Үйрету теориясы бойынша мәлімет жинақтаңыз. Үйрету дегеніміз - үйретудің идеологиясы мен бағдарламасын, сондай-ақ шынайы білім беру мен үйретуте басылык жасаудың тұлға мен мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан калыптастырудың педагогикалык әдістерін анғартатын философиялық, сондай-ақ әлеуметтанушылық ұғым. И. П. Павлов, Д. Б. Уотсон, Б. Ф. Скиннер жұмыстары мадақтау мен жазалау жүйелеріне негізделіп (үйрету теориясы) орындаушының әрекеттерді ақылмен шешу қабілеті және басшы мен бағынушы арасындағы кері байланысқа құрылу қажеттілігімен анықталады. Үйрету теориясы негізінде рефлекс ұғымы, яғни тұлғаның сыртқы құбылыстарға жауап беруі жатады. Рефлекстер туылған (шартсыз) және тәжірибеден жинақталатын шартсыз рефлекстер болып бөлінеді. Туылған рефлекстер ессіз акты кезінде сезімнің, эмоциялардың, қалаулардың қиын толқынымен байқалып, шешім қабылдау мен еріктілік көрсететін кезде байқалады. Шартты рефлекс осы теорияны жақтаушылардың көзқарасы бойынша ойлау мен өзін ұстаудың стереотипын құрап, адамның алға ұмтылушылық жүйесінің бөлігі болып табылады.Павловтың пайымдауынша адамның өзін ұстауда мақсат рефлексі басты болып саналады. Ол адамның еңбек жолында білімділігі мен тұрақтылығын айқындайды. Бұл күшті рефлекс өнертапқыштар, коллекционерлар, тіптен ғашықтарда да байқалады.Прақтикада Үйрету әлеуметтану негізінен меқтепте оқытумен, әсіресе өнеркәсіпті елдердің осы заманғы қоғамын жаппай оқыту жүйесімен, соның ішінде жоғары, арнаулы орта білім беру, ересек адамдарды оқыту жүйесімен байланыстырылады.
Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің маңызды құраушысы ретінде қалай іске асатынын дәлелдеңіз.
Шешім қабылдау процесі кезінде адамдардың бір-біріне әсер етуін сыни бағалаңыз. . Шешім қабылдау барлық психологтармен дерлік басқарудың орталық сәті болып мойындалады. Сондықтан да осы критерий бойынша еңбек процесіндегі басты ролдер анықталады: басшының және бағынушының. Шешімді жоспарлауда (іздеу мен шешім қабылдау процессінде, сонымен қатар мақсаттарды, міндеттерді және оларға қол жеткізу құралдарын анықтау), ұйымдастыруда (шешім, әртүрлі ресурстар түрінің бірігуіне және адамдардың ортақ іс-әрекетіне бағытталған), мотивацияларды басқаруда, бақылауда және т.б. көрініс табады. Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі. Өкінішке орай, айтылған бұл процесс сыртқы орта жағдайлары мен жоғарғы басшылардың қысымының салдарынан жиі жағдайда стихиалы түрде жүреді. Сондықтан до оның іске асырылуы күрделі жүреді. Профессор Л.Зайверт, уақытты рационалды қолдану неміс институтының жетекшісі көптеген менеджерлер келесілерді дұрыс көреді дейді: Дұрыс жұмыстар жасағанның орнына дұрыс жұмыс жасау; Шығармашылық альтернатива жасағанның орнына мәселелерді шешу; Қолданған құралдарды оптимизациялаудың орнына құралдарды жнақтау; Нәтижелерге қол жеткізгеннің орнына міндеттерді атқару; Пайданы арттырудың орнына шығындарды азайту. Бұлардың барлығы — дұрыс шешім қабылдамаудың нәтижесі. Дұрыс шешім қабылдамау неге мүмкін болады? Және – осы сынды басқарудағы есептен жаңылыс ықтималдылығын қалай төмендетуга болады? Бұны түсіну үшін, адамдардың психологиялық ерешеліктеріне көңіл аудару керек, яғни осы әрекет қандай психологиялық ерекшеліктің арқасында жүзеге асты. Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады және бір адамның ғана емес. Бұл процесстің маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды. Бұл процесс қысқа уақыт аралығында басшыға көптеген әртүрлі бағыттағы шешімдерді қабылдауға тура келетінімен күрделенеді.