1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз



бет17/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

керегесін кескілептері Махамбет тәрізді күшті ақындарда қайталап келулерінің бір себебі Абайға
дейінгі қазақ көркем әдеби тілінің осы көрсетілген принципінен туған заңдылық деп ойлаймыз.
Сондай-ақ Дулат сияқты ақындық құдіреті ерекше биік қаламгер творчествосындағы әлденеше ондаған тармақтардың шартты бағыныңқылы компонентпен құрылуы немесе тұтас 
үлкен бір толғауы анаған тең, мынаған тең деген формада құрылуы – жалғастылық принципінің жемісі, өйткені осы тәсіл алдындағыларда да болған. Біз бұл жерде тақырып, идея жалғастылығын айтып отырған жоқпыз, тілдік, көркемдік тәсіл-тұлғалардың жалғастылығын сөз етіп отырмыз.М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбановтар көрсеткен Абайға дейінгі қазақ поэзиясындағы осал белгілердің бірі – артық сөзділік (көп сөзділік) те, біздіңше, осы жалғастылық прин- 
ципіне байланысты тәрізді.Жалғастылық принципінің әдеби тәсілдерді шындай түсуде, 
әдеби нормаларды тұрақтандыруда үлкен рөл атқаратыны және мәлім.


16. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбындағы шығармаларын көрсетіңіз
Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихында шығармашылығының өзегіне білім мен ғылымды арқау еткен Абайдай ақын болған емес. Ол білім мен ғылымды барлық жайдан жоғары қойды. Неге? Себебі, Алланың өзі де рас, сөзі де рас, -деген хәкім Абай: "Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хакиқат, оған ғашықтық өзі де хақылық һәм адамдық дүр", - дейді өзінің отыз сегізінші қара сөзінде [1, 186].
Егер ғылым Алланың бір сипаты болса, сонда ғылым деген не?
Ұлтымыздың бас кітабы Ұлттық Энциклопедия: "Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі", - дей келіп: "Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысымен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру",-деп жазады [3, 115].
Абай ғылымды Алланың ғылымы және адамның ғылымы деп екіге бөле отырып: "Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмарлық болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады ",-дейді [1, 186]. Энциклопедия ғылымды болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру, жүйелеу десе, Абай ғылымды әр нәрсенің түбін, хикметін, яғни себебін білмек, - деп түсіндіреді. Ғылымға анықтама беріп түсіндіруде Абай Ұлттық Энциклопедиядан алшақ кетпеген.
Барлық жайдан ғылымды жоғары қойған Абай, ғылымның түрлеріне кеңінен тоқталып, оларды жан-жақты жүйелемесе де, 32-қара сөзінде білім-ғылым үйренгісі келетін талапкерлерге өзінің ақыл-кеңесін береді. Оқып отырып, 32-қара сөзді жазған адамның ғылыммен кәсіби түрде айналысқанына титтей де күмәніңіз қалмайды.
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек, - деп басталатын [1,174] Абайдың 32-қара сөзін қарапайым тілде қысқаша жүйелесек, Абай былай дейді:
Бірінші. Ғылымды әйтеуір бір керек болып қалар деген есеппен үйренбе. Ол үшін ғылымға шын махаббатпен құмар болып, білуді анық мақсат етіп, білмеген нәрсеңді білгеннен көңілің рахат алып, енді тағы да біле түссем екен деген ойдан ғылымға деген сүйіспеншілік-махаббатың жоғарылай түседі. Сонда ғана әрбір естіген, көргеніңді анық ұғып, оны өз суретімен ішке жайғастырасың. Көңілің өзге нәрседе болып, ғылымды оған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңілдің мейірімі шала болады. Шала мейір шала байқайды.
Екінші. Ғылымды ақиқат мақсатпен, білмек үшін үйрену керек. Бахастық яғни бақталастық үшін үйренбе. Азырақ бахастық өзіңді өзің пысықтау үшін керек те шығар. Көбірек бахастық, бақталастық адамды бұзады. Себебі, бақталас адам – ақиқат үшін бақталас болмайды. Жеңбек үшін бақталас болады. Ондай бақталастық күншілдікті зорайтып, адамгершілікті азайтады. Ондайлар ғылымды мақсат етпейді. Бақталастық яки Абай тілімен айтқанда бахастық ғылым жолындағы адамдарға жат емес. Бірақ оған берілу адамды өзімшіл, менмен етіп, мақтаншаққа айналдырады. Ондай адамдар өсектен де, өтіріктен де, ұрыс-төбелестен де бойын аулақ ұстамайды.
Үшінші. Ақиқатыңмен, бар болмысыңмен көзің жетсе, одан еш уақытта бас тартпа, өлсең айрылма. Өзің көзің жетпеген нәрсеге өзгенің көзін қалай жеткізбексің?
Төртінші. Білім-ғылымды көбейту үшін адам бойында ойласып, пікір алысатын, екінші, ол пікірді сақтап қорғайтын екі түрлі қуатты қасиет болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші. Ақылға кесел нәрселерден сақ болған жөн. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар.
Көкірегі байлаулы берік болу керек.
Сол нәрсені естігенде я көргенде бірдемеге үлгі етіп, ұқсатып, бар ынтамен ұғу керек.
Бірнеше рет қайталап, көңілге бекіту керек.
Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Ол кеселді нәрселер: салғырттық, уайымсыздық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, болмаса бір нәрсеге құмарлану, бұл төрт нәрсе ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер. (31-қара сөз) [1,173-174]
Адам бойындағы кеселді нәрселердің ең жағымсызы, Абайдың пікірінше, ол – уайымсыз-салғырттық.
Салғырттық – құдайдың да, елдің де, үлгінің де, ақылдың да, ардың да қас дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды, - дейді ғұлама Абай.
Алтыншы. Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыт бар. Сол мінез бұзылмасын. Ол үшін көрсеқызарлық пен біреудің орынсыз мінезіне, я сөзіне немесе кез-келген қызыққа еріп кеткіш мінездің тұрлаусыздығынан аулақ болған жөн. Олай болмаған жағдайда мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Мінезде арды, ақылды сақтарлық қайраты бар болсын. Бұл ақыл үшін, ар үшін болсын, - деп аяқтайды хәкім Абай өзінің 32-қара сөзін.
Меніңше, ғылым жолына түскен әрбір жас Абайдың дәл осы 32-қара сөзін терең түсініп, біліп қана қоймай, оны өмірлік ұстаным-кононына айналдыруға тиіс деп ойлаймын.
Абай ғылым үйренуші талапкерлер үшін моральдық-философия тұрғысындағы адамгершілік пен биік рухани қарым-қатынас, этика мәселесін басты орынға шығарған.
"Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды", - деген Абай (10-қара сөз) [1,144-145] білім мен ғылымды жан-тәнімен, жанталас қимыл үстіндегі ой арпалысымен насихаттады. Неге? Себебі, ендігі заман білім мен ғылым заманы екенін, білім-ғылым кімнің қолында болса, бақ та, береке де, билік те соның қолында болатынын Абай басқалардан тез болжады, терең түсінді. Сондықтан да ол білім мен ғылымды бар болмысымен, жан-тәнімен насихаттады һәм оны бар жайдан биік қойды.
Осы орайда абайтанудың негізін салушы, ұлы ғалым М.О. Әуезовтің 1927-31 жылдары жазған Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянында жазып қалдырған Абай өмірінің бір дерегі есімізге түсіп отыр.
Құнанбай Абайға үш түрлі сын айтады. Біріншісі, жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың, екінші, көрінгенмен жақын боласың, кісі талғамайсың, үшінші орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың дейді. Абай Құнанбай тарапынан өзіне айтылған осы үш сынның үшеуіне де ұтымды жауап қайтара келе, орысшылсың дегенге: "Заман орыстыкі, ол – жеңген, біз – жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпаныңның айласы мен әдісін білмесең, алысқа шығудан мағына жоқ. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі алуға керек", - депті. [2,123] Абайдың бұл сөзінен болашақ ұлы ақынның халықты өнер-білімге, ағартушылыққа шақырған ойларының" түп темірқазығын" аңғарамыз.
Иә, орыс бізді жеңсе қуатты мемлекеттілігі мен от қаруы арқылы, сол от қаруды жасап шығарған өнері мен білімі, ғылымы арқылы жеңді. Жеңген жаудың тәсілі болған өнер-ғылымын үйреніп, солардың өзіне қарсы қолдану, бұл – жеңілген елдің басқыншы жауға қолданар жалғыз әдісі. Абай бұл жерде дүниежүзіндегі отарланған елдің, отаршыл жауларына қолданар жалғыз тәсіліне жүгініп отыр. Абай сол дәуірдің гео-саяси жағдайын да, орыс империясының отаршыл саясатын да терең түсінді. Түсінбесе:
Өздеріңді түзелер дей алмаймын
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың,-деп айтар ма еді?!
Білімді ел ешкімге де құл болмайды. Осы қағиданы терең түсінген Абай, халқының ұлттық санасын көтере отырып, қабырғалы дамыған елдердің қатарына қосу мақсатында, өз шығармашылығындағы басты орынды білім мен ғылымға берді. Халқына өсиет айтып, үлгі-өнеге таратқан Абай, ғылым жайын сөз еткенде де құрғақ дидактикаға барған жоқ. Жалпы, Абай шығармашылығында үйрету, ақыл айту (зерцало) бір сөзбен айтқанда дидактика аз, тіптен жоққа тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет