1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


«Масғұт» поэмасының тарихилық белгілерін көрсетіңіз



бет21/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

20. «Масғұт» поэмасының тарихилық белгілерін көрсетіңіз.
Абайдан қалған үш поэма бар. Олар : «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған.
Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне давстан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.
«Масғұт» поэмасын Абай, негізінен, осы аттас кейіпкердің іс-әрекетіне құрады. Ақылы мен парсаты мол адамның мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді. Мұны Масғұттың көзқарасынан айқын танимыз. Ұры тонап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сары жесең, дәулетің судай тасар.
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, -дейді шал. Масғұт ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды былайша сынайды: көп наданның арасындағы жалғыз ақылды адамның күйіне де, байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен қарайды.
Қызылды жесем, мені әйел сүйер,
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?
Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,
Деп едімбір пайдасы маған тиер.
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы.
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?
Тегінде адам басы сау бола ма?
Үйінде тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? –дейді Масғұт өз таңдауын түсіндіргенде. Ол әйелмен достықты қадір тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды.
Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны баяндауға құрылады. Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Уақиға мен тартыс өмірлік тартыстан емес, ақынның ақылынан, айтайын деген ой-үлгісінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэма түрінде емес, шығыс дастандары түрінде жазылуы да осыны байқатады.
Абай үйлену, ерлі-зайыпты болу ісіне немқұрайды қарауға, мал беріп алғанның бәрі жар болып, тату өмір сүре алады-мыс деген ескі түсініктерге қарсы шығады. Абай достық пен махаббатқа бөленген тең, ерлі-зайыпты өмірді мақұлдап, жүрек епке де, малға да, күшке де көнбейді, күні өткен кәрі мен уылжып тұрған жас келісті өмір сүре алмайды деп, қалыңмал салтына батыл наразылық білдіреді.
Абай өзінің шығармаларында әйелді біреуге ана, біреуге қарындас, қыз; біреудің қорғаны, ақылшысы, жанашыр қымбаты, сүйген жары деп дұрыс түсіндіреді. өзінің «Масғұт» поэмасында Абай:
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы,
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы.

Тегінде адам басы сау бола ма?


Үйінде тексерілмес дау болар ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? –дейді.
Осы поэманың бас кейіпкері Масғұттың алдына таңдау ұсынғанда дүниедегі ен байлық пен ақыл даналығын алғызбай, Абай оған әйел жұртшылығымен достықты қалауды ұсынады.
Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,
Деп едім бір пайдасы маған тиер.
Масғұт: еңбексіз малды болам деп, біреуді жеп, не қайыршы болып тіленіп нем бар Ақылым артық дана болсам, мені кім ұғар, кім сыйлар Көп ақылсыз ішінде бір ақылдының өзі-ақ ақымақ танылар деген оймен, асқан дәулет пен байлықты да, даналықты да қаламай, әйел жұртын сүюді ұйғарады. Бұл таңдау, сөз жоқ, автордың да таңдауы. Оның дүниедегі ең қымбат санайтыны – адам, оның ішінде аяулы ана, сүйген жар. Сондықтан да әйелді адам ретінде жоғары бағалауы – ақынның озат ойының жемісі. Пушкиннің орыс әдебиетінде романтикалық мектептің негізін қалағаны сияқты Абай да өз айналасына тілектес ақындар топтады. Шәкәрім (1858-1931), ақылбай (1868-1904), Мағауия (1970-1904), Әсет Найманбайұлы (1964-1923) сияқты ақындарды тәрбиелеп шығарды. Бұл жас ақындар Абай бастаған романтикалық поэма жанрын ілгері дамытты. Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа поэмалар туғызды.


21. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол - қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған. Біріншіден, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт- санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы - поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы - бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің - имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеуден артық дін бүзарлық болмас. Абай ол арасын жақсы ұғынса да, мына тұста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек. Осыдан ары Абай эстетикалық жаңа принцип жариялайды. «... Іші алтын, сырты күміс сөз жаксысын
Қазақтың келістірер қай баласы?» -дегенде, жаңа ғана осының алдында аталған исламияттік норманың барлығын оп-оңай атап өтіп, тура 1860 жылдарда Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбовтай революциялық-демократтар әдебиет үшін жариялаған эстетикалық негізге ден қояды. «Іші - алтын, сырты - күміс» демек, мазмұн мен түр мәселесіне Абайдың өз көзқарасын анықтайды. Түрден мазмұн қымбатырақ, бағалырақ дегенді анық танытады. Дәл осындай озық оймен Абай орыстың классикалық әдебиетінің ішіндегі ең биік шындығын танып, талғап алғанын көрсетеді... Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өз ақындығыныңжаңа платформасын, үлкен декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені» деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады. Сатымсақ ақынды - жағымпаз, жанын жалдаған жексұрын ақын етіп, өнер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді... Сонымен қатар өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше қүрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең- өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады... Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз етілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыдан бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымды көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлеңұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп тұсінген. Өз еңбегін сондайлық ұлы жолдағы үлкен адам мүддесі бар, ерекше еңбек деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, талдап алады.
«...Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап», -
деген толғауда үлкен мән, терең сыр бар. Халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сөз өзіне бөлек бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шындықпен аралас үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындықтың көпшілігі тудыратын әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызық сюжетті поэмаға сынмен қарайды. Оны өзі жазудан тартынады. Себебі, батырлықпен қыз, қызықты жазу, - оқушының көңілін ақын өзі баулып, бастаймын деп отырған тәрбиелік жолдан алаң етіп, аударып әкетеді. Ондай шығарманы оқушы ойланып, тәлім алатын боп оқып тыңдамай, әншейін арзан қызық, болымсыз ермек ретінде тамашалап кетеді деп біледі... Бұрын қазақ тарихында, әлеуметтік санасында болмаған жаңалықты әкелуші ақын ең әуелі өз алдындағы тарихи ескілікпен қатты шайқасады. Ескіріп, тозып, енді өмірге жарамсыз, көне боп қалған дәстүрлерден өзінің негізін аулаққа салады. Іргесін ажыратып алып, тың дүниені тарихтық жаңа жолдан іздейді. Осылайша, ақын мен ақындық туралы, олардың қоғам тірлігіндегі міндет, мүддесі туралы өзінің үлкен өріс арнасын саралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өлеңге қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді... Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды бірқатар текстологиялық өзгерістерге ұшыраған. Барлық жинақтарда 1909 жылғы басылым негізіңде 3-шумақтың 2-, 3-жолдары «Қосарлы бәйітсымал келді арасы», «Қисынмен қызықты болмаса сөз», 4-шумақтың 3-, 4- жолдары «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенше өз шамасы» , 7-шумақтың 2-жолы «Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап», 13- шумақтың 3-жолы «Мақтан қуған мал құмар нені ұға алсын» делінген. Ал Мүрсейіт қолжазбапарында бұл жолдар «Қосарлық бәйітсымал келді арасы, Қисынды қызығымен болмаса сөз», «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырған, Әркімнің келгенінше өз шамасы», «Мақтап өлең айтыпты әркімге арнап», «Жел буаз, жел өкпөлер нені ұға алсын» болып алынған. 1938, 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіттің 1910жылғы қолжазбасы мен 1909 жылғы жинақ бойынша 6-шумақтың 3-жолы «Ақындары ақылсыз, надан келіп» ретінде берілсе, Мүрсейіттің 1907жылғы қолжазбасы мен 1933жылғы басылымда «Ақындары ақылсыз, надан болып» түрінде жазылған. 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда, Мүрсейіт қолжазбаларында 8- шумақтың 4-жолы «Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап», 9-шумақтың 4-жолы 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда, Мүрсейіт қолжазбаларында «Былжырақ керінеді бәрі даңдақ», 1909 жылғы жинақта «Былжырақ көрінеді солар даңдақ», ал 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол 1933 жылғы жинаққа орай «Былжырақ көрінеді соларды аңдап» болып өзгерілген. 10-шумақтың 1-, 2-жолдары барлық басылымдарда «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап» болса, Мүрсейіт қолжазбаларында «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап» түрінде келеді. 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 11-шумақтың 3-жолы «Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін» болып алынса, 1957,1977 басылымдарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларымен 1909 жылғы жинақ бойынша «Әншейін кун еткізбек әңгімеге» деп алынған. 12- шумақтың 2-жолы 1957 жылғы басылымда «Кісімсіген жеп кетер білімсіз көп» делінсе, қалған жинақтарда, Мүрсейіт қолжазбаларында «Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп» түрінде берілген. Абайдың бұл өлеңіне А. М. Гурьевич ән-романс жазған. Туынды ағылшын, араб, башқұрт, белорус, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет