1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абайдың Крыловтан аударған «Қарға мен бүркіт» өлеңін талдаңыз



бет36/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
38. Абайдың Крыловтан аударған «Қарға мен бүркіт» өлеңін талдаңыз.
Жоғарыда көрсетілгендей, Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын шартты түрде көшірме-аударма және сарындас-аударма деп екі топқа бөлуге болады. В. Г. Белинский Крылов мысалдарын өлеңдік өрнегіне, шеберлік сипатына қарай:
а) өсиет (мораль), ақыл-кеңес айтуға,
ә) өсиет аралас ақындық шабытпен жазылған,
б) шынайы көркем туындылар деп бөлсе, Абай өсиетшіл мысалдарға көп көңіл бөлмеген.
Сол сияқты Крыловтың үшінші топтағы аса көркем туындыларына да онша бой ұрмай, көбіне екінші топтағы шығармаларын аударған. Оның басты себебі бұл мысалдардың қазақ өміріне тақырып, мазмұн жағынан неғұрлым жақынырақ тұрғандығында болса керек. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды.
 Иван Крыловтың мысалдарын Абай 1898 жылы аударған. З.Ахметов «Абай Крылов мысалдарын дәл аударып, оның құрылыс-қалпын сақтауды мақсат етпеген, сюжетін еркін баяндап, көшіре аударма емес, қазақ тілінде төлтума болып шығатын сарындас аударма беруді мақсат еткен» [21] – деген пікір білдіреді. 
Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Әншілер”, (”Музыканты”), ”Бақа мен өгіз”, ”Шегіртке мен құмырысқа”, ”Бүркіт пен қарға”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, ”Емен мен шілік”, ”Алақойлар”, ”Жарлы бай”, ”Қазаға ұрынған қарашепкен” тағы басқа мысалдарын аударды. «Бүркіт пен Қарға» мысалы:

Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
"Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға",—
Деді - дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей - ақ білінді.
---------- Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
----------Қойшылар көріп күлісіп,
Ұстап алды қарғаны..
--------Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл. «Қарға мен бүркітте» Крылов қашан да үлкен ұры құтылады, кіші ұры тұтылады деген ойды айтпақ болса, Абай бұл тұжырымды әлдеқайда кеңейтіп, салмақтандыра түседі. Алайда әңгіме ұрлық туралы емес, әркімнің әлі, күш-қуаты туралы, оның қоғамдағы орнын танытады.
«Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл», - деп тұжырымдайды ол.
Абай Крылов мысалдарын аударып, орыс мысалшысының есімін қазақ халқына таныстырып қана қойған жоқ, надандық пен зорлық-зомбылыққа, адам мінезіндегі жат қылықтарға қарсы күресте қуатты құрал ретінде пайдалана отырып, оны жетілдіре, байыта, ұштай тұсті. Көп ретте орыс мысалшысының шығармаларымен сарындас-аударма жасап, төл туынды дерлік өлеңдерді дүниеге әкелді.
40. Абайдың «Қансонарда» өлеңін талдаңыз.
Қансонарда бүркітші шығады аңға Абайдың 1882 ж. жазған өлеңі. Абайдың анық шеберленген ірі суретші және реалист ақын болғанын көреміз. Бұл өлең тұңғыш туа қалған, бірінші ғана көркем шығарма болуға мүмкін емес тәрізді. Неғылса да бірталай шығармалар жазып келіп, ақындығы шынығып, қаламы төселіп көп тудырған шығармаға ұқсайды. «Сап.сап, көңілім...» мен «Қансонарданың» арасында он-он бес жыл бойында ақынның тағы да әр жылдарда тудырған, бізге саны белгісіз бір топ өлеңдері болмауға мүмкін емес деген ойды жаңағыдай екі дәлелмен топшылаймыз. Ол жылдарда Абай ауызша айтқандарын да, жазып шығарғандарын да ұқыптап сақтамаған болу керек. Тұстас, құрбылас адамдары, жинап сақтауды ойламаған. Сонымен, Абайдың өзі үшін де, қазақ әдебиеті тарихы үшін де жоғалып кеткен әлденеше шығармалар болған дейміз. 1882 жылдағы «Қансонарда» сияқты өлеңмен бастап, нені көріп, нені сезініп, нені жыр етіп толғанса, бәрінде де әр дәрежеде реалистік шеберлікті танытады. Өлеңнің өрнегімен ізденгіш жаңалықтары соныдан соныға түсіп, үдеп, есіп отырады. Сондайлық тың арнаны өз тұсындағы және өзінен кейінгі қазақ әдебиетіне бұдан былайғы жол етемін деп«басқа шауып, төске өрлеген» жаңа заман ақынын біз ең алғаш көлемді түрде «Қансонарда» деген өлеңінен көре бастаймыз. Осы өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімін және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін сипаттағанда, Абай өзінің жаңаша қалыптанған ақындық мәдениетін танытады. Бұл реалист ақын болғанда, орыс классик. поэзиясының реалистік традицияларын өз бойына мол сіңіріп, жақсы меңгерген суретші ақын боп көрінеді. «Қансонарда» өлеңінде орыс халқының өмірінен, не орыстың классик. поэзиясынан тұп-тура ауысып келіп, араласып тұрған ешбір белгі, дерек жоқ. Бұндағы көретініміз - қазақ халқы мекен еткен жердің қысы туралы, табиғат, бүркіт салуға атқа мініп шыққан анық қазақтың аңшылар тобы, ермек үшін еңбек еткен ширақ, сергек, қажырлы әрекет үстіндегі адамдар. Көпшілік елдерде, бұл замандарда қолданбайтын бүркіт аңшылығы суреттелмек. Осы адам тобының мінездері, аңшылықтағы тәсіл-тәжірибелері, әр алуан динамикалық кесек әрекеттері толып жатқан ұсақ машық-мерзімі тұтас қазақтың өзі нетен тіршілігі болып шығады. Сейтіп барлық нақтылы фактілердің, жеке реальностардың баршасы нағыз қазақтың өзіне тән шындықтармен қалыптанудың үстіне, тұтасымен алғанда, осы өлең зор мәдениетті, ірі суретші тудырған шығарма екенін танытады. Сол өзгешеліктерін, ең алдымен, пейзаждан байқауға болады. Көз алдымызға қар басқан елсіз таудың тұрғысы, сағасы, қансонар күнгі анық болмыс күйін елестетеді. Анық қазақ сахарасындағы аңшылар ғана жүретін жым- жырт таудың елең-алаңдағы тыныштық шағын беруден бастайды. Тегінде, пейзаждың өзін суреттеуде көп ақын өздерінің стильдік өзгешелігін анық аңғартады. Шығыс ақындарының ескі дәстүрін алсақ, олар анық тауды шындық қалпында суреттемей, салыстыру үшін әр алуан тұспаларға бейімдеп керсөтетін. Тауы кейде тауға ұқсаса, кейде қиялдап, шұбарлап, әсірелеп айтқан тұманды, жұмбақты бір көріністерге ауысып кетер еді. Орыс поэзиясының, әсіресе Пушкиннен бері қарайғы классикалық реалистік стильге ауысқан үлгісін ескерсек, оның аса айқын бір өзгешелігі - әрдайым дәлшілдігі, шындыққа жақындығы оқшау тұрады. Абай да осы сияқты суреттейін деп отырған жайын және барлық куйлерін сол орыс поэзиясындағы нақтылы дәлшілдік негізге құрады. Қазақтың Абайдан бұрынғы поэзия үлгілеріне де тау анық реалистік, дәлдік болмысымен суреттелмейтін. Көбінесе «бұлғыр- бұлғыр, бұлғыр тау», «асқар-асқар тауларды» жалпылап әсірелеп айтқан, бұлдыр бейнеден ары бармайтын. Абайдың пейзажы, тауы шығыс ақындарының түманды тұспалына да соқтырмайды. Қазақ ақындары айтатын фольклорлік «заңғар тау», «қара аспан тауларға» да бармайды. Жаңаша берілген тау бейнесі кеше ғана өзінің жүріп өткен жерлердің, адыр таулардың ой-қырын, жотасы мен қорым тастарын, қия беттерін, соны қарға түскен іздерімен дәл әрі түгел көрсетеді. Екінші айқын бір жаңалық белгісі - тауды және барлық пейзажды тек сол тау үшін, пейзаж үшін ғана алмайды. Адамның іс-әрекеттерін тартыс-талабымен, неше алуан мінездері- мен араластырып, арнаулы қарым-қатынаста, шарпысу қалпында алады. Адамның да іс-әрекетін, сезімін тегіс табиғат ортасында береді. Шығарманың өзі сюжетті, оқиғалы поэма, баллада үлгісінде жазылмаса да, бар өлең бастан-аяқ динамикалық суреттерден құралады. Әрекет пен оқиға жағынан барған сайын байып, өсіп, үдеп бара жатады. Өлеңнің ішінде сәт сайын құбылған толып жатқан өзгеріс, қимылдар болғандықтан қай оқушыға болсын әсерлі, қызықты тиетін, ойға қонымды, көңілге иланышты шындық танытады. Салқын күнде, аппақ қардың үстінде бусанып тамған қызыл қан тамшысындай жанды шындық. Адамды алсақта, құр аталып қойған емес, арнаулы қимыл-әрекет үстінде көрінеді. Сонарды күткен үлкен аңшы мен қағушылар ерте аттанған. Сонардың да аңшы тілейтін сонары бар. Бұл «ұзақ сонар» емес. Қар кеше күндіз жауып, кеше тоқтаған болса, түлкінің ізі түні бойы жортқан ұзақ шиыр боп кетер еді. Ол ізбен түлкіні табу оңай емес. «Келте сонар» болса, ол да жақсы емес. Қар түні бойы жауып, таң атар алдында ғана тоқтаса, түлкінің ізі қысқа жортуылды ғана көрсетер еді. Бұндай із кез келсе, түлкі тез табылатындығы рас. Бірақ ең аз болған жерлерде оңай кезігуді күту қиял сияқты. Анық жақсы сонар қардың ел жатқанша жауып тоқтаған түнінде болады. Бұнда түлкі көбірек кездеседі. Жортуылы да ұзақ сонардай, шексіз алыс болмайды. Сөйтіп Абай сонардың ішінде аңшыға көп көздесетін шындықты алады. Аңшылықтың қызығы мол. Оның шарты да зор. Астыңда жақсы, мықты ат болу керек. Үсте ыңғайлы, ықшам киім, қасында тату жолдас- барлығы да аңшылықтың әрі шарты, әрі қызықты шындығы. Осы топтың кейбіреулері қағушы болып, сай-сағаны кезінде, біреулері тау басында томаға тартып отырады. Дәл осы сәттен бастап түлкіні алып, көңіл жайланып, «үйірімен үш тоғыз» боп қанжығаға байланып, сүйсінгеннен насыбайларын атқан шаққа шейін өмір шындығынан шалғай жатқан бір қимыл, бір қозғалыс, бір сезім жоқ. Абай осы өлеңде өзі айтатын жайларды аса жақсы біліп, оны үлкен дәлшіл шындықпен жырлайтындығын танытады. Өлеңнің композициясын алсақ, ауызша поэзияда жиі кездесетін, ілгерілі-кейінді аттап түсіп отыратын, бірі ілгері, бірі кейін орынсыз жүретін ауыспалы хал жоқ. Өлең жазушы-ақынның шығармасы.
41.Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған жаңа түрін жазғанмен, сайып келгенде, олардың барлығы да силлабикалық (буын санына қарай) құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғаты – силлабикалық. Абай өлеңінің тармақ саны мен ұйқасуына небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен, сайып келгенде, олар енді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі аллитерация емес, ұйқастыру. Зерттеушілер жалғыз қазақ емес, Кіші Азия, Кавказ, Орта Азия, Еділ бойын мекен ететін түркі халықтарының поэзиясындағы ырғақтық құрылыстың соңғы дәуірлердегі басты құралы ұйқас екендігін де көрсетеді. Абай да осы зандылықты аттап кетпейді.
Қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін Абай поэзиясында ғана кездестіргенімізбен, олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да ақынның аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгілер қосу – ұлы ақынның тіл дамуында айрықша қызмет еткен каламгердің еңбегі. Бұл жерде Абай өзіне дейінгі дамыған, халықтың эстетикалық-рухани сұранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ поэзиясы тілінің жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, қазақ өлең сөзіне орасан көп өзгеріс-жаңалықтар енгізді деп кесіп айтуға болады.
Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған жөн:
1) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық (творчестволық) контекст дегеннің Абайда айқын көрінуі;
2) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
3) айқындық пен дәлдік;
4) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
5) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;
6) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер.
Бірінші. Абайда өз қолтаңбасының (шығармашылық кон-текстің) айқын көрінуі. Абай, Пушкин сияқты, әдебиеттің, яғни өлеңнің іші «поэтикалық ойға»–«идеяға» толы болуы­на күш салды. Ойға, мазмұнға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттірді. Сондықтан да Абайда өлең мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала, көріне түсуі басым, яғни Абайдан «шығармашылық контексті» көре аламыз. Шығармашылық контекс дегеніміз – жазушының көркемдік-бейнелеуші түр-тұрпатын тікелей көрсететін тілдік фактілер жүйесі болса, бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың тілі өзіне дейінгі, өзімен тұстас қазақ көркемсөзі тілінен ерекшеленіп тұрады.
Абайдың өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік фактілерді көрсетуге болады:
1) Абай қаламына бір ұғымды (объектіні) әр алуан тұрғыдан айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да пайдалану тән. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты эпитеттерді жұмсаса, асау жүрек, асыл жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау жүрек дегендерінде жаңа белгілерді, тосын эпитеттерді келтіреді. Абай тіліндегі тың эпитеттер – бір жағынан, ауы­спалы мағынада келтірілген образды сөздер. Мысалы, сүтпен енген надандық, аума-төкпе заман, қырмызы қызыл жібек бозбала, нұрлы сөз, нұрлы ақыл дегендердегі анықтауыштар – өздері қатысты нәрселердің (надандық, сөз, ақыл) бойлары­на тән сындары емес, ауыспалы мәнде бейнеленген сөздер. Ал, екінші жағынан, Абай қолданған эпитеттердің көпшілігі заттың, нәрсенің, құбылыстың тікелей сыр-сипатын көрсететін нақты сындар болып келеді: ыңғайлы ықшам киім, күркіреп жатқан өзен, шұрқырап жатқан жылқы, түсі суық сұр бұлт, дымқыл тұман, жарық ай, желсіз түн.
Бір объектіні әр қырынан анықтау арқылы Абай сөздің метафоралық қызметін ұлғайтады, олардың тіркесу мүмкіншілігін кеңейтеді.
2) Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз заманда­стары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кер­без, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдаста­ры бар ма, «салақ, олақ» «Масақбайдың қатындары» бар ма – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір ерекшелігі – оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында пайдаланады. Мысалы, бір ғана «Болыс болдым, мінекей» де­ген өлеңінде Абай болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасау үшін далпылдап, жалпылдап, барқылдап, бартылдап, шаңқылдап, аңқылдап, тарпылдап, қарқылдап, шартылдап, тарпылдап, лепілдеп, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап, жымыңдап деген жағымсыз бейнелі етістіктерді келтіреді. Бұлардан басқа да осы өлеңде ақын бейтарап мағыналы беру сөзін емес, тығындау етістігін алса, ол – әлдеқайда бейнелі: соңғы сөзде жалпы «беру» семантикасымен бірге, толып жатқан қосымша реңктер бар. Бұл – бар малын елге құр бере салу емес, берген үстіне беру, алушының еркіне қоймай беру, әрине, қалтқысыз беру емес, «еруліге қарулы барын» есте тұтып беру т.т. Сондай-ақ «сияз бар десе» болыстың жүрегі құр лүпілдемейді (лүпілдеу сөзі қалыпты күйді білдірер еді), суыл­дайды.
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген 18 жолдық шағын бір ғана өлеңінде қолданған қорғалатып, Құдай атып, бұтып-шатып, есіріп, ісіп-кеуіп, қабарып, ырылдатып, Құдай қалжыратып сияқты бір топ етістіктің барлығының дерлік мағынасында эмоциялық бояу бар. Тегі, етістіктердің өткен шақ көсемше тұлғасы қазақ әдеби тілінде белгілі бір поэтикалық міндетті өтейтін құрал ретінде қалыптасқан деуге болады.
Абай фразеология саласында түбірлі өзгеріс жасады де­уге болады. Ол өзгеріс, біздіңше, үш түрлі сипаттағы іс-әрекеттен тұрады: бірі – перифрастикалық тіркестерді мол қолдану, екіншісі – жаңа тіркестер жасау, үшіншісі – бұрынғы тіркестерді өзгертіп қолдану.
Перифраз (немесе перифраза) дегеніміз – бір нәрсені не­месе құбылысты соның өзінің бір белгісін көрсетіп атау бол­са, бұл – қай тілде де бар әдіс. Перифраздар – қазақ поэзиясы тілінде Абайға дейін де қолданылып келген болатын, бірақ ең басты тәсіл емес еді. Ал Абайда бұл – жүйеге айналған, өнімді құралдың бірі. Абай бұрыннан қалыптасқан перифраздарды да пайдаланады. Мысалы, әлем, дүние дегенді он сегіз мың ғалам, шартарап деп атауы, қызды қызыл гүл, қалам қас, піскен алма деп ауыстырып атауы – бұрыннан келе жатқан үлгілер.
Қазақтың байырғы әдеби тілінде өмір мен өлімді перифраз­дап атау жиірек кездесетін. Өмірді Абай да сұм жалған, сұм дүние, қайран дәурен, кемді күн, бұлдыр заман деп суреттеп атаса, бүл перифраздардың көбін өзіне дейінгі әдеби тілден алды. Дегенмен Абай перифраздарының басым көпшілігін өзі жасаған. «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деп, сұлуға құмартқан арманның өзін тура атамай, оны қарсақ жортпас қара адыр деп ауыстырып атайды. Ең алғаш рет Абай тілінде көрінген таланттың аты, үміттің аты, қараңғылық пердесі, қайғы оты дегендер де – перифраздау тәсілімен туғандар. Қазақ поэзиясы тілінде перифрастық құбылыстың өте әсерлі үлгісіне Абайдың өз заманын соқтықпалы соқпақсыз жер деп атауын немесе ұлғайып қартаң тартқан шағын сұрғылт тартқан бейуақ деп бейнелеуін жатқызуға болады. Мұнда тек образдар тың емес, сонымен қатар оларды жасап тұрған сөздердің тіркесу қабілеті де соны: уақыт сияқты дерексіз ұтымды сұрғылт тартқан деген түспен қабыстыру – қазақ тілі үшін бұрын көп кездеспейтін тың амал.
Абайда затты не құбылысты перифраз амалымен бейнеле­уде орыс поэзиясының ықпалы да бар сияқты. Мысалы, өзі сүйіп, жақсы танып оқыған Пушкиндерде өмірді жолға балау (путь, стезя, тропа, долина, юдоль, пустыня, степь: «Про­сти, печальный мир, Где темная стезя, Над бездной для меня лежала)» болса, Абайдың өмірді соқтықпалы соқпақсыз жер деп бейнелеуі тегін емес. Белгілі бір сезімді сұйық затқа (сусын, у, шарап т.б.), отқа, жалынға ауыстырып атау да XVIII-ХIX ғасырлардағы орыс поэзиясы тілінде кең тараған болатын. Абайдың махаббат сезімін бейнет сусыны деп атауы немесе іштегі жалынға балауы, өкініш сезімін өткен күннің улары деуі орыс тіліндегі образдармен үндесіп жатыр. Ал жүректің көзі (саналылық), қараңғылық пердесі (надандық), үміттің оты (үміттену), көңілдің сызығы (уайым), тағдырдың сызығы (жазмыш), өмірдің шыжығы (қайғы, трагедия) сияқтылар – Абайдың өзі енгізген перифраздары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет