1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


«Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» аудармаларын талдаңыз



бет30/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

32. «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» аудармаларын талдаңыз.
Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Татьянаның Онегинге жазған хатының алғашқы шумағы. Бір ғана шумақтың аясына романдық, психологиялық реуішті қаншама динамика, өзгерім сыйып кеткен. Татьянаның ішкі образы лирика толқынында қайың қабығындай қалқиды. Түрлі еңісті-дөңесті күйге түседі. Шумақтың төрт жолы ішінде қыз төрт рет құбылады. Және күрт құбылысының бәрін – көркем шындықтың көкесіндей қабыл аласың.
Шумақтың алғашқы екі жолынан көз алдыңда бетінен моншағы үзіліп тұрған қыз бейнесі көлбейді. Ұялшақ, ұяң бұрымдыға жаның ашиды. Бірақ сол байғұсың шумақтың соңғы екі жолында кілт өзгеріп шыға келеді. Махаббаттай жеңілуді білмейтін күштен қуат алып, тәуекелге бел байлайды. Бар жүкті нәп-нәзік иығымен көтермекке ниет еткен Татьяна қайратына сенесің, шешімді мінезіне сүйсінесің.
Лирикалық тебіреніс – жас жүректің толқыны. Онегин жауабында қыз хатының әсерін солай бағалайды. Таңғажайып хаттың әдептілігін, шыншылдығын атап та өтеді. Татьяна "мен сені сүйемінді” баттитып төбеден түскендей етіп айтпайды. Сүйетінін "Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке” деп орағытып айтады. Бірақ жігіттің құлазыған көңілі бастапқыда қыздың "ием – сенсің өлгенше” деген антына мән бермейді. Абай "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да” өлеңінде "Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да” (Абай. 1 том. 143 б.) — дейтін махаббат гимнін осы Татьяна сықылды сорлы асықтарға қаратып айтқан ба дерсің. Кейін ашыналық айту кезегі өзіне тиетінінен тәкаппар Онегин қайдан білсін.
Татьяна сөзі – оның өзінің ішкі портреті. Психологиялық күрделі, шиелі қатынастардан қаланады. Махаббатына тойтарыс алған балаң, шешімді де кесімді Татьяна жылдар өте келе өзгереді. Онегинді бұрынғысындай сүйгенімен, енді от-жалынды сезім ырқына көне бермейді. Көңілін салқын саналыққа билетеді. Бұрынғы бас иіп табынған кісісін мақтамен бауыздағандай етеді. Екеуін де жапа шектірген астамшылық екенін аяса да бетіне басады.
Татьяна бейнесін қол жетпес биікке көтеретін мінез – ғашығына кінә артпай, наз арта отырып, екеуінің қосыла алмауының ақиқат себептеріне үңіле білетін қасиеті. Қоғам кінәратын түсініп жеткендігі. Онегин жұртынан қамшы жеп, бар тірліктен баз кешкен. Дүние жалғанды талақ еткен. Тоң-мұз жүрегін ғашықтық оты да бастапқыда жібіте алмаған. Өзінінің де сорлы нәсібі неде екенін түсінеді. Осы жерде Татьяна тағы бір үздік қасиетімен көзге шалынады. Ол – биік ар-инабат иесі. Жеке басының кіршіксіздігін, өзін жат қораның тақтасында жатқандай сезінсе де, қол-аяғы бекілген босағаға адалдығын бәрінен жоғары қояды.
"Евгений Онегин” романында Онегиннің Татьянаға жазған хатында және Татьянаның Онегинге жауабында екі ғашықтың жұптаспауы жеке бастарының ебеп-себебімен түсіндірілген. Жігіт жеке басымның бостан болуын аңсап едім, оным қате екен деп опынады. Татьяна бар кінәні Онегиннің өркөкіректігіне артады. Енді тағдырым шешіліп қойғанда, менің соңыма түскеніңізге жол болсын дейді. Сізді сүйемін. Бірақ бөтен кісінің жары болдым. Жар борышынан айныман, деп жігітін соститып жалғыз қалдырады.
Эпистолярлық романда екі ғашықтың қосыла алмауларының түп себебі, қайталаса артықтығы жоқ, қоғам мен адамның бір-біріне өгейлігінде. Оның арты "жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледіге” әкеп соғады. Зардабы адам байғұсқа тиеді. Оны жалғыздық тауқыметіне ұшыратады. Хакім Абайды аз толғандырмаған ғұмырнама пәлсапасы.
Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді. Оның екі тілде еркін ойлайтыны: «Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий» деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден, көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Табиға-тында эстет емес, эстетик Абай көкейіне қонатын мәнді, маңызды, күрделі шығармаларды таңдады. Және оларды менменше бейімдеп, бұрмалап, берекесіздендіріп обал жасамайды. Кейінгі кейбір эстет ақындарша ұрлыққа жуымай, түпнұсқасын дәл көрсетіп отырды. Ана тілден айна-қатесіз балама тауып, жүректің қанымен жазудың үлгісін жасады. Қазақ тіліне аударуда біздің күні бүгінге шейін Абай тәжірибесіне соқпай, оған мойын ұсынбай өте алмайтынымыз да – бұрқыраған қайнардың қасиеті бар.
Абайдың ересен білімдар інісі Халиулла орыс классикасымен – Толстойдың, Тургеневтің, Салтыков-Щедриннің, Белинскийдің, Добролюбовтың шығармаларымен Абайдан бұрын танысып, сол шығармалардан нәрлі үзінділер аударғанын қыр қазағының тұрмысына қанық орыс ғалымдары Н. Максимовтер, Г. Потаниндер, Н. Ядринцевтер растайды. Қағаз жүзінде сақталмай жоғалып кеткен ол аудармалардың сыры, сыпаты, сапасы жөнінде болжау жасауға ғана болады. Реалистік аударма түрғысынан Абайға азды-көпті ықпал жасамады ма екен деп ойлаймыз.
Осы жағынан алып қарағанда, Абайдың аударма өнерінде де жаңалық мол. Абай аудармалары шығарманың контексті мен подтекстін мейлінше терең түсінгендік-ті және соны қазақ үғымына жат етпей, мейлінше жатық етіп бере білушілікті танытады.
Абай аудармалары тілімізді байыта түсті. Жаңа үғымдар, тың теңеулер, эпитеттер, соны сөз орамдарын, сөз айшықтарын туғызды. Поэзиямызда жаңа ырғақ, жаңа әуен пайда болды. Ойлаудың бейнелі жаңа түрлері шықты.
Солай бола тұрса да, аударманың реалистік тұрғысынан алып қарағанда, Абай тәжірибесі шетінен бүгінгі күннің кәдесіне аса береді деуге тағы болмайды.
Ең алдымен, Абай тұсында қазақ поэзиясында аударма тәжірибесі жоқ еді. Сол тәжірибені Абайдың өзі жасады. Ал, тұңғыш істе қашан да қиыншылық көбірек кездеседі. Мұның үстіне, Абай аударманы өзінің ағартушылық қызметіне пайдаланып отырды. Сондықтан ол өз бағзы бір шығармаларды тым еркін аударды, арасында өз идеяларын, өз көзқарастарын қосып, соған үндеді. Содан барып ол аударманы қазақ даласының тарихи экономикалық болмысына қарай бейімдеп жіберген де реттері болды.
Көңілім менің қараңғы: бол, бол, ақын, Алтынды домбыраңмен келші жақын. Осындағы «домбыра» деген сөз Байронның аузына түсуі мүмкін емес қой. Сол сияқты:
Досың жоқ, дұшпаның жоқ тыныш
жатасың,
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың.
Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,
Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын, –
деген сөздердің де Лермонтовтың аузына түсуі қиын («Дума»). Абай бұл жерде Лермонтов ойына өз ойын жалғап отыр. Сондықтан да тым қазақыланып кеткен. Бұл өлеңді аударма деу ләзім бе, жоқ еліктеу деу ләзім бе, оны мықтап ойластырмаққа керек. Абайдың Лермонтовтан аударған атақты «Бесіктегі бөбегі» де («Ребенок в люльке») осындай өлеңдердің тобына жатады. Бұл өлеңді Лермонтов Шиллерден дәл аударған, Шиллердің бастан кешкен куғын-сүргінін меңзейтін мұңлы өлең Лермонтовтың көңіл сазына орайласа кеткен еді. Осы өлеңді Абай тіптен еркін алып кетеді.
«Қанжар», «Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап...» - М.Ю.Лермонтовтан «Кинжал» өлеңінің 1896 ж. Абай тәржімелеген ау- дармасы. Шығарма орыс ақынында 16 жол болса, қазақ ақынында 12жол. Арнау түріндегі бұлт амаша лирикалық шығармада терең сыршылдық сезім (махаббатты, майдандағы күресті еске алу), ерлікті, қайсарлықты қастерлеу, кейіпкердің әрекетін, ішкі сезімін суреттеудегі нақтылық, тартымды бейнелілік - соның бәрі бір-бірімен жақсы ұштасқан. Қанжарды кек алу үшін ашулы грузин ұста соққан болса, оны соғыс үшін қайраған - ер шеркес. Осындағы әр сипаттама қандай айқын, анық болса, қанжар маған қоштасып, айрылған жерде еркелі нәзік қолмен берілді, сонда қан сорғалар жүзіңе көз жасы сорғалап тұрды деген сипаттамалар нақтылығымен де бейнелілігімен де келісті шыққан. Абай осы сипаттамаларды да, сұлудың қайғылы қара көзінің жанарын жалын шалған қанжар жүзінің жалт-жұлт етіп құбылуымен салыстыра бейнелейтін әдемі теңеуді де:
«Қара көз қарап маған көп кадалған,
Құпия қайғы өртеніп бойын алған.
Болатша дірідцеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған»,
- деп қазақшаға ете шебер келтірген. Абайда соңғы шумақтың аудармасы жоқ. Не ол сақталмаған, немесе Абай «мен де өзгермеймін, болаттай берік боламын» деген жасырақ адамның бойына лайық сөзді өз атынан айтпай-ақ, осылай тиянақтаудыжен көрген. Аударылған 3 шумақ орысша нұсқаға жолма-жол сай келіп отырады. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымында 2-шумақтың 3-жолы «Қан сорғалар жүзі не жас сорғалап» делінсе, кейінгі жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылым негізінде бұл жол «Қан сорғалар жүзіңе жас сорғалап» деп алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет