1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абай шығармаларына А.С. Пушкин поэзиясының ықпал етуін көрсетіңіз



бет9/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

8. Абай шығармаларына А.С. Пушкин поэзиясының ықпал етуін көрсетіңіз.
Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
Абай – А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық ақын.
М.Әуезов: «Дана ақын шығармашылығы мынадай үш алыптан сусындайды. Бұның алғашқысы – ежелгі қазақ әдебиеті. Екінші бұлақ – Шығыс сөз зергерлерінің тап-тырмас туындылары. Үшінші қазық – бұл орыс әдебиеті, ал оның арғы жағында көл-көсір батысеуропалық мәдениет жатыр…».
Екі алып ақынның ішкі сезім үндестігі мен шығармашылық байланысы кісі таңғаларлық. Мұны Мұхтар Әуезов өзінің өмірінің соңына таман жазған «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты мақаласында былайша кестелейді: «Абайдың Пушкинге көзқарасында бүтіндей бір өзгешелік бар», - деп аса байқағыштық танытады. «Евгений Онегин» үзінділері аудармадан гөрі, Пушкин романын шабыттана әңгімелеуге ұқсайды. Бұл ретте Абай шығыс поэзиясында ертеден қалыптасқан нәзира үлгісін қолданып, өзінен бұрынғы ақындардың тақырыбы мен сюжетін жаңаша баяндайды... Ұлы мұраны еркін ақындық баяндаудың осы мәнерін Абай «Евгений Онегинге» де қолданған. Татьяна мен Онегин образдарының биік поэтикалығына, шынайылығына ғажап қалған Абай олардың тарихын баяндайды, олардың ұлы қастерлі сүйіспеншілігінің бағалылығын баса көрсетеді және оны қазақ жастарының ұғымына жақындатады. Абай версиясында «Евгений Онегин» эпостолярлық роман түріне ие болған», (Абай Құнанбаев, Екі томдық шығармалар жинағы, екінші том, Алматы, «Жазушы», 1986, 185-бет).
«Пушкинді Абай басқа орыс классиктерінен гөрі сиректеу аударған. Солай бола тұрса да, оның орыс ақынымен байланысы өз творчествосында әрі терең, әрі айқын көрінеді. Оның лирикалық ойға шомуларында, табиғат суретін реалистікпен беруінде, махаббат иесі әйелдің жүрегін терең түсінуінде, әлеуметтік сарындардың адамгершілік үнінде Пушкиннің көптеген сипат белгілері бар».
Кемел ақынның Пушкинмен жақын танысқан 1887-1888 жылдардағы көңіл күйі мен толғаныс, тебіренісі осындай еді. Сол кезекте қасында болған Тұрағүл естелігі ақын жанының кейбір қалтарыстарын тап басып тануға, байқамаған нәрсені біле, көре түсуге септігі мол.
Пушкин жазған Кавказ, Қырым, Сыған, Испан сияқты жұрттың әңгіме, саналарын Абай өзі көп жаза қоймаса да, өзінің шәкірті болған ақын жастарға неше алуан әңгімелерді айта отырып, өлең еткізіп халыққа жаяды. «Дағыстан», «Зұлыс», «Шамиль», «Медғат-Қасым» сияқтылар сол Абай іздеп тапқан масштабтың, қазақ әдебиетіндегі жаңа мәдениетті өрістің белгілері еді. Өзінің ақын болып қалыптасуын Абай әлемдік деңгейде бағаланған А.С. Пушкинмен байланыстырады. Орыс ақыны А. С. Пушкинге жақындауы, екі алыптың іштей ұғынысуы, бірін-бірі тамыршыдай тап басып танып алуында үлкен сыр жатыр. А.С. Пушкин «Я вас любил» өлеңін махаббат тақырыбына арнады. Сүйгеніне жете алмауын, жауапсыз махаббатын былай суреттейді: Я вас любил: любовь, еще, быть может,
В душе моей угасла не совсем;
Но пусть она вас больше не тревожит,
Я не хочу печалить вас ничем.
десе, Абай: Сүйсіне алмадым, сүймедім,
Сүйегім жасып, сор қалың.
Сүйісіп саған тимедім,
Бола алмадым сенің жарың,
— дей келе сүйгенінің жары болмағанына өкінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет