Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
1.Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз. Абайдың өз заманымен алысып, оны жаңа жолға салғысы келгенін және тың сүрлеумен жүруге талаптанғанын дәлелдей айта келіп: «40 жастан асқан соңғы Абай бізге бір Абай емес, екі Абай болып кетеді. Біреуі —сыншы, ұстаз ақылшы, ақын, данышпан болуға айналған Абай да, екіншісі —билік әкімшіліктің жолындағы ру басы, ел меңгерушісі Абай. Абайдың өз ішінде осындай екі тарау жол шығады. Бір жүрек екіге бөлініп, жыртылып айрылады. Заманнан ақыл-сезімі артып, басы озған жалғыздық трагедиясы (қайғысы) туады. Соның қайғылы сыны сыртқа шығаратын бір жол болу керек. Абайдың сыртқы өмірі жеміссіз, ажарсыз, мағынасыз болса, соған өз ішінде толып жатқан қарсылық бар. Ойына жиналған ұлы зар, үлкен мұң, көп арман бар. Осының бәрін сыртқы көзге көрсетіп, іштегі арман мен өкінішке аз тыныс, аз ғана ем болатып нәрсе ақындық болады. Сонымен 1884-1886 жылдан бері қарай Абайдың ақындығы басталады» [364-365-беттер], — деп жасаған тұжырымы М. Әуезовтің Абайға арнаған. Бұл пікірдің арғы бастауы Ф. Энгельстің Гете, В. Н. Лениннің Л. Н. Толстой туралы айтқан данышпандық ойларынан нәр алды, ғылыми-эстетикалық, тұрғыдан Абайды тану процесін айқындай түсетін мәнді қорытынды, қазақ, әдебиеті тарихында бұрын ешкім айтпаған жаңа пікір болды.1933 жылғы ғұмырнамада айрықша айқындықпен тұжырымдалған күрделі пробле-маның бірі — реализм. Мұның шет-жағасын М. Әуезов 1923 жылы «Қазақ әдебиетінің қазіргі жайы» туралы мақаласында: «Абайдан басталған реализмнің сарыны казақ әдебиетінің осы күнге дейін жол болып келе жатыр», — деген болатын. Басқа авторлар Абай реализміне назар аударғанмен, М. Әуезовтей көп зерттеген және ғылыми дәл, өнікті пікір айтқандар аз. Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазып қалдырған төрт нұсқасы бар. Ұлы ақын он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абайдың біраз оқығандығы айтылады. Ақынды ауылында оқытқан молда туралы С.Мұқанов былай деп жазады: «Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін татар молдаға сабаққа береді. Ғабитхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ даласына келеді де, Балқаш көлінің шығыс жақ жиегін мекендеп отырған Керей руында Шүршіт атты байға көп тоқырайды. Келесі жылы Көкшетау дейтін жерде Құнанбай көршілес көп руларды шақырып, өлген әкесі Өскенбайға ас береді.Сол асқа Шүршіт Ғабитханды ала келіп: «Біздің ел дін жолына шорқақ, дінді жақсы ұстап тұрған Құнанбай, сен осының қолында қал», - дейді. Ғабитхан бұл сөзге көнген соң, Шүршіт Құнанбайға Ғабитханды қалдырып кетеді. Құнанбай Ғабитханды аулына алып келіп, қазір Ескі там аталатын жерге медресе салады. Абайды және ауылдың басқа балаларын сол медресеге сабаққа береді. Бірақ Құнанбай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып, Семейдегі медресеге жіберуіне қарағанда, Ғабитхан оншалық мол білімді адам болмау керек».Семейдегі алғашқы білім берген молдасы Ғабдұлжаппар деген татар. Артынан бұдан да шығарып, Қазанның «Маржани» медресесін бітіріп келген Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Осы медреседе үш жыл оқиды. Бұл мешіт-медресе 19 ғасырдың 50-жылдары ашылған.Әлі күнге дейін жас Абайдың үш жыл діни медреседе үш ай орысша оқуымен білім алуы аяқталып, елдің тірлігіне ерте араласқаны айтылып жүр. Осыған орай «болашағынан көп үміт күткен баласын Құнанбай неге осы оқуға берді, татар молдаларынан басқа білім орындары болмады ма?» деген сұрақтың жауабын іздеу қажеттігі бар.Абай өмір сүрген кезеңді еске алсақ, бұл көшпенділер өркениетінің тынысы тарылып, қазақ жеріндегі хан билігі құлап, ақ патша отарының салтанат құрған шағы болатын. Болашақ ақынның әкесі Құнанбайдың атағы дәуірлеп тұрған шағында орта жүзге отаршыл елдің азуы батып, ел билеудің аға сұлтандық жүйесі енген еді. Абай ержетіп әкесінің қолқанатына айналғанда 1868 жылғы Сібір қазақтарын билеудің жаңа жүйесі «Жаңа низам» енгізіліп, бодандық ноқтасы тарыла түсті. Осылайша ақын өмір сүрген орта «орыстанып», кейін қазақ даласының дәстүрлі рухани өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырады.
Абайдың жасынан зерек, ұғымтал болып өскенінің бір дәлелін Әрхам Кәкітайұлы естелігінде былай өрбітеді: «Өздерінің мөлшерлері дәрісін оқып шығып қолы босаған уақыттарында халфелік білім алуға жақындап қалған ірі шәкірттердің бір ермегі шығар, бәйіт айту, Мұхамедие, Зарқұм, Суффаттл ғазиз деген жырлы, күйлі кітаптарды әндетіп қосылып оқу, думан-сауық құрып, көңіл көтеру әдеті екен. Туысында ақындық таланты бар Абай мына ұйқасымды, мұңды, күңіренген үнді қатты тамашалап, бар ынтасын қойып тез үйренді. Соларға қосылып өзі де бәйіт, шығыр (шағири) айтатын болады».
Жасынан артық туған жас Абайдың дана Абай болып қалыптасуына осы мектептің тәрбиесі болғанын ескеруіміз қажет. Бұл арқылы кеңес заманында жарқырап шыққан тұлғаларымыздың «ауыл молдасынан білім алған» деп желдіртіп шыққан жолдардың астарында жүйелі діни білім болғанын түсінуіміз қажет. Хакім Абайды адамзаттық ақыл-ойдың биік шыңына алып шыққан баспалдақ осы мектепте Ғабитхан молданың мектебінен бастап қаланғаны сөзсіз. Семейдегі орысша білім алған «городская приходская» школасы сол биікке бастаған баспалдақтың бірі ғана болса да маңызды сатысы. Ақын кейінірек жазған: