3.Үсеннің ақылдылығы мен сабырлылығы
Асан деген-бай баласы.Үсен-жарлы баласы,екеуі құрдас екен.Бір күні ел көшкенде,қыр ойнап жүріп,ескерілмей,екеуі жұртта қалыпты.Бір мезгілде,үйге барайық деп келсе,ауыл жоқ,құржұрты жатыр.Асан айқай салып,жылай бастайды.Үсен ойланып тұрды да айтты:
-Жылағанмен,еш нәрсе өнбес.Көшкен ауылды іздептабамыз.
-Елді қайдан табамыз,қай жаққа кеткенін де көргеніміз жоқ,-деді Асан.
Үсен үндемеді,Асанды ертіп,көшкен жұртқа келді.Жұртта көзі сынған бір ине жатыр екен,оны да алды және пышақтың сынығын,бір-екі уыстай қыл тауып,оны да алды.Сонан соң,ауылдың жұртын айналып жүгіріп жүріп,көштің кеткен сүрлеуін тауып,сол сүрлеуге түсіп жүре берді.
Біраз жер өткен соң,сүрлеу екі айырылды.Мұны көріп,Асан жылай бастады.
-Енді қайсысына түсеміз,-деп Үсен қарап тұрып біреуіне түсті:
-Мынау жол бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен,-деді Үсен.
Біраз жер жүрген соң Асан: «Қарным ашты»,-деп жылады.Үсен үндемей келе жатты.Екеуінің алдынан бір үйрек ұшып,ұзамай қасына қонды.Асанның онымен ісі болмай,жүре берді.Үсен жүгіріп барып,сипалап жүріп,үйректің орнынан алты жұмыртқа тапты.
(Ы.Алтынсарин )(173сөз)
Адал дос
Сөздік:әңгімелесіп,демікпе,бүйтіп,сүйсініп
Мазмұндау жоспары:
1.Екі достың әңгімелесуі
2.Алдарынан иттің шығып қалуы
3.Аблан иттің арпалысуы
4.Абызды иттен қорғауы
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты.Оның біреуі Аблан да,екіншісі-Абыз. Абыздың денсаулығы нашар,көп жүгіре алмайтын,демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан дәу қара төбет арсылдап,тура алдарынан шыға келді.
Абыз:
-Аблан,қаш,әне,ит келіп қалды!-деп қатты қорқып айқайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып,итке қарсы ұмтылды.Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді.Үлкендер келіп Абланды құтқарып алды.Абыз Абланның жанына келіп:
-Мен неге қаш дегенде қашпадың?Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған болар еді,-деп жатыр.
-Мен қашатын болсам,сен тұтылатын едің.Өйткені сен қатты жүгіре алмацйсың ғой.Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым,-деді Аблан.
-Достар деген осылай болар,-деді олардың сөздерін естіген үлкендер сүйсініп.
(116сөз)