1 Қабір өмірі Жан алынғаннан кейін рухтың көкке көтерілуі


елшісі  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  күн



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата27.01.2017
өлшемі420,18 Kb.
#2848
1   2   3

елшісі  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  күн 

батқаннан  кейін  (тысқа)  шықты.  (Кенет)  дауыс  естіді.  Сонда 

(сахабалар): «Не естідің, ей, Аллаһ елшісі?» - деп (сұрады). (Аллаһ 

елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)): «Яһудилер 

қабірлерінде азапталып жатыр», - деп айтты»

, - деген (Имам әл-

Бұхари, Имам Муслим риуаят етті). 

Демек қабір азабы туралы дәлелдер жетерлік. Оған сену – біздің 

ақидамыздың, иманымыздың бір бөлшегі. Оған сенбеуге болмайды.  

 

Қабір жағдайлары 

А)  Қабірге  түскендегі  мүміннің  сұраққа  алынуы  және  оған 

амалының келуі 

Анас  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  жеткізген  хадисте  пайғамбар 

(оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 



«Пенде  қабіріне 

қойылса және одан жолдастары бұрылса (жерлеп артқа қайтса), ол 

олардың (жолдастарының) қайтып бара жатқандағы аяқтарының 

дыбысын есітеді. Сосын оған екі періште келеді. Оны отырғызып, 

одан: «Мына Мұхаммед деген кісі жайлы не айтатын едің?» - дейді. 

Мүмін болса: «Мен оның Аллаһтың құлы және елшісі екендігіне 

куәлік  беремін»,  -  деп  айтады»

,  -  деген  (Имам  Бұхари  мен  Имам 

Муслим риуаят еткен). 

Сондай-ақ Бара ибн Азыбтан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят 

етілген  хадисте  пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын) мүмін пенденің қабірдегі жағдайы жайлы: 



«Оған екі періште 

келіп, оны отырғызады да: «Раббың кім?» - дейді. Ол: «Раббым – 

Аллаһ», - дейді. Екі (періште): «Дінің не?»  - дейді. Ол: «Дінім  – 

Ислам», - дейді. Екі (періште): «Сендерге жіберілген кісі кім?» - 

дейді. Ол: «Ол – Аллаһтың елшісі», - дейді. Екі (періште): «Ілімің 

 

 

Қабір өмірі 



11 

не?» - дейді. Ол: «Аллаһтың кітабын оқып, оған иман келтірдім 

және  сендім»,  -  дейді.  Сол  кезде  көктен  бір  жаршы  жар  сала: 

«Пендемнің рас айтқаны үшін оған (қабіріне) жәннаттан (төсеніш) 

төсеңдер, оны жәннаттан киіндіріңдер және жәннатқа қарай есік 

ашыңдар!» - дейді. Және де оған (жәннаттың) лебі мен хош иісі 

келіп тұрады. (Сонымен қатар) оған қабірі көзі жеткен жерге дейін 

кеңейтіледі»

, - деген. 

Яғни,  мүміндерге  қабірде  қорқудың  керегі  жоқ.  Жоғарыдағы 

сүйінші хабар осыны айтады. Бұл азаптан қорқуға мүміндерден гөрі 

кәпірлер  мен  мұнафықтар  лайықтырақ.  Мүміндер  туралы  Аллаһ 

Тағала: 


«Олар үшін қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды»

,     - 


деген (Бақара сүресі, 38 аят). 

Сосын  пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын) пенденің іс-амалымен жолығуын баяндап:  

«Оған көрікті жүзді, әдемі киімді, иісі жағымды бір кісі келіп: 

«Сені қуантатын (нәрсемен) сүйін; Аллаһтан болар разылықпен 

және игілігі тұрақты жәннаттармен сүйін. Бұл уәде етілген күнің», 

-  дейді.  Оған  мәйіт:  «Сен  де,  өзіңді  де  Аллаһ  жақсылықпен 

сүйіндірсін. Сен кімсің? Жүзің жақсылық хабаршы екен», - дейді. 

Ол:  «Мен  сенің  ізгі  амалдарыңмын!  Аллаһпен  ант  етейін!  Сені 

Аллаһқа  бойсұнығу  асығушы  ретінде,  Аллаһқа  күнәһарлыққа 

аяндаушы  ретінде  таныдым.  Аллаһ  сені  жақсылықпен 

марапаттады», - дейді. Сосын оған (мәйітке) жәннаттан бір есік, 

тозақтан  бір  есік  ашылады.  Тозақтың  есігі  көрсетіліп:  «Егер 

Аллаһқа күнәһарлық қылғаныңда, бұл сенің мекенің болар еді. 

Енді  Аллаһ  саған  оны  жәннаттағы  бір  орынмен  алмастырып 

берді», - делінеді. Ол жәннаттқа (қарап) оның ішінде не нәрселер  

барын көрген кезде: «Раббым! Отбасыма және мал-дүниеме қайта 

оралуым үшін Қиямет күнін тездете көр», - деп (тілейді)»

, - деген.  

Яғни, ол Қиямет күнін тезірек болуын тілейді. Аллаһ Тағала бізді 

солардың қатарынан етсін!  

Ә)  Қабірге  түскендегі  кәпірдің  сұраққа  алынуы  және  оған 

амалының келуі 



 

 

Қабір өмірі 



12 

Сондай-ақ, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын) дәл осының қарсысында кәпірдің немесе бұзықтың қабірдегі 

жағдайын сипаттап: 



«Ал кәпір (немесе мұнафиқ) болса: «Білмеймін, 

адамдар не айтса, соны айтатынмын», - дейді. Екі періште (оған): 

«Сен білмедің де, ілеспедің де?» - дейді»

, - деген.  

Бұдан  кейінгі  оның  жағдайын  баяндап  пайғамбарымыз  (оған 

Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 



«Сол  сәтте  көктен  бір 

жаршы жар сала: «Өтірік айтқаны үшін оған тозақтан (төсеніш) 

төсеңдер  және оған  тозақтан  есік ашыңдар!»  -  деп  дауыстайды. 

(Осы  әмірден  кейін  қабірдегі  пендеге):  «Тозақтың  ыстығы  мен 

жалыны келіп тұрады. Оның қабірінің тарылатындығы сондай, 

тіпті оның қабырғалары айқайсып кетеді. (Мұнан кейін) мәйітке 

ұсқыны жаман, киімі нашар, иісі сасық бір кісі келіп: «Өзіңе қош 

келмейтін (нәрсемен) сүйін. Бұл уәде етілген күнің!» - дейді. Мәйіт: 

«Сен  де,  сені  де  Аллаһ  жамандықпен  сүйіншілесін!  Сен  кімсің? 

Сенің жүзің жамандық әкелген (кісінің) жүзіне ұқсайды екен?» - 

дейді.  (Әлгі  кісі  сонда):  «Мен  сенің  жаман  амалдарыңмын! 

Аллаһпен ант етейін! Сені Аллаһқа бойсұнуда сылбыр, Аллаһқа 

күнәһарлықта ұшқыр ретінде таныдым. Аллаһ сені жамандықпен 

жазалады»,  -  дейді.  Содан  кейін  оған  көзі  көр  құлағы  керең, 

мылқау, қолында күрзісі бар біреу келеді. Егер ол тауды ұрса, (тау) 

топырақ боп кетер еді. Ол оны (мәйітті) топыраққа айналғанша 

ұрады. Сосын (мәйіт) бұрыңғы қалпына қайтады. Оны тағы да 

ұрады да, ол қатты дауыстап айқайлайды. (Сол сәтте) мәйіттің 

дауысын адамзат пен жыннан басқа барлық (тіршілік иесі) есітеді. 

Соңсоң оған тозақтан есік ашылып, тозақтың төсеніштері төселеді. 

Сонда (кәпір): «Раббым, Қияметті келтіре көрме!» - деп (тілейді)»

, - 


деген (Имам Бұхари мен Имам Муслим риуаят етті). 

Аллаһ Тағала бұл нәрселерден бізге Өзі пана болып, бізден ондай 

жағдайдың бетін аулақ қылсын!  

 

Қабір азабына себеп болатын нәрселер 

Жалпы  алғанда  адамдар  қабір  азабына  Аллаһ  Тағаланы 

танымағандықтарынан, Оның бұйрықтарына көңіл аудармағандықтан 



 

 

Қабір өмірі 



13 

және  Ол  тыйым  салған  күнәларға  бойұрғандықтарынан  ұшырайды. 

Аллаһ  Тағала  Өзін  таныған,  сүйген  бұйрықтарына  бойұсынып, 

қайтарғандарынан  қашық  жүрген  ешбір  рухты  да,  тәнді  де 

азаптамайды. Шын мәнінде, қабір азабы – Аллаһтың пендесіне деген 

ашу-ызасының  әсері  болып  табылатын  Ақырет  азаптарының  бірі. 

Демек,  кімде-кім  бұл  дүниеде  Аллаһтың  ашу-ызасына  тиіп,  сосын 

тәубе қылмай өлсе, ол Аллаһ Тағаланың ашу-ызасы дәрежесінде барзақ 

азабын көреді.  

Ал қабір азабына жиі себеп болатын кейбір жекелеген нәрселерге 

келер болсақ, пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын)  үмбетіне  бұл  жайттарды  ескертіп  айтып  кеткен.  Алайда 

бәзбіріміз бұл нәрселерге көңіл аудармаймыз.  

А) Өсек тарату және нәжістен тазаланбау 

Бірде  пайғамбарымыз    (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын)  әлде бір екі  қабірдің  қасынан өтіп  бара  жатып: 



«Расында, 

(мына)  екеуі  азапталып  жатыр.  (Бірақ)  үлкен  нәрсе  себепті 

азапталып жатқан жоқ. (Бұл екеудің) бірі – адамдар арасында өсек 

таратып жүретін, ал екіншісі – зәрінен тазаланбайтын (болған)»

, - 


депті (Имам әл-Бұхари мен Имам Муслим риуаят еткен). 

Ә) Ілім үйреніп, оған амал қылмау және парыз амалдарға көңіл 

бөлмеу, өтірік айту, зинақорлық пен өсімқорлық 

Сондай-ақ пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын) былай деген: 

«Мен түнде маған екі кісінің келгенін көрдім. 

Ол екеуі мені қолымнан жетектеп, қасиетті жерге алып шықты. 

Қарасам бір кісі отыр, қолында имек темірі бар бір кісі түрегеп 

тұр.  (Түрегеп  тұрған  кісі)  ол  имек  темірді  (отырған  адамның) 

езуіне желкесіне жеткенше кіргізеді. Сосын екінші езуін де солай 

етеді. (Сол аралықта) мына (жыртылған) езуі жазылады да, (оның 

езуіне)  қайтадан  әлгіндегідей  істейді.  Мен:  «Бұл  не?»  -  деп 

(сұрадым).  Ол  екеуі:  «Алға  жүр!»  -  деді.  Біз  ілгері  жүріп, 

шалқасынан жатқан бір кісіге келдік, оның бас жағында дәу тасы 

(немесе: жартастың бөлігі) бар бір кісі тұр. Ол (жатқан адамның) 

басының мылжа-мылжасын шығарады. Ол ұрғанда тас домалап 

кетеді, оны барып алып, қайтып келгенше ананың басы жазылып,  

қалпына келеді де, қайтадан басына ұрады. Мен: «Бұл кім?» - деп 


 

 

Қабір өмірі 



14 

(сұрадым). Ол екеуі: «Алға жүр!» - деді. Біз алға жүріп тандырға 

ұқсас,  аузы  тар,  табаны  кең,  астынан  от  жағылып  жатқан  бір 

шұңқырға  бардық.  (Шұңқырдағыларға  от)  жақындаса,  олар 

шығуға  шақ  қалып  жоғары  көтеріледі  де,  бәсеңдегенде 

(орындарына) қайтады. Онда жалаңаш еркектер мен әйелдер бар 

еді. Мен: «Бұлар кім?» - деп (сұрадым). Ол екеуі: «Алға жүр»,  - 

деді. Біз алға жүріп бір қанды өзенге келдік. Оның ішінде бір кісі 

түрегеп  тұр,  ал  өзеннің  ортасында  («өзен  жағасында»  деп  те 

айтылған) алдында тастар бар, өзендегі кісіге қарсы қараған бір 

кісі  тұрды.  (Өзендегі)  сыртқа  шыққысы  келсе,  (әлгі)  кісі  оның 

аузына  тас  лақтырып,  бұрыңғы  орнына  қайтарады.  Сөйтіп 

(өзеннен) шығу үшін келген сайын, аузына тас лақтырады да, ол 

бұрыңғы орнына қайтады. Мен: «Бұл не?»  - деп (сұрадым). Ол 

екеуі:  «Алға  жүр!»  -  деді.  Біз  ілгері  жүріп,  жасыл  баққа  келіп 

кірдік. Оның  ішінде бір зәулім ағаш бар екен, түбінде бір қария 

мен жас балалар отыр. Қарасам ағашқа таяу жерде қарсы алдында 

от жағып бір кісі отыр. Сөйтіп ол екеуі мені алып ағашты бойлап 

көтеріліп, бір үйге кіргізді, одан әдемі (үйді) бұрын-сонды көрген 

емеспін,  оның  ішінде  қарт  кісілер,  жас  жігіттер,  әйелдер  мен 

балалар  бар  еді.  Сосын  ол  екеуі  мені  одан  шығарды  да,  ағаш 

бойымен (тағы да) жоғары көтеріліп, (басқа) бір үйге кіргізді. Ол 

(алдыңғыдан) әдемірек әрі жақсырақ еді, онда  қарттар мен жас 

жігіттер бар екен. Мен: «Сен екеуің мені түн бойы өздеріңмен алып 

жүрдіңдер, енді көрген нәрселерім туралы айтып беріңдер», - дедім. 

Ол екеуі: «Иә. Сен көрген езуі жыртылып жатқан – жалған сөйлеп, 

(өтірігі)  жан-жаққа  тарайтын  өтірікші,  енді  өзің  көргеніңдей 

Қиямет  күніне  дейін  оған  солай  істеледі.  Ал  сен  көрген  басы 

мылжаланып жатқан – Аллаһ Құран үйреткенмен түнді ұйқымен 

өткізіп күндіз оған амал қылмаған кісі, енді Қиямет күніне дейін 

оған  солай  істеледі.  Сен  шұңқыр  ішінен  көргендер  зинақорлар, 

өзендегі көргенің – өсімқорлар. Ағаш түбіндегі қария – Ибраһим 

(оған Аллаһтың сәлемі болсын), оның айналасындағы балалар – 

адамдардың (жастай шетінеген) балалары, от жағып отырған  – 

тозақтың  сақшысы  Мәлік.  Сен  кірген  бірінші  үй  жалпы 

мүміндердің  үйі,  ал  мына  үй  –  шахидтердің  үйі.  Мен  – 

Жәбірейілмін,  мынау  –  Микаил.  Енді  басыңды  көтер»,  -  деді. 

Басымды көтерсем, төбемде бұлт секілді (бір орын) тұр екен. Ол 

 

 

Қабір өмірі 



15 

екеуі:  «Бұл  –  сенің  (жәннаттағы)  мекенің»,  -  деді.  Мен:  «Мені 

жіберіңдерші, мекеніме кірейін», - деген едім, олар: «Расында, сенің 

әлі  аяқталмаған  өмірің  қалған.  Қашан  оны  аяғына  жеткізсең, 

мекеніңе келесің», - деді»

, Имам әл-Бұхари риуаят етті. 

Пайғамбарымыздың  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын) баяндаған бұл түсі, біз жеңіл-желпіге санап, аса мән бермейтін 

қателіктеріміздің  Ақыретте  азабы  қаншалықты  ауыр  болып 

келетіндігін көрсетеді. Айту – парыз, сақтану пенденің еркінде. Пенде 

тілін тыйып, нәпсісін тежеп, құлқынына құлып салмайынша, «Аллаһ 

сақтасын» деп айта салған құр сөз, қу шөппен ауыз сүрткенмен бірдей. 

Соқырға  таяқ  ұстатқандай  еткен  Аллаһ  елшісінің  (оған  Аллаһтың 

салауаты мен сәлемі болсын) бұл хадисінен артық бізге қандай ескерту 

керек?  Аллаһ  бізге  мұндай  азаптардан  амалдарымызбен  сақтануды 

жазсын! 


Б) Адамдардың сыртынан ғайбат айту және жұрттың мал-мүлкін 

зорлықпен тартып алу 

Анас ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етіледі; 

пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 



«Миғражға  көтерілгенімде  жез,  темір  тырнақты  адамдардың 

тұсынан өттім. Олар беттері мен кеуделерін тырнап жатыр екен. 

Мен:  «О, Жәбірейіл!  Олар  кімдер?»  -  дедім.  (Жәбірейіл):  «Олар 

адамдардың  еттерін  жеушілер  және  мал-мүліктерін  тартып 

алушылар», - деді»

, - деген (әл-Бұхари және Муслим риуаят еткен). 

В) Харам нәрселерді тұтыну және жетімнің ақысын жеу 

Миғраж  туралы  әңгімелейтін  Әбу  Саъид  әл-Худриден  риуаят 

етілген  ұзақ  хадисте  пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен 

сәлемі  болсын): 



«Содан  біраз  жүрген  соң  жас  піскен  дәмді  ет 

қойылған дастарқан көрдім. (Бірақ) оған ешкім жақындамайды. 

Ал басқа бір дастарқанда тұрып қалған, иістенген еттер бар екен. 

Оны бір адамдар жеп жатыр. Мен: «О, Жәбірейіл! Олар кімдер?» - 

дедім. (Жәбірейіл): «Олар – үмбетіңнен халал тұрып, харамға бас 

қойғандар», - деп айтты»

, - деген. 

Осы хадистің жалғасында: 

«Содан сәл ілгері жүріп, еріндері 

түйенің еріндеріндей, ауыздарын ашып тас жұтып, ол (тастары) 


 

 

Қабір өмірі 



16 

арттарынан  шығып  жатқан  адамдарды  көрдім.  Аллаһқа 

жалбарып  байбалам  салғандарын  естідім.  Мен:  «О,  Жәбірейіл! 

Олар  кімдер?»  -  дедім.  (Жәбірейіл):  «Олар  –  үмбетіңнен 

жетімдердің мал-мүлкін жеушілер», - деп айтты»

, - делінген. (Сосын 

пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)): 

«Әлбетте,  жетімдердің  мал-дүниелерін  зұлымдықпен  жегендер, 

олар  қарындарын  отпен  толтырған  болады.  Сондай-ақ  олар 

жалындаған тозақ отына кіреді»

 (Ниса сүресі, 10 аят), - деген 



 

аятты 


оқыған (Имам Әбу Дәуд және Имам Ахмад риуаят еткен). 

Г) Мал-дүниесі бола тұра садақа бермеу, аманатқа жеңіл қарау 

және аңдамай сөйлеу 

Сондай-ақ  пайғамбарымыздың  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен 

сәлемі болсын) Миғраж сапары барысында көрген жайттары жайлы 

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте: 



«Сосын 

алдарында  және  арттарында  мүйіздері  бар  бір  адамдарға  келді. 

Олар мал секілді үркеді. Олар дариъ (ащы, сасық тікен. Тозақтың 

тағамдарының  бірі),  заққум  (ащы,  сасық  ағаш.    Тозақтың 

тағамдарының бірі) және жаһаннам мен оның тастарынан шоқтар 

жейді. Мен: «Әй, Жәбірейіл! Мыналар кім?» - дедім. (Жәбірейіл): 

«Бұлар  –  мал-дүниелерінің  садақаларын  бермеушілер»,  -  деді. 

Аллаһ  Тағала  оларға  ештеңеде  зұлымдық  жасаған  жоқ.  Аллаһ 

пенделерге зұлымдық жасаушы емес»

, - деген. 

Осы  хадистің  жалғасында  пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың 

салауаты мен сәлемі болсын): 



«Сосын көп мүлік жинап, оны көтере 

алмаса да үстіне тағы қосып (алып) жатқан бір адамның тұсынан 

өттік. Мен: «Әй, Жәбірейіл! Бұл кім?» - дедім. (Жәбірейіл): «Бұл – 

үмбетіңдегі өзіндегі аманатты өтемей тұрып үстіне (аманат) қосып 

алатын адам», - деп айтты»

, - дейді.  

Осы хадисте және: 

«Содан соң бір кішкене інді кездестірдік. 

Одан  үлкен  өгіз  шықты.  Ол  өгіз  шыққан  жеріне  қайта  кіргісі 

келеді, бірақ кіре алмайды. Мен: «Әй, Жәбірейіл! Бұл кім?» - дедім. 

(Жәбірейіл): «Бұл – аңдамай бір сөз сөйлеп, кейін оған опық жейтін 

және қайтарып ала алмайтын бір кісі»,  - деп айтты»

,  -  делінген 

(Байһақи, ибн Касир).  


 

 

Қабір өмірі 



17 

Жоғарыдағылармен  қатар,  қабір  азабына  себеп  болатын 

нәрселерге мыналар жатады: жалған куәлік беру, адал адамды қаралау, 

бүлікке  араласу,  бидғатқа  бастау,  Аллаһ  және  Оның  елшісіне  (оған 

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты өзі білмейтін нәрсені 

айту, парақорлық, араққұмарлық, ұрлық, қиянат, алдау-арбау, қулық-

сұмдық, Аллаһтың тыйым салғанына рұқсат беру, Аллаһ Тағаланың 

міндеттегендерінен бас тарту үшін және Оның тыйым салғандарына 

қол ұру үшін айла-шарғы істеу, мұсылмандарға азар беру, олардың 

айыптарын ашу, Құран үкімдеріне жүгінбеу, Аллаһтың шариғатына 

сүйенбей пәтуә беру, күнәһарлыққа және дұшпандыққа жәрдемші болу, 

нақақтан  кісі  өлтіру,  қабірлерге  табыну,  зұлымдық,  тәкаппарлық, 

риякерлік, бақсы-балгерлерге сену, дүние үшін дінін сату және т.с.с. 

Қорыта  айтқанда  кез-келген  күнә  қабір  азабына  себеп  болуы 

мүмкін. 

 

Қабір азабынан құтқаратын нәрселер 

Пенде қабір азабынан құтылу үшін қайта-қайта өзін есепке алып, 

тәубесін  жаңартып  отыруы  тиіс.  Сондай-ақ  пайғамбарымыз  (оған 

Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) қабір азабынан құтқаратын 

бірқатар іс-амалдарға нұсқау жасаған.  

А) Парыз амалдар мен ізгі іс-әрекеттер 

Аллаһ елшісі  (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу 

Һурайрадан  (Аллаһ  оған  разы  болсын)  риуаят  етілген  хадисінде: 

«Расында,  мәйіт  одан  (адамдар)  бұрылған  кезде  олардың 

аяқтарының  дауысын  есітеді.  Егер  (пенде)  мүмін  болса,  намаз 

оның бас жағында, ораза оның оң жағында, зекет сол жағында, ал 

садақа, туыстық қарым-қатынасты үзбеу, дұрыстық,  адамдарға 

деген жақсылықтардан тұратын ізгі амалдар аяқ тұсында тұрады. 

Оған (азаптар мен жамандықтар) бас жағынан келтіріледі, сонда 

намаз:  «Менің  тарапымнан  кірер  жер  жоқ»,  -  дейді.  Сонда  оң 

жақтан келтірілгенде, ораза: «Менің тарапымнан кірер жер жоқ», - 

дейді.  Кейін  сол  жағынан  келтіріледі,  сонда  зекет:  «Менің 

тарапымнан  кірер  жер  жоқ»,  -  дейді.  Содан  соң  аяқ  тұсынан 

келтірілгенде де, садақа, туыстық түзу қарым-қатынас, дұрыстық, 


 

 

Қабір өмірі 



18 

адамдарға деген жақсылықтардан тұратын ізгі амалдар: «Менің 

тарапымнан  кірер  жер  жоқ»,  -  дейді»

,  -  деген  (ибн  Хиббан  және 

Хаким риуаят еткен). 

Хадисте  меңзелгендей,  бізді  қабір  азабынан  құтқаратын 

нәрселер: оқыған намазымыз, тұтқан оразамыз, берген зекетіміз және 

адамдарға деген жақсы қарым-қатынасымыз. Иманы берік мүмін адам 

аталмыш нәрселерде осалдық көрсетпейді, қабір азабын да көрмейді

иншаллаһ! 

Ә) Қиындықта мұсылмандармен бірге болу 

Салманнан  (Аллаһ  оған  разы  болсын)  риуаят  етілген  хадисте 

пайғамбарымыз  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 

«Соғыста  немесе  мұсылмандарға  қиыншылық  туған  кездерде 

олармен бір күн және бір түн бірге болу бір ай ораза ұстап, намазға 

тұрудан  жақсы.  Ал  егер  ол  өлсе,  оған  бұрын  істеп  жүрген  (ізгі) 

амалдары  жалғасын  тауып  жазылып

 

тұрады

 

және  ризығы 

үзілмейді,  азаптардан  құтылады»

,  -  деген  (Имам  Муслим  риуаят 

еткен). 

Б) Мүлік сүресін оқу 

Пайғамбарымыз  (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 

«Мүлік  сүресі  –  қайтарушы,  құтқарушы;  ол  (қабірдегіні)  қабір 

азабынан құтақарады»

, - деген (Имам Тирмизи риуаят еткен). 

В) Сәжде сүресін оқу 

Халид ибн Миғданнан риуаят етіледі; Пайғамбар (оған Аллаһтың 

салауаты мен сәлемі болсын): 

«Сәжде сүресі өзін оқыған пенде үшін 

араша  түсіп,  оны  қабір  азабынан  құтқарады»

,  -  деген  (Дарими 

риуаят еткен). 

Г) Аллаһтан пана сұрау 

Анастан  (Аллаһ  оған  разы  болсын)  риуаят  етіледі; 

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты  мен сәлемі болсын) дұға 

қылып: 

«Аллаһым,  расында  мен  Өзіңнен  дәрменсіздік  пен 

жалқаулықтан,  қорқақтық  пен  сараңдықтан  және  қарттықтан  

пана  сұраймын.  Және  Өзіңнен  қабір  азабынан  пана  сұраймын, 


 

 

Қабір өмірі 



19 

сондай-ақ, Өзіңнен тіршілік пен өлімнің бүлігінен пана сұраймын»

- деген (Имам әл-Бұхари риуаят еткен). 



Пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

сахабаларына: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет