4.АЛЛЕРГИЯЭТИОЛОГИЯСЫ ПАТОГЕНЕЗ Аллергия дегеніміз организімнің өз тінің бүліністерімен сипатталатын , аллергия туындататын заттарға оның өзгерген, бұрмаланған түрде иммундық жауап қайтаруы. Антигендер-бұл организмге генетикалық жіті ақпараттың белгілері бар және белгілі бір иммунологиялық реакциялар тудыратын заттар. Антиденелер- антигендік ынталандыру нәтижесінде түзілген белоктар (иммуноглобулиндер) Оларды в-Лимфоциттері мен плазмалық жасушалар өндіреді . Олардың 5 класы бар муноглобулиндер (IG): JgA, JgG, JgD, JgM, JgE. Аллергендер толық антигендер . Гаптендер (толық емес антигендер) – дене тіндерінің ақуыздарымен қосылғаннан кейін ғана антиденелердің түзілуін тудыруы мүмкін молекулалық салмағы төмен заттар
Аллергендердің жіктелуі (А.Д. Адо бойынша):
Экзоаллергендер: тұрмыстық, тағамдық, дәрі-дәрмектік, жануар тектес, өсімдік тектес, өндірістік, микробтар, саңырауқұлақтар
Эндоаллергендер: біріншілік (табиғи), екіншілік (жүре пайда болған) Табиғи аллергендерге адамның өзінің қалыпты тіндері(жүике тіні , қалқанша без ,) жатады .
Аллергияның туындауына септесетін жағдайлар: әлеуметтік жайттар, организмнің ерекшелігі
Аллергиялық серпілістердің жіктелуі:
Аллерген қайталап түскеннен соң серпілістердің пайда болу уақытына қарай (Р.Кук).