Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
3. «Байлар жүр баққан малын қорғалатып» өлеңінің мәнін көрсетіңіз «Байлар жүр жиған малын қорғалатып...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі 18 жол. Өлеңде ақын мал қадірін білген байларға іш тартып, аяныш сезім білдірген. Елдегі қу, сұм, пысықтар байға тыныштық бермейді, жаудай талайды. «Бұл жұртты құдай атты», бай жүз малының онын берсе, оны мүсәт тұтпай қалған тоқсанын да алғысы келеді. Бай байғұс бермесе, қу, сұмдар бұтып-шатып арыз жазып жоғарыға шабады, қайтып келіп, «құртатын болдым» деп күш көрсетеді. Бай малын қорғаласа, «қорықты» деп қыжыңдай түседі. Енді жоғарыға бай шабады дейді. Ақын ойын «күшті жықпақ, бай жеңбек» деп түйіндейді. «Бай жақсы батырдан да, биліктен де, бай бұзар қалың топты киліккенде» деген пікірді тірілтіп қуаттайды, бай табының болашағынан үміт үзбейді: «Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» деп, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген ақыл-өсиетті ескеріп жүргендерді байлардың балағына жармасар итке теңейді. Шығарма қазақтың 11 буынды қара өлеңі үлгісімен жазылған. Алғашқы 8 жолы дәстүрлі қара өлең ұйқасымен, соңғы 10 жол аралас ұйқаспен өрнектелген. Түңғыш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең негізгі жинақтарының бәрінде басылған. Мүрсейіт қолжазбаларының 6-жолындағы «бір қағаз» тіркесі 1909 жылғы жинаққа сәйкес «бір арыз» деп өзгертілген. Өлең орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған[
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онан беріп, алар сатып,
Онан алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.
Әрі-бері айналса аты арықтап,
Шығынға белшесінен әбден батып.
Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да аңдытып.
Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер сілесі әбден қатып.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.