1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абайдың «Жетінші сөзін» талдаңыз



бет25/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
26. Абайдың «Жетінші сөзін» талдаңыз
Абайдың қарасөздері мен нақылдары – ақын шығармашылығының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза, публицистика. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы. Өлеңдерін туғызған тарихи әлеуметтік жағдайлар қарасөзінің тууына да себепкер. Ол - өлеңдерінде де, қарасөздерінде де өмір шындығын, халықтың арманын, болашақ қамын көздеген жазушы. Өзі айтқандай: «Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алды, Кектеніп надан зұлымға, шиыршық атты толғанды».
Абайдың қарасөзге бет бұруы ойламаған жерден ойға алған кездейсоқ емес, керекті, заңды бетбұрыс еді. Таланттың өзін туғызатын тарихи әлеуметтік жағдай, халықтың қалың ортасының керегі болса, оның шығармашылық ізденістеріне бастау да сол.
90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қарасөзбен жазған. Оның қарасөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері де осы мақсаттан туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап түрінде, өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.
Абайдың қарасөздерінің жалпы саны – қырық бес. Олардың қайсысы болса да, сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.
Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің бірі – адамның адам болуға үйренуі, естілікке ұмтылуы, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны дамыту жайлары.
Абай Құнанбаевтың табиғат туралы өлең жолдары мен шығармалары қара сөздері қазақ даласында кең орын алған. Абай Құнанбаевтың Жетінші қара сөзіне талдау. Жас бала анадан туғанда екі түрлі болып туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, хәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр – жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай – керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенінде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.
Бұл жерде Абай жалпы адам баласы өмірге түрліше келетінін сонымен қатар адам да тән мен жан құмарының болатынын сипаттайды. Тән құмары деп отырған жалқаулық, еріншектікті сипаттайтын іспетті. Демек бұл қатардағы адамдар ішсем, жесем, ұйықтасам дейді екен. Сонымен қатар ішпесе жемесе адам қуатталмайды яғни жан мен тән егіз дегендей. Екіншісі жан құмары бұл өмірде білсем, көрсем деп көрінгенге қызушылығы. Яғни адам өмірінде жақсыны көрмек, жақсылыққа ұмтыл дегенге саяды. Адамды жаратқанда бар және жоқ дүниеге қызу соған ұмтылу бұл адамның адамдық белгісі. Дүниенің көрінген хәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдылықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жан болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп, жаратқаннасы. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене,ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Егер үйренуге білуге ұмтылмаған адам жаны адам емес хайуанмен тең қылады. Бұл деген адам өмірде адам болып қалыптасу үшін алдымен талпыныс, ізденіс керек. Хайуаннан адам артылықкшылығы осы тән емес жан құмарлығының жоғарылығы. Бірақ бұл жас сәби мен жас балалық шақта орын алатын жан құмарлығы адамның өмірге құштарлығы. Әлбетте адамды барлық заттан ірі жаратты сондада адам да қанағат кетіп, жан емес тән биледі. Барлық істеген еңбек нәтижесі құмарлана жиған қазына түбі тән құмарлығы. Бір хадисте бар екен ей пендем қарекет етсең берекет берем деп сол айтқандай еңбекке білімге ізденіске құштарлық.Абайдың бұл қара сөзінде адамның ғылымға ғылымға құштарлығының болуында насихаттайды. Яки адам баласы өсіп жетілгеннен кейін біреудің ақылына құлақ аспаймыз бұл дегеніміз не? Құлақ аспай өз білгенімізге салу бұл адамшылық қасиеттен аластау.
Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің – өзіңе, өз білгенім – өзіме», «кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Адам болып қалу адамның басты шарты яғни білімге ғылымға құштар бола отырып адам өзінің адамгершілігін сақтау бұл адамдықтың белгісі
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандылығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер - тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз. Демек адамның артықшылығы сол барлық тіршілік иесінен иманға сауаттылыққа тәрбиелеп тұр. Бұл қара сөзі арқылы Абай атамыз адам өзінің тән құмарлығын емес жан құмарлығын жоғары ұстау керек екендігі оның ішінде білдім, толдым деп емес әрине әрдайым білімге, дүниеге құштар болу керек екендігін айтады. Сонымен қатар өзін білмесең үлкеннен сұра үлкен жоқ болса кішіден сұра. Адам өзін ақылды санауда пасықтық тән құмарлығы деп отыр ғой. Және де адамдардың білмесе білем деп ақылгөйситіндерін де тілге тиек еткен.
Абай ақын тойлануда бүгін міне мереке
Елге берер ғылым білім қазынаңыз көп екен
Қара сөзі қақ жарады кеудедегі жүректі
Сөзіңізде иман, ғылым қасиеттер кең екен.
Абай ақынның жетінші қара сөзін талдай келе ақынның философиялық, психологиялық ақылы өте күрделі екенін түсіндім. Абай ол осы қара сөздерді жазу арқылы қазақ қоғамына дұрыс тәрбие беру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет