Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
28. Абайдың «Сегізінші» сөзін талдаңыз (1891ж) Абай ғылым,білім тақырыбын тереңдете түседі. Адалдық, адамдық, ақыл,ғылым, білімді бәрінен жоғары қоятын Абай: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?» деген сауал тастайды. Бұған жауапты тағы өзі береді. Абайдың «Сегізінші қарасөзінде» 4 кейіпкер бар. 1-би-болыстар, 2-бай-манаптар, 3-ұры-қарылар, 4-кедей-кепшіктер.
Ең алдымен ақыл үйрету мен насихат тыңдау елдің тұтқасын ұстап отырған би- болыстарға керек екенін, себебі олар басшы болып сайланғанда, елдің сөзін сөйлейміз деп сайланатынын айтады. Бірақ бұлар сайланып алғаннан кейін соған кеткен шығынды толтыру үшін ел мүддесін ұмытып, жеке басының қамын ойлап, қолы тимей кететіндігін жазады: «Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі - ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді» ,- дейді.
«Ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба?» деп отырғандағы «ұлық»- отаршыл орыс чиновниктері, «елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба?» дегендегі «бұзақылар» - өзінің рулас сыбайластары, «халқымызды бүлдіріп аламыз ба?» дегендегі «халқымыз» - дауыс берген жасақтары, туған-туыс, құда-жекжат, дос-жарнадары. Міне, осылармен тіл табысса, шыққан шығынның орны толады. Демек, би-болыстың екеуіне де бәрібір, бұларға билік жеке бастың қамы үшін ғана керек. Ал байларға ше? Бұған Абай былай жауап береді: «Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры - бөрі, қыс, суық - сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді» -дейді. Абайдың айтуынша, елдің қамын жеп, адалдық,адамдық, ақыл,ғылым, білім ойлауға би-болыстар сияқты байлардың да қолы тимейді. Өйткені олардың көзін шел басқан. Сондықтан да құдайды да сатып аламыз деп ойлайтын байлар байлығына мақтану үшін ғана әрекет ететіндігін көрсетеді.
« Енді ұры - залым, сұм - сұрқия өздері де тыңдамайды» -дейді Абай. Олар адалдық,адамдық, ақыл,ғылым,білім қуса, ұрлықпен айналыспас еді, сұғанақ болмас еді, өздері сұрқиялық жолды таңдағаннан кейін оларға ақыл айтудың өзі артық деген ой тастайды.
Ал «Онша - мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай - ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек» -дегенде Абай кедей-кепшіктердің де адалдық,адамдық, ақыл,ғылым, білімді «кергі жоқтай-ақ» деп қаперсіз тұрғарғандарына қынжылады. Ақынның ғылым,білім туралы философиялық тұжырымы адамның ар, ұятына тіреледі.