Өнер философиясы.
Семинарлық сабақ тақырыбы:
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері.
Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
Қазақ философиясындағы эстетикалық бастамалар. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде.
СОӨЖ тапсырмасы:
Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).
XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер).
Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен.
Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары.
Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.
Төмендегі кестені толтыру:
Кезеңдер
|
Өнердің дамуы
|
Антикалық кезең
|
|
Ортағасырлық кезең
|
|
Қайта өрлеу
|
|
Жаңа заман
|
|
ХІХ-ХХ ғғ.
|
|
Тест сұрақтары:
Ортағасырлық философиялық ілім:
A)Реализм және номинализм
B) Позитивизм
C)Прагматизм
D)Иррационализм
E)Экзистенциализм
Табиғи жол, әлем құрылымының заңы, барлық болмыстың негізін білдіретін Қытай философиясының ұғымы:
A)Дао
B)Мо
C)Ли
D)Мэнь
E)Жэнь
Ежелгі Үнді философиясындағы материалистік бағыт:
A)Локаята (Чарвака)
B)Санкхья
C)Буддизм
D)Брахманизм
B)Джайнизм
Милет мектебінің өкілі:
A)Фалес
B)Демокрит
C)Платон
D)Эпикур
E)Гераклит
Декарттың философиялық ұстанымы қай бағытқа жатады:
A)Дуализм
B)Монизм
C)Пантеизм
D)Сенсуализм
E)Суфизм
«Философия таңғалудан басталады» деген ойшыл: C)Аристотель
A)Сократ
B)Платон
C)Декарт
D)Пифагор
E)Еврипид
Грек ақыны және жазушысы, Көне грек философиясының бастауы болған «Теогония» поэмасының авторы:
A)Гесиод
B)Гомер
C)Еврипид
D)Софокл
E)Аристофан
«Софист» сөзі көне грек тілінен аударғанда нені білдіреді:
A)данышпан
B)жауынгер
C)судья
D)адам
E)ойшыл
«Адам барлық заттардың өлшемі: бар заттардың барлығының өлшемі, жоқ заттардың жоқтығының өлшемі» деген:
A)Протагор
B)Пифагор
C)Демокрит
D)Сократ
E)Фалес
Әуелі софистердің шәкірті болып, кейін олардың қарсыласына айналған
A)Сократ
B)Пифагор
C)Гераклит
D)Протагор
E)Диоген
Пифагор мектебі қалай аталды:
A)Пифагор одағы
B)Пифагор мектебі
C)Академия
D)Какикей
E)Пифагора
Платонның идеялар иерархиясының ең жоғарғы идеясы:
A)ізгілік
B)әділеттілік
C)мейірімділік
D)ақиқат
E)сұлулық
Ақиқатты танудың маңызды тәсілі «анамнезис» (еске түсіру) деген түсінік кімнің таным концепциясына тән болды:
A)Платонның
B)Демокриттің
C)Гераклиттің
D)Протагордың
E)Анаксагордың
Аристотельдің адамға берген анықтамасы:
A)адам - қоғамдық мақұлық
B)адам - құдай жаратқан тіршілік иесі
C)адам - әлемді жаратушы
D)адам - табиғатты билеуші
E) адам - жанға ие мақұлық
Достарыңызбен бөлісу: |