№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015


Салмақсыздықтан  кейінгі  ағзаны  қалпына  келтіру  жолдары



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата03.03.2017
өлшемі6,16 Mb.
#5570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Салмақсыздықтан  кейінгі  ағзаны  қалпына  келтіру  жолдары.  Алғашқы 
ғарышты  игеру  барысында  ғарышта  қысқа  уақытта  болатын  болғандықтан  арнайы 
салмақсыздыққа  байланысты  құралдарды  пайдаланбады.  Топпен  ұшқан  «Восток-1» 
ғарыш  кемесінде  ғалымдар  жалпы  тонусты  ұстауға  бағытталған  дене  қозғалысы 
жаттығуларын  жасауды  қарастырды.  Бұлшық  ет  күщін  сақтау  үшін  қысқа  уақытта 
күні бойына 14 рет қана 5-7 сек жаттығулар жасау жеткілікті болды. 
«Восход»  ғарыш  кемесімен  ұшқан  ғарышкерлер  тәулігіне  2  рет  10  минут 
амортизатормен 6 дене жаттығуларын жасаулары керек болды. Алғашқы рет «Союз-
9»  ғарыш  кемесінде  арнайы  жаттығу  құралдары  қолданыла  бастады.  Ол  электр 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
121 
желілері бар сағатына 4,5-9 шақырым жылдамдықты қамтамасыз ететін тредбанадан 
(«жүгіру  жолдары»),  жаттығу  костюмдерінен,  амортизатор  жүйелерінен  тұрады. 
Оның  көлемді  және  салмағының  көп  болуына  байланысты  тек  кейбір  элементтері 
ғана  пайдаланылды.  Ұшу  барасында  ғарышкерлер  3  күн  салмақ  жаттығуларымен 
айналысып, 1 күн демалуға міндетті болды. 
1971  жылдан  бастап  бұл  құралдар  ғарыш  кемелерінде  толығымен  орнатыла 
бастады.  Ғарышкерлер  күніне  2  рет  1  және  1,5  сағат  онда  жаттығулар  жасаулары 
керек  болды  (таңертеңгі  жаттығу  және  кешкі  қыдыру  есебінен).  4  тәуліктік  цикл 
бойынша 450 ккал жұмсаулары керек болды. Дене жаттығулары ғарышқа келгеннен 
кейінгі  төртінші  күннен  бастап  жасалады.  Ғарышкерлер  әрдайым  «Пингвин» 
костюмін тастамай киіп жүреді. 
Сонымен орбитада ұшу кезіндегі салмақсыздық күй адам ағзасына ерекше кері 
әсер  етеді.  Салмақсыз  күйі  ағзаның  көптеген  функцияларына  елеулі  әсер  етеді: 
бұлшық  еттер  мен  сүйектер  әлсірейді,  ағзадағы  су  мөлшері  азаяды  және  т.б.  Бірақ 
салмақсыздықтан  болған  бұл  өзгерістер  қайтымды.  Емдік  дене  шынықтыру  және 
дәрі-дәрмектер  көмегімен  ағза  функциясын  қайта  қалпына  келтіруге  болады. 
Орбиталық  ғарыш  кемесінде  салмақсыздық  күйінде  тек  ғарышкер  ғана  емес,  кез-
келген  еркін  түскен  (айналусыз)  дене  де  болады.  Осындай  күйді  сезіну  үшін  жәй 
ғана  секіру  жеткілікті.  Жедел  көтерілу  сәті  мен  қону  сәті  аралығында  біз  де 
салмақсыз бола аласыз! 
Жерде  қаншама  дайындалғанмен  салмақсыздыққа  бірден  үйрену  оңай  емес. 
Дайындық  кезіндегі  шынайы  салмақсыздық  15-20  секундқа  ғана  созылады.  Ол 
биікке көтерілген ұшақтың ішінде жасалады. Төмен қарай құлаған ұшақтың ішінде 
салмақсыздық пайда болады, бірақ ол жаңа айтып кеттім, 15-20 секундтан аспайды. 
Екінші  нұсқа  –  гидробассейнде  скафандрмен  жасалады.  Ал  космосқа  ұшқан 
кездегі  нағыз  салмақсыздық  ағзаға  алғашқы  секундтарда-ақ  сезіледі.  Алғашында 
адамның  бойын  қуаныш  билейді.  Қаншама  жыл  дайындықтан  өтіп,  қаншама 
қиындықтарды жеңгеннен кейін қол жеткізген нәтижеге қалай қуанбасқа. 
Содан  соң  барып  салмақсыздыққа  байланысты  қиындықтар  басталады.  Ағза 
салмақсыздықпен  күресе  бастайды,  жүрек  басқаша  жұмыс  істеуге  көшеді.  Қан 
қысымының  өзгеруіне  байланысты  бас  ауырады.  Оның  себебі  белгілі  –  жерде 
жүргенде аяқ төменде, ал бас жоғарыда. Жүрек қанды аяқтан жоғары өзіне қарай, ал 
басқа қарай өзінен жоғары айдауға қалыптасқан. 
Ал  ғарышта  бәрі  де  басқаша.  Салмақсыздық  жағдайында  жүректің  соғуы 
өзгеріп,  басқа  қарай  қанды  көп  айдайды.  Бұған  адам  екі  айдан  кейін  ғана  үйрене 
бастайды.  Бұл  салмақсыздықтан  пайда  болатын  проблемалардың  бірі  ғана,  ағза 
бұдан басқа көптеген қиындықтарға кездеседі. 
Түбінде  қайтадан  Жерге  оралу  керек  қой,  оны  да  ұмытуға  боламайды. 
Сондықтан космоста Жердегі гравитация заңдылығына ағзаны дайындайды. Ол үшін 
күніне  екі  рет  жүгіреді  немесе  велосипед  тебеді,  бұлшық  еттерді  қатайтатын 
жаттығулар жасайды. 
Тәжірибе  нәтижелері.  Тәжірибелік  жұмыс  барысында  біз  бірінші  кезекте 
жоғарғы сынып оқушылары арасында сұрау жүргіздік. Сұрауға 30 оқушы қатысты. 
Сұрақ:  Салмақсыздық  дегеніміз  не?  Бұл  сұраққа  толық  жауапты  ешкім  бере 
алмады.  22  оқушы  жауабы  нақты  жауапқа  жақын,  7  оқушы  дұрыс  жауап  бере 
алмады. 1 оқушы білмеймін деп жауап берді. 
Қорытынды.  Сонымен  салмақсыздық  күйінде  адам  кеңістікте  жол  таба 
алмайды.  Адам  тепе-теңдік,  көру,  сезу,  бұлшық  ет  сезімталдығы  бұзылуының 
себебінен  болады.  Адам  құлап  бара  жатқандай  немесе  жоғарыдан  төменге  ұшып 
баратқандай сезінеді. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
122 
Сонымен  бірге,  адамның  қаны  да  салмақсыздық  күйінде  болады.  Салдарынан 
қан  айналымы  бұзылып,  қан  астыңғы  бөліктен  үстіне  ұмтылады.  Реттеу 
механизмдері іске қосылып, қан айналымына қатысатын қан мөлшері азаяды. Бүйрек 
суды  жоғары  көлемде  шығара  бастайды.  Сүйек  пен  бұлшық  еттің  салмағы 
азайғандықтан  ғарышта  адам  жүрмейді,  жүзіп  жүрген  секілді  болады.  Сондықтан, 
ғарышкерлерді ұшпастан бұрын арнайы дайындықтан өткізеді. 
Сонымен 
адамда 
салмақсыздықтың 
әсерінен 
функционалдық 
және 
құрылымдық өзгерістер болады. 
 
Әдебиеттер 
1 Черниговский В.Н. Проблемы космической биологии. – М.: Изд. Наука, 1971. 
– Т. XVII. – 324 c. 
2  Серова  Л.В.  Невесомость  и  онтогенез  млекопитающих  //  Тр.  Института 
медико-биологических проблем. – М., 2002. – С. 84-89. 
3 Григорьев А.И. и др. Основные механизмы невесомости // В кн.: Космическая 
биология и медицина. – М., 1987. – С. 49-59. 
4 Булекбаева Л.Э., Демченко Г.А., Вовк Е.В. Особенности лимфодинамики при 
антиортостатическом  положении  различной  продолжительности  //  В  кн.:  Венозное 
кровообращение и лимфообращение. – Алматы: Наука, 1989. – С. 61-62. 
5  Ильин  Е.А.  Биология  в  полетах  беспилотных  космических  аппаратов  // 
Проблемы космической биологии. – М., 2007. – Т. 1. – С. 26. 
6 Физика және астрономия. – Алматы: Атамұра, 2007. 
 
ҚАЙНАРБАЙ Ербек Ержанұлы, 
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ШЫНТАЕВА Оразгүл Көшекбайқызы, 
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАРЛЫҒАШ – БАҚЫТ ҚҰСЫ 
 
Қарастырылатын  мәселелер:  қарлығаштың  мекен  ететін  жерлері, 
қарлығашқа байланысты ырымдар, қарлығаш туралы аңыз-әңгімелер. 
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi 
қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. 
Қарлығаш – торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр 
айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры 
ақшыл,  арқасы  қоңыр,  жасыл  жылтыр.  Арктика  мен  Антарктидадан  басқа  жердiң 
бәрiнде мекендейдi. 
Бүкiл  әлемде  қарлығаштың    80  түрi  бар.  Оның    4  туысқа  жататын  5  түрi 
Қазақстанда кездеседi. Олар:  жар қарлығашы, құз  қарлығашы, қос реңдi  қарлығаш, 
сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлығашы. 
Қарлығаш  –  пайдалы  құс.  Зиянды  жәндіктерді,  әсiресе,  шыбын-шiркейдi  өте 
көп  жеп,  ауыл  шаруашылығына  пайда  келтiредi.  Қарлығаштар  жылына  екi  рет 
жұмыртқалайды.  Алты-жетi  күннен  соң  жасап  бiтiрген  ұясына  3-тен  7-ге  дейiн 
жұмыртқа  салады.  Екi-үш  аптада  балапан  басып  шығарады.  Балапандары  алғаш 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
123 
қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, 
аяқтарын қылмен байлап кетедi. 
 
 
 
Қарлығаш  кеш  келіп,  ерте  қайтады.  Кеш  келетіні  –  ол  негізінен  шыбын-
шіркеймен  қоректенеді.  Жемтігін  ұшып  бара  жатып  қағып  жейді,  суды  да  солай 
ішеді. Ұясын көбінесе үйдің маңдайшасына, қораның бел ағашына салады. 
Қарлығаш  адамға  үйірсек.  Сүйкімді.  Оның  өзге  құстардың  ешқайсысына 
ұқсамайтын өз «әні» бар. Құлаққа жағымды.  
 
 
        
Рас,  соңғы  бес-алты  жылда  оңтүстік  аймақтарда,  әсіресе,  Алматы  және  оған 
жапсарлас  елді  мекендерге  қарлығаш  аз  келетін  боп  жүр.  Кей  жылдары  мүлде 
көрінбейді. Бірінші себебі – экология, адамдардың қатыгезденіп, жан-жағын орман-

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
124 
тоғай, от-су, тау-тас демей иемденіп, игеріп, опырып-жапырып бара жатқаны болса 
керек. 
 
 
Қарлығаштың  мекен  ететін  жерлері.  Қарлығаш  республикамыздың  барлық 
жерiне  тараған.  Орман-тоғай,  өзен-көлдер  маңында,  шөлдi  және  таулы  өңiрлерден 
жиi ұшыратасың. 
Қарлығаш – жыл құсы. Күз түссе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып  кетедi. 
Жылына  бiр  рет,  қыста  түлейдi.  Екiншi  жылы  ұрпақ  бередi.  Екi-екiден,  кейде  топ-
танып,  шыңға,  тiк  жарға,  кейде  тұрғын  үй  қабырғаларына,  ағашқа  жапсыра  ұя 
жасайды. 
Қарлығаш  ұяны  топырақ  пен  сазды  сiлекейiн  араластырып  қалайды.  Iшiне 
майда  шөп,  қауырсын,  мамық  төсейдi.  Қарлығаштың  кейбiр  түрлерi  жарға  үңгiп  iн 
қазады.  Олардың  тостаған  тәрiздi,  бетiн  ашық  етiп  немесе  қап,  дорба  тәрiздi  етiп, 
кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар. 
 
 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
125 
Қарлығашқа  байланысты  наным-сенімдер.  Қарлығаш  биіктеп  ұшса,    күн 
ашық  болады.  Қарлығаш  жер  бауырлап  ұшса,  жаңбыр  жауады.  Қарлығаш  жылы 
жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егіз туады, ақ мол болады. 
Ал  қарлығаш  үй  жақтауына  немесе  шатырына  қонса,  сол  үйдің  жан  басы 
көбейеді. Түсіңде қарлығаш көрсең, бақытқа кенелесің... 
Аңыз  бойынша  Нұх  пайғамбардың  кемесіне  тесіктен  су  кіріп,  кеме  батуға 
айналғанда  жылан:  «Мен  бұл  суды  тоқтатамын,  тек  ненің  еті  тәтті  болса,  соны 
беріңіз», - деп айтады. 
Нұх  пайғамбар:  «Мақұл»,  -  дейді  де,  араға:  «Бар,  әр  нәрсенің  етін  татып  көр, 
қайсысы тәтті болса, жыланға берейік», - дейді. 
Ара  ұшып  кетіп,  адамның  еті  тәттілігін  айтпақ  боп  келе  жатқанда  алдынан 
қарлығаш шығып, жөн сұрайды. Ара білгенін айтады. 
«Кәне, тіліңді көрсетші», - дейді қарлығаш. Ара аузын аша бергенде қарлығаш 
оның тілін суырып алады. Екі  ортада мылқау боп қалған сорлының ызыңын ешкім 
түсінбейді. 
«Мен  білсем,  бұл  бақаның  еті  тәтті  деп  тұр»,  -  дейді  Қарлығаш  тілмаш  боп. 
Жыланның бақа жейтіні, араның сақау боп ызыңдап қалғаны содан екен.  «Ал адам 
баласын  ажалдан  құтқарған  қарлығаш  содан  бері  қарындастай  қадірлі  бопты»,  - 
дейді аңыз. 
 
 
Қорытынды.  Сөзімізді  қорытындылай  келе,  жобамыз  арқылы  өз 
мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз. 
Қарлығаштың  негізгі  тіршілік  әрекеті  туралы  мағлұматтар  ала  отырып, 
бақылау жасау, өлкеміздің құстар тобының ерекшеліктерін, қоректенуі мен көбеюін, 
ұрпағына  қамқорлық  жасауын,  тіршілік  әрекетін,  түрін  анықтауға  талпыныс 
жасадық. 
Сонымен  қатар,  қарлығаштың  тыныс-тіршілігі  туралы  мағлұмат  алдық. 
Мәселен,  республикамыздың  барлық  жерiне  тарағаны,  орман-тоғай,  өзен-көлдер 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
126 
маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшырасатынын, күз түссе, Африка мен 
Оңтүстiк Азияға ұшып кететінін, жылына бiр рет, қыста түлейтiнін білдік. 
Қарлығаштар екiншi жылы ұрпақ беріп, екi-екiден, кейде топтанып, шыңға, тiк 
жарға,  кейде  тұрғын  үй  қабырғаларына,  ағашқа  жапсыра  ұя  жасайды  екен.  Ұяны 
топырақ  пен  сазды  сiлекейiн  араластырып  қалайды.  Iшiне  майда  шөп,  қауырсын, 
мамық төсейдi. 
Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, 
бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған 
ұялары да бар. 
Қарлығаш туралы аңыз-әңгімелер, өлең-жырларының тек қазақ халқында ғана 
емес, сонымен қатар, дүние жүзі халықтарының барлығына тән екенін байқадық.  
 
МҰХИТОВА Ақдиана Ғаниқызы, 
№6 орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы, Шалқар қаласы, 
Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚАЛЖАНОВА Айсұлу, 
№6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Шалқар қаласы, 
Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЕШКІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮТІ 
 
 
 
Аңдатпа.  Бабаларымыз  төрт  түлікке  ерекше  көңіл  бөлген.  Әрі  ас-ауқаты,  әрі 
киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, 
байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны 
белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ: «Мал-
жан аман ба?» - деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана 
қоймаған,  олардың  бабын  тауып  бағып-күтудің  де  жай-жапсарын,  қасиетін, 
ерекшелігін жақсы білген, сынаған. 
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті 
жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне 
жарымаған  баланы  ешкі  сүтімен  асырайды.  Ешкінің  серкесін  әрдайым  қойдың 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
127 
отарына  қосып  отырады,  оның  бүкіл  отарды  бастап,  жайылымға  апарып,  әкелетін 
қасиеті бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Төрт 
түлік малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаңдық орнап 
қалады  деп  есептеген.  Әрбір  рудың  өз  малына  салатын  таңбасы  болған.  Оны  олар 
малдың  құлағына,  мүйізіне,  жамбасына  салатын  болған.  Еңбекқор  қазақ халқы  мал 
өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. 
Зерттеу  материалдары.  Бағудағы  ешкі  және  оның  азығы,  сүті,  еті,  түбіті 
қызмет атқарады. 
Зерттеу  нысаны  –  ешкі  және  оның  сүтінің  экологиялық  аймақтағы 
ерекшеліктерін ашу. 
Зерттеу  жаңалығы.  Ешкі  және  оның  сүті  Шалқар  қаласында  зерттеліп,  оң 
нәтижесін көрсетті: жаңа туған сәбиді ешкі сүтімен бағу, салқын тиген баланы ешкі 
сүтімен және ешкі етімен емдеу, түбіттің пайдасы. 
Тәжірбиелік  мәнділігі.  Зерттеу  нәтижелері  экологиялық  қиындығы  бар 
аймақта тұратын адамдар үшін пайдасы болар еді. 
Кіріспе бөлім. Қаламыздың тұрмысқа, тіршілікке қолайлы болуын сақтау үшін 
оның  суын,  ауасын,  топырағын,  жасыл  желегін  табиғи  қалпынан  өзгертпей  ұстау 
жеткіліксіз. 
Ақтөбе  облысының  Шалқар  ауданы  Арал  экологиялық  апатты  аймағына 
жатады.  Арал  теңізінің  тартылуы,  соның  салдарынан  сордан  ұшқан тұз,  лас  ауадан 
Шалқар даласы, оның тұрғындары зардап шегуде. 
Бұл  аз  болғандай,  қала  аумағындағы  Шалқар  көлі  де  бір  жылдары  тартылып, 
табаны  көрінді.  Қазіргі  кезде  көл  әбден  ластанып  болды. Сонымен  бірге  ауыз  су 
тапшылығы  облыс  аудандарының  елді  мекендерінде  кездесіп  отырады.  Ауыз  су 
құрамындағы  тұздылық,  нитраттың,  т.б.  химиялық  элементтердің  артуы  тұрғындар 
денсаулығына зиянды әсерін тигізуде. 
Аудан  өте  қуаң  шөл  және  шөлейт  белдемде  орналасқандықтан  оның  топырақ 
жамылғысының  құнары  да  төмен.  Негізінен  бозғылт  қоңыр  топырақтан 
(солтүстігінде)  сұрғылт,  құмайтты  сұр  және  сор  топырақтар  (оңтүстігінде)  басым. 
Онда астық тұқымдас шөптесін аралас жусан, бұйырғын, күйреуік, шытыр, жантақ, 
жыңғыл,  тобылғы,  сексеуіл  өседі.  Өсімдіктерден  қау,  сүттіген  кездеседі.  Ауданда 
халық  сирек  қоныстанған.  Халқының  басым  бөлігін  қазақтар  құрайды  (98,6%). 
Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 
Шалқар  көлі  –  шалқарлықтарға  Тәңір  сыйлаған  баға  жетпес  табиғи  байлық. 
Шалқар көлінің суы тұщы. 2012 жылы көршілес Ырғыз ауданындағы өзеннен сазан, 
сазан тұқымдас кішкене балық, табан балық, шортан сынды балықтың үлкен түрлері 
әкелініп  жіберілді.  Осы  балықтардың  барлығы  қазіргі  таңда  Шалқар  көлінде  өсіп 
жатыр. 
Бір  қынжылтатын  мәселе  –  халық  денсаулығының  нашарлығы.  Балалар 
арасында  темір  жетіспеушілігі,  эндокринологиялық  және  жүйке  аурулары,  ішек 
инфекциялары,  вирусты  гепатит  аурулары  көп,  ал  ересектер  арасында 
эндокринологиялық  аурулар,  қан  айналым  жүйесі  мен  несеп  жолдары  аурулары 
басым. 
Яғни  Шалқар  көлінің  ластануы  халық  денсаулығының  нашарлауына  әкеліп 
отыр  деп  нақты  айтуға  болады.  Осының  бәрі  ауаның  ластануы,  Арал  экологиялық 
апат  аймағының  жақын  болуының  әсерінен  болса  керек.  Шалқар  көлін  тазартып 
және  оның  суын,  ауасын,  топырағын,  жасыл  желегін  табиғи  қалпынан  өзгертпей 
ұстау  жеткіліксіз. Осындай  түрлі  аурулармен  алысып  жатқан  дәрігерлерге  де 
жеңілдік ретінде, мен ешкі және оның сүті ем ретінде ешкі бағуды және оның етін 
жеп сүтін ішуді ұсынар едім. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
128 
Мақтауыма сен қалайда, 
Сыясың, Шалқар. 
Талмайтын қанат талайға, 
Ұясың,  Шалқар,  –  деп  мен  өз  туған  жерімді  жақсы  көргендіктен,  осы  жерде 
халқымның  шат  күлкісін,  ешқайсысының  ауырмай  сап-сау  болып  жүргенін 
қалаймын. 
Негізгі  бөлім.  Ешкі  –  мүйіз  қуыстылар  тұқымдасына  жататын  жұп  тұяқты, 
күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі 
(безоар  ешкісі,  иір  мүйізді  ешкі),  түрі  жатады.  Ешкі  –  қолға  алғаш  үйретілген 
жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. 
Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, 
орыс  ешкілері),  жүндес  (ангор  ешкі),  түбітті  (придон,  орынбор,  башқұрт  ешкілері), 
сүтті-етті  жүндес  (қазақ-қырғыз,  өзбек,  кавказ,  бурят-моңғол  ешкілері)  тұқымдары 
бар.  Ешкі  тоғыз-он  жыл  тіршілік  етеді.  Ешкі  бір-екі,  кейде  бесеуден  лақтайды. 
Жақсылап  күтсе,  жылына  екі  рет  төлдейді.  Ешкілерді  көктемде,  жылы  аудандарда 
екінші  рет  тамыз-қыркүйек  айларында  қырқады.  Текесінен  4-6  кг,  ешкісінен  3-5 кг 
қыл  алынады.  Түбітті  ешкіден  0,2-0,5  кг, кейде  2  кг  түбіт  алынады.  Ешкі  терісінен 
сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады. 
Ешкі малы және оның басқа малдардан айырмашылығы. Сәуірде қой мен 
ешкінің жүнін қырқу науқаны басталатыны белгілі. Бірақ қазір қойдың жүні ешкімге 
керексіз  болып,  қоқыс  ретінде  далаға  тасталып  жатыр.  Керісінше,  ешкі  жүні 
таптырмайды  екен.  Тіпті  оның  бағасы  да  қымбат.  Ал  оның  еті  мен  сүтінде  емдік 
қасиет барын жиі естиміз. Сондықтан үйінде ешкі асырайтын көршімнен ешкі малы 
жөнінде айтып беруді сұрадым. 
Ешкі  сүтінің  майлық  құрам  бөліктерінің  сипаты  да  сиыр  сүтіне  қарағанда 
оңтайлы.  Мысалы,  ешкі  сүтінің  май  домалақтарының  көлемі  кішірек  келеді.  Ешкі 
мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі 
жағынан  аналардың  емшек  сүтіне  жете  бермейді.  Бірақ  ғалымдардың  дәйектері 
бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде 
сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. 
Сүттің  құрамында  кальцийдің  мөлшерінің  мол  болуы  –  жүрек-қан  тамыр 
жүйесіне оңтайлы әсер етеді. 
Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір 
сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңеді. Ешкі – көбейгіш мал. Жылына екі мезгіл, онда 
да екі-үш лақтан балалайды. 
Ешкінің сүті туберкулезге таптырмас ем. Жас сәбиге берсе, оның денсаулығын 
күшейтеді, ақыл-есінің тез жетілуіне әсері мол. Ешкі сүтін ішкен сәби тез сөйлейді 
және  уақытынан  ерте  жүреді.  Сонымен  бірге  сүттің  құрсақтағы  сәбиге  де  пайдасы 
көп.  Ал  ешкі  етін  қай  кезде  жесе  де  болады.  Негізінен  мамыр,  маусым,  шілде 
айларында оның еті өте күшті болады, ешкінің пайдасы көп екен. 
Ешкінің  еті,  терісі,  түбіті  және  жүні.  Қазақта  «Қойлы  бай  –  қоралы  бай, 
ешкілі бай – есепті бай» деген мәтел бар. Бұл халқымыздың ешкіні арнайы бір мақ-
сатпен  ұстайтынын,  өсіретінін  білдіріп  тұрғандай.  Енді  халық  ешкіні  қандай  мақ-
сатпен  ұстағанына  тоқталайық.  Біріншіден  –  сүті,  екіншіден  –  еті,  үшіншіден  – 
терісі, төртіншіден – жүні мен түбіті үшін өсіреді. 
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шарф, шұлық, қолғап, 
шәлі
 
сияқты  жеңіл  әрі  жылы  киімдерді 
тоқуға  тиімді.  Оны  ешкі  түлеген  кезде 
қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп, қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы 
арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, 
жібекпен теңдес саналған. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
129 
Ешкі  малы  ежелден-ақ  қазақ  тұрмысында  ерекше  бағаланған.  Оны  көп 
жағдайда  түлік  басын  көбейту  мақсатында  өсіреді.  Өйткені  ешкі  –  өте  өсімтал 
жануар.  Қой,  сиыр  орта  есеппен  жылына  бір  рет  төлдесе,  ешкі  –  жылына  екі  рет, 
көбінесе  егізден  лақтайды.  Қонақжай  халқымыз  ертеректе  қонағына  қой  сойғаны 
болмаса,  былайғы  кезде  шыртылдатып  бөрте  лақты  жығатын.  Ешкі  еті  қой  етіне 
қарағанда тез қататыны рас. Бірақ ол сіңімді әрі жеңіл, кенеуі де мол тағам. Себебі, 
ешкі табиғатынан шөптің шүйгінін, 550-ден аса түрін жейтін, судың тазасын ішетін 
өте талғампаз мал. 
Алғашқы қар түскенде «аяз түсіп, соғым сойғанша» деп, халық ерекше күтімде 
тұрған бес-алты жасар серкені соятын. Сол тайыншадай серкеден сере қазыдай май 
түсетінін бұрынғы қариялар жақсы біледі. Қазір осы жайлар ертегі сияқты. 
Ал серкенің терісінен иленіп, жүні сыртына қаратылып тігілетін тон, ішік – жа-
уын-шашынды күндері таптырмайтын киім. Қазіргі замандағы таулы халықтар кие-
тін  сырт  киім  –  осы.  Өйткені  ешкі  жүні  қылшықты  болғандықтан,  оған  су  сырғып 
тоқтамайды.  Жауын-шашыны  мол  Кавказ,  Балқан,  Альпі  және  басқа  таулы  жер-
лердегі халықтардың ешкі терісінен тон киетіні осындайдан. 
Ешкі терісінің қасиетін жақсы білген қазақ қыста сыртта тоңазып, суық алып, 
әбден  әлсіреген,  шалық  ұрған  адамдарды  жаңа  сойылған  қара  ешкінің  терісіне 
ораудың мәнінің зор екенін білген. Осы тәсілді қолдану арқылы ауруынан құлан таза 
айығып кеткендерді жиі кездестіруге болады. Сондай-ақ, өзіміздің күнде қолға ұстап 
жүрген домбыраның шегі де көп жағдайда ешкінің аш ішегінен жасалады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет