Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
46. Абайдың эстетикалық көзқарастарының ерекшеліктерін талдап қорытыңыз ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін, оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлең – бұл тұрғыдан ақын бағдарламасы сияқты. Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл – жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу. Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету («Іші алтын, сырты күміс» болуы), оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалай отырып, бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап.
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Бұл сын, негізінен, өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күнкөріс қамына жұмсаушылар мен «көр-жерді өлең» қылушыларға арналады. Сол арқылы ақын қазақ арасында өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін ашады. Сөйтіп, өз пожзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап,
дейді ол. Бұл шумақтың соңғы жолдары ақынның өлең сөздің мазмұнын өзгертумен байланысты, тыңдаушыларды да тәрбилеуқажеттігіне назар аударғанын байқатады. Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауға шақырады.
Батырды айтсам, ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап.
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін,
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап, -
деп, ескі ақындар жырын тыңдауға үйреніп қалған ұғымды сынап алатыны да бар.
Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайындағы ойын Абай «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» (1888) атты өлеңінде тереңдете түседі.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнынан кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай, елең-селең.
Бұл ойын ақын бала туғандағы шілдехана, қыз ұзатқандағы тойбастар өлеңдері, әр адам өлгенде айтылатын жлқтаулармен дәлелдей келіп, өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Абайдың бұл пікірі “алғашқы қоғамнан бері қарай өнер адам баласының күнкөріс қарекетімен қатар жүргізілген рухани құралы болды” деген ғылыми көзқарасқа дәл келеді.
Осы негізде ақын өз әріптестеріне жаңа талап қойып, олардың ел мұңына жақын болуын қалайды. Халық алдында өзінің де күлкі болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін тілейді.
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды сүй, қызмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан, -
дейді.
Өлеңнің ермек емес, өнер екенін ол ылғи баса айтады. Өз өнерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат етеді. Оны мына шумақтанда байқаймыз.
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін койып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан – сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.