1. Абай өлеңдері мен қарасөздерінң тақырыптық ерекшелігі, жалпы мазмұны Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған »


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұтылғанның өмірі» поэмасының



бет3/8
Дата07.11.2022
өлшемі43,18 Kb.
#48158
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 межелік бақылау бойынша жауаптар

3.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұтылғанның өмірі» поэмасының
мазмұны
Шәкәрім жайлы білгің келсе, оның өмірлік қағидаларын, жалпы өз өмірі жайында мағлұмат беретін шығармасы – «Мұтылғанның өмірі» Бұл еңбегі өзі жайлы, өз көзқарастары, дүниеге тіршілікке деген танымын айшықтайтын туынды. Тіптен Өмірдастан деуге болады. «Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарьш-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына осы шығармада налиды.
Шәкәрім өзіне-өзі “Мұтылған” (ұмы¬тыл¬ған.) деп ат қойған. Мәселенің байыбына бар¬сақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым: “Мұтылған”.

Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан.. Ақынды ұмыттыру үшін Кеңес өкіметінің жандай¬шаптары оны алдымен атып өлтірді. Тіптен зираты ұмыт болды. Шәкәрімнің атын атауға ресми тұрғыда тыйым салынды. Ақынның еңбектері архивтерде, жеке адамдар қорында тығулы жатты, ұрпақтар әдебиет сабағында Шәкәрімді ауыздарына алып көрген жоқ. Өйткені оқулықта тым құрыса бір жол Шәкәрім туралы хабар болмады. Әрине, осындай жағдайда, оның мұтылған екені шындыққа айналды.


Дүниеде ұмытылатын кім, ол әке-шешесі, туғаны, жанашыры жоқ жетім. Ел елдігінен, бас еркінен айырылып, ұлт өзін-өзі танудан қалғанда, ақын мұтылады, сөйтіп, әдеттегідей ұмытылған ақын ғана емес, жетім қалған халықтың өзі де мұтылмақ. Халық өзін-өзі тануға қолы жет¬кенде мұтылғанын жаңғыртып, жетім¬дік құрсауынан шығады. Ол да руханият тарихындағы заңдылық. Шәкәрімнің есімі қазақ халқы тәуелсіздікке беттеген кезде жаңғыруы соның айғағы.
Шығармада “Жетім бала иесіз, өзі кесер кіндігін” демекші, Шәкәрім өзін жұртта қалған жалғыздай сезінеді. Оның сүйенері жоқ, жақтасы жоқ. Айнала дүрбелең, бітпей кеткен бір қарбалас болмыс. Қазақ даласына біресе ақтар, біресе қызылдар өктемдік жүргізеді. Екеуінен де елге тыныштық жоқ. “Шын әділет жемісін көре алмайды біздің көз” — дейді ақын. Бірақ оны ұғып жатқан жан шамалы. Бұл аласапыран кезде білгіштердің толып кетуі де заңды. Бәрі халыққа ақыл айтып, өмір сүруге үйретіп, әуре болуда. Олардың айтып жүргендерін Шәкәрімнің ұшқыр санасы қабылдамайды. Теориясымақтардың теріс, улы, зиянды екеніне зердесімен жеткен ақын: Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жидағы оқы жырымды, –
деуі тегін емес. Қырық жастан асқан ақын дүние болмысына өзгеше қарай бастаған. Көрген-түйгені, оқығаны-естігені, бәрі-бәрі әлемді түсіндіруге дәлел болмай, керісінше философиялық сұрақтарға негіз болды.
Қырықтан аса бергенде,
Ақылым қылды шерменде:
“Дінім қалай, жаным не,
Жоғалам ба өлгенде?
Әлемді кім жаратқан,
Осынша түрлеп, таратқан?
Көрінген сансыз планет,
Бірінен-бірін бөлген бе?
Ақырет деген немене,
Шыққан жан қайта келе ме,
Кіре ме осы денеге,
Дәлелі қайсы сенгенде?..”
Осы оймен Мекке барғамын,
Әр түрлі кітап алғанмын.
Бұл өмірдің мәні туралы экзистенциалистік ой-толғаныстар. Шәкәрім өмір философиясы хақында тек өлең жазумен шектелмей, сана¬сын¬дағы сансыз сұрақтарға жауап іздеп, Меккеге барып қайтқан. Ол бұл сапарын тек қа¬жылыққа ғана бағыштамаған, өзіне-өзі қойған сұрақтарына жауап іздеген. Шәкәрімнің иман туралы ой-толғамы да назар аударарлық. Ақын “сау ақыл менің иманым, аламын соған сыйғанын” — деп ашық айтқан. Демек, оның сенері — имандылық. Оған жетудің жолы ақыл. Иманға нандыратын — ақыл. Әрине, имандылыққа тек ақыл арқылы жету деген мәселе талас тудырары сөзсіз. Бірақ мәселе онда емес, сөз ақынның иман туралы өзіндік концепциясында.
Шәкәрім иманды жалпы халыққа ортақ мә¬нінде емес, әрбір адамның жеке басына қатыс¬ты іс ретінде түсінген. Бұл орайда біз Шәкәрім дүниетанымының ерекше қыры туралы сөз етеміз. Ол иманды жеке адамның қабылдауына қатысты мәселе деп түсінген. Яғни иман, яки имандылық деген дүниетаным деген сөз. Адам¬ның өз иманын тануы — онын дүниетанымы¬ның қалыптасуы деген сөз. Көп адамда дүние¬таным емес, дүниеге көзқарасы ғана болады.
“Сау ақыл менің иманым” — дейтін Шәкә¬рім¬нің ақыл мен болмысты тануға мүмкіндік алдым дегені деп түсінуге болады. Иман — бол¬мысты танудың мүмкіндігі. Шәкәрім сау ақыл арқылы сол рухымен тану мүмкіндігіне, яғни иманға жетіп отыр. Шәкәрім айтуында иман — гносеологиялық, яғни танымдық категория.
Мұтылған деген сөздердің астарында ұмы¬тылмайтын мән жатыр. Ұмытылатыны немесе ұмытылмайтыны қайсы. Әркім өзі ойлануы керек. Өз-өзінен жапырақтың сарғайып, жерге кеуіп түскеніндей, құмды жерге нөсердің із-түссіз сіңіп кеткеніндей болмыста ұмыт болып жататын жайлар аз ба?! Оған кім пәлендей мән берген? Немесе Адам атадан тараған сансыз ұрпақтың қайсыбірінің есімі жұрт есінде қалды? Оның ұмыт болғандары да орынды. Есте қалатын адам есімі емес, оның ұзақ кешкен ғұмыры емес, Абай айтқандай, артына өлмейтұғын сөз қалдыруы. Бірақ сол сөз қалдырғандар да ұмыт болады екен. Осындай жайлар, негізінде, ұмыт болу деген тарихтан, халық санасынан мүлдем жойылу емес. Ел өзінің есін жиған кезінде ұрпағы есіне алатынына сенім білдіру. Сол үшін Шәкәрім өз ғұмырын тиянақты түрде өлең етіп жазып қалдырған. Бұл ес жинағанда елі ұмыт болғандарды есіне түсірсін деген ниет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет