1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абайдың қара сөздеріндегі рухани-дүниетанымдық арналары



бет49/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

2.2 Абайдың қара сөздеріндегі рухани-дүниетанымдық арналары
Қара сөздер” - адам құндылықтары мен күрделі философиялық көзқарастардың жиынтығы. 1916 жылы Орынборда “Дин уә мағишат” баспаханасында тұңғыш рет ақынның алғашқы қара сөзі мен өлеңдері жарияланған болатын. Яғни, Абай қара сөздерін кітап бетінде жариялау ісі – XX ғасырдан бастау алады [7].
Бір ғасырдан астам жарық көрген Абайдың көркемдік-философиялық шығармасы бүгінгі күнде әлі де маңызын жойған жоқ. Қара сөздер жиынтығы көлемі және мағынасы жағынан да әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Басты тақырыптары: иман, адамгершілік,өмір тәжірибелері, психология, филологиялық ойлар, ата-ана турасында және ғылым-білім. Абай қара сөздері жайында пікір қалдырмаған қазақ не шетел ғалымдары кемде-кем.
Абайтанушы, ғалым М. Мырзахметов: “Ұлы ақынның ой түбіне терең шомудан, өз заманының шындығы тудырып отырған түйінді мәселелерін сарапқа салудан туған ғақлия сөздері – Абайдың дүниетанымы мен ішкі дүниесінің сырын танып білуде мәні бар құбылыс”, -деген болатын. Ал ақынға алғаш рет публицист дәрежесінде баға берген Х.Бекқожин: “Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қара сөздері — нағыз публицистикалық шығарма”,-деген еді. Сондай-ақ Абай өз заманының реалист ақыны болды. Ол қоғамдық өмірді сынай отыра, ұлт арасындағы топтардың қарама-қайшылықтарына баға беріп отырған. Сол себептен де болар, оның көпшілік шығармалары сыни реализмге бағытталған [7].
Абай қара сөздеріндегі басты тақырып ол – адам, ал басты мақсаты – адамды тәрбиелеу.Адамзат және қоғам игілігі үшін жұмыс атқару және жан-жақты дамыған “кемелденген адам” деңгейіне ұмтылу. Ақын қара сөздер жинағында барлық дерлік ауқымды мәселелерді ақтарып айтуға тырысқан. Әрбір қара сөзін алып қарамасақ та ағартушылық, әлеуметтік ойларын , логикалық мәніне зер салынғанын көре аламыз. Жетінші, отыз бірінші қара сөздерінде : жас баланың анадан туылғандағы мінездерін, қажеттіліктері мен тән – жан құмарлықтарын ашып көрсеткен. Яғни, туа және жүре пайда болатын мінез кеселдерін нақты түсіндіре алған. Ой кеселдері деп ақын: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, бір қайғыға салыну, не бір нәрсеге құмарлық пайда болуды алған. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер деп қорытынды шығарған. Ал қырық үшінші қара сөзінде, жан мен тәннің арасындағы басты айырмашылықтарды көрсеткен. Қара сөздегі Абайдың ақыл-кеңестерін ескере келе адамның естігенін қабылдауға және ақпаратты сақтауына төмендегі төрт әдісті қарастырсақ болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет