№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
88
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҮЗДІК
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
САГЫНДЫКОВА Балнур Бақытжановна,
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі,
Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
ҚОШАҚПАЕВА Назгүл Сүндетханқызы,
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі,
Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРҒА ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ ӨРІСІН ДАМЫТУ
Түйін. Мақала мектепалды даярлық сыныптарға ойын түрлері арқылы
оқушылардың ой өрісін дамыту мәселеcіне арналған. Автор өз жұмысында ойын
түрлері мен жолдарын қарастырған. Мектепалды даярлық сыныптарға ойын түрлері
арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту жұмыстарына қатысты педагогикалық
тәжірибесімен бөліседі.
Ойын туралы жалпы түсінік. Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын
әдісі». Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда сағаты,
төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс.
Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан
қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан
ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен
қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай
пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ойын баласын тез шаршап жалықпайтындай,
оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастыру да
мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың
кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға болады.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты
ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі
жұмыстар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің үстіндегі қолайлы деген жағдайларда
пайдаланып, балаларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
«Ойын» технологиясының мақсаты – балаларға жаңа білім-білік дағдыларын
қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Ойын арқылы оқыту технологиясы – балама варианттарды таңдап алу негізінде
қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды
қолданудың жүйесі. Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдардың пікірінше, ойын
педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады.
Ойынның педагогикалық мәдениет феномені ретінде атқаратын қызметі:
Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар
жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
89
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық
құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады.
Өйткені, ойын – әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтық.
Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді.
Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою
жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, тәжірибесінің
олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін балаға шынайы күрделі адамдық қатысым
аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан:
интеллектуалдық,
шығармашылық,
эмоционалдық
және
т.
б.
көрінуін
диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты
сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын, өзін-өзі көрсету
аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында
туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен
түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне
жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс
басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын,
қызығушылығының
ұйымдастырылған
мәдени
стратегиялық
кеңістігі.
Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы – дәл айқын қойылған
оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және
оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Педагогикалық ойындар: мақсатына қарай; ұйымдастырылу құрылымына
қарай; олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;
мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып
келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және
мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған.
Кейінгі жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады.
Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік
шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып
келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын
элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық
ойындар қызметі мен сыныптамасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз
байланысты.
Белгілі педагог ғалым Г.К. Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей
топтарға жіктейді: әрекет саласына қарай; дене; интеллектуалдық; еңбек; әлеуметтік;
психологиялық.
Педагогикалық үрдіс сипатына қарай: білімділік, тренингтік, бақылаушылық,
қорытындылау; танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; қатысымдық, диагностикалық,
кәсіптік-бағдарлық, психотехникалық; ойын әдістемесіне қарай: пәндік; сюжеттік;
рөлдік; іскерлік; иммитациялық; драмалық; пәндік саласына қарай: математикалық,
химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық; музыкалық, театрлық, әдеби;
еңбек, техникалық, өндірістік; дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы,
туристік, халықтық; қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық;
ойнау ортасына қарай: нәрселік-нәрсесіз; үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын,
жергілікті; компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ; техникалық қозғалыс құралдарымен
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
90
ойналатын ойындар болып бөлінеді.
Ең бастысы, ойынның қарым-қатынас, оқыту және өмір тәжірибесін
жинақтаудың құралы ретінде аса күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс екендігін
ұмытпаған жөн. Ойынның күрделілігі оның формаларының көптүрлілігімен, өткізу
ережесімен және оған қатысу жолдарымен анықталмақ. Ойынның әлеуметтік-мәдени
табиғатының өзі-ақ оны білім берудің басқа ешнәрсе ауыстыра алмайтын элементі
етіп көрсетеді.
Ойын барысында: мінез-құлық ережелері және келешек өмірге қажет
әлеуметтік топтардың (қоғамдық формация түрі) рөлдері меңгеріледі; олардың
мүмкіндіктері қарастырылады; біріккен ұжымдық іс-әрекет дағдылары жинақталады,
ойын мақсатына жетуге қажетті балалардың жеке ерекшеліктері қалыптасады;
мәдени дәстүрлер жинақталады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын:
ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар,
сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар
және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық
игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы
ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын еске
ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы
ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін,
қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді: балаларға өзінің
қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру; баланы басқалармен жарыса білуге
қалыптастыру; білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге
қамтамасыз ету; ойын барысында баланың жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар
көздеріне жетуі; баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім,
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін
дамытуда, әсіресе, кейінгі үш бөлімнің маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде
оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны
ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте
сақтау, ойлау, сөйлеу тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық,
музыкалық, ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.
Мектепалды сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады.
Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге
дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық, кеңестік
және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы
олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген. Ойын түрлерін сабақта
тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен
тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып
оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді.
Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту
болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
91
дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік
және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады.
Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез
келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындарды таңдауда оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық
мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйену қажет.
Яғни олар: оқушының жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі,
оқушының даму деңгейі мен психикалық жай күйі; оқып-үйренетін материалдың
сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты; нақты ойын жағдайындағы
ерекшеліктер.
Жұмысымызды сараптай келе, айтарымыз: ойын – баланың жан серігі. Ойын
сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде
бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру
оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой
дүниесінің еркін жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан
бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін
қалыптастырып, балаларды ойлау жұмысына дайындау. Ойын белгілі бір ғылымның
зерттеу пәні болғанға дейін ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі
ретінде кеңінен пайдаланылады.
Ойындар келесі әдістемелік міндеттердің орындалуына ықпал етеді: сөз қарым-
қатынасына балалардың психологиялық дайындығын құру қайталау ретінде жүргізуі
мүмкін; бір ойын сабақтың әртүрлі сатыларда пайдалануы мүмкін; ойынның
тартымдылығы мен тиімділігінің өзінде шегін сақтай білу қажет, әйтпесе олар
оқушыларды шаршатып жібереді және эмоцияға әсер ету қабілетін жояды.
Балалардың әрқайсысының жұмысқа қатысу деңгейі ашық түрде анықталады,
ортақ міндеттерді шешу кезінде қатысушылардың өзара байланысы сезіледі.
Балалардың тілге деген қызығушылығын оқытудың барлық сатыларында сақтауға
көмектеседі.
Әдебиеттер
1 Қазақ балабақшаларындағы тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту
тұжырымдамасы. – Алматы, 1991.
2 Тұрғынбаев Б.А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту. – Алматы, 2005.
3 Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы
тәрбиелеу. – Алматы: Мектеп, 2006.
4 Шайхина Ж. Ойын арқылы бала тілін дамыту // Отбасы және балабақша,
2009.
5 Баймуратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. –
2007.
6 «Отбасы және балабақша» журналы. – 2004. – №4.
7 «Отбасы және балабақша» журналы. – 2009. – №1.
Резюме
В этой статье раскрыта проблема развития мышления у детей дошкольного
возраста через игру. В своей работе авторы рассмотрели разные игры. Также авторы
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
92
делятся опытом работы по развитию мышления через игру у детей
подготовительной группе.
Summary
This article opened problem in the education of group children to develop with game.
In his job the author book over different games. Also shared his experience to develop way
of thinking over game group training to school.
ТАТТЫБЕКОВА Айгуль Усяиновна,
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі, Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы,
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
СЕЙТНИЯЗОВА Мухаббат Нуруллаевна,
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының әдіскері, Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы,
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Аңдатпа. Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін
үйретудің дәстүрлі емес әдіс-тәсілдері қараластырылған. Сурет салу әдістерін
меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балалардың бейнелеу
өнеріне қызығушылықтарын дамытады.
Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен
айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру
түрлерінің бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай
түрімен айналысса да, өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері ең алдымен
балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін
дамытады.
Кезінде ғалымдар сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен айналысатын
сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытатынын айтқан. Бейнелеу
өнері – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету –
қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Ежелгі
көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей. Себебі грек мәдениеті суретпен
дамыды және осы заманға дейін сақталған. Сурет салу іс-әрекетінде балаларда
эмоциялық көңіл-күй пайда болады.
Сурет салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін
бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті
салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып,
өз көзқарасын білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға
берумен қатар танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде
балаларда бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты
жеңе білу қабілеттері ашылады.
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалады. Сондықтан
белгілі бір біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет
сала білу маңызды рөл атқарады. Сурет салуда балалар айналадағы қызықты
құбылыстарды көре білу қажет. Бала үшін сурет салу – сезім, көңіл-күйді берудің
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
93
бірінші құралы. Педагог бала жұмысының нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі
сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет салу іс-әрекеттерінде балалардың
қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Педагогтың мақсат-міндетіне сай балалар өнер жанрларын, стильдерін (сюжет,
портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп қабылдай білуі шарт. Сурет салу
іс-әрекетінде суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған
суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер
иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу (мұражайлар, жергілікті
суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде балалардың өнерге
деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында
дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады.
Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотопия, ылғал
бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес әдіс-
тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін
дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға
қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.
Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына
дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін
төмендегідей тәжірибелік материалдар болу керек:
- Суреттер, мүсіндер, халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы;
- Классикалық саздар жинағы;
- Бейнелеу құралдарының жинағы.
Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет (живопись, скульптура
шығармалары бойынша шығармашылық әңгімелер). Балалардың Қазақстан өнері,
оның қайнар көздерімен негізін салушылар туралы білімдерін кеңейтіп, байыту
керек. Әр түрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету қажет. Осы
мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек.
Ол үшін:
- Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі
алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,
шығармашылығын жетілдіру;
- Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;
- Педагог бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатынын мойындап,
әрі қарай дамытуы керек.
Бұл әдіс-тәсілдер балаларға:
- еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- ақыл-ойын дамытады;
- шығармашылық белсенділігі артады;
- ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
- тіл байлығы жетіледі;
- жан-жақты ізденеді;
- өз ойын жеткізеді;
- балалар өзара достық қатынаста болады;
- бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді;
- өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
- менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды, топ болып жауап береді;
- баланың көзқарасы өзгереді;
- уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді;
- топтық жұмыста бос отыратын бала болмайды.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
94
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет
салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға,
композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды
пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді.
Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен
қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі,
үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан
бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос
бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады.
Балалардың қылқаламды еркін ұстап, сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге,
бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап, қаттырақ басу, сызықтың
түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл-қозғалысы мен көз мөлшерінің
үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды.
Бояу түстерін тандап, үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің
мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру
көзделеді.
Сурет салу әдістері. «Бастыру әдісі». Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет
салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу
балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет
салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға
болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан,
қарындаштың теріс бөлігі, жіп.
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру
құралдарын іздеп, тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен
қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың
алғы шарты болып табылады.
«Көкөністер бастырмасы». Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге
ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз
алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты
үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер
жасауға болады. Мысалы: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау; картоп
немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру
немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу; қағаз немесе мата бетіне ойлаған
сурет шығатындай етіп бастыру.
Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-
өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш
беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-
өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы
кеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын атап, есіне сақтайды.
«Саусақпен сурет салу әдісі». Саусақпен сурет салу – алақанмен, саусақпен,
табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың
қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе
саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ
таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен
сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы
суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
95
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан
кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін
салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп
салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы
түсірсе, өте әдемі сурет шығады.
«Далаппен сурет салу» . Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен,
көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады. Бірақ педагог өте мұқият, сақ
болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының
косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым
салынатындықтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта
түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала
тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.
«Нүктелер арқылы сурет салу» . Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)
дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы
бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер
саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің
көлемдері әр түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты
болады.
Педагог контур нүктелерді қойып, суреттің сызбасын даярлайды. Балаға
нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға,
сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық
түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
«Құммен сурет салу әдісі» . Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ,
өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
Қолдану ережесі:
- ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;
- пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз.
Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
- балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын
бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;
- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер
туындыларын ажырата білу;
- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;
- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс, сызықтар, көлем,
кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;
- сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін
игерту;
- ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен
салыстыра, ажырата білу;
- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне
деген қызығушылығын арттыру.
Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке
ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты
қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. Көбінесе үлгерімі
жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші
көмегін аса қажет етеді.
Міне, осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу үшін
бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды бойынша мониторинг
жүргізіледі.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
96
Осыған байланысты мынандай қорытындыға келдім. Оқу жылының жыл
басында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері: жоғары – 40%;
жақсы – 28%; орташа – 12%.
Оқу жылының 1-ші жарты жылдығында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі
балалар көрсеткіштері: жоғары – 55%; жақсы – 36%; орташа – 24%.
Қорыта келе , мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің
өткізілуі оқу іс-әрекетінде балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып-үйретудің
саналуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір
құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның
негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық
дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның
өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы
зор деп білеміз.
Нәтижесінде:
- Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады;
- Шығармашылығы дамиды;
- Авторлық бағытта бейнелей біледі;
- Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды;
- Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады. Сурет іс-
әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік оянады.
Достарыңызбен бөлісу: |