43. Үш өлшемді графикаға арналған бағдарламалар Үш өлшемді графика. Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады. Объектілерді кеңістікте модельдеу үшін:
1) объектінің табиғи пішіміне неғұрлым толық сәйкес келетін виртуальдық каркасын жобалап және құру қажет;
2) көнекілеудің физикалық қасиеттері бойынша табиғиға ұқсас виртуалдық материалдарды жобалап және жасау қажет;
3) материалдарды объекті беттерінің бөліктеріне меншіктеу қажет;
4) кеңістіктіктің физикалық параметрлерін құру қажет – жарықты, гравитацияны, атмосфера қасиеттерін беру керек;
5) объектілердің қөзғалыс траекторияларын беру қажет;
6) кадрлардың қорытындыға жету тізбегін есептеу қажет;
7) беттік эффектілерді қорытынды анимациялық білікке салу керек;
Табиғиға ұқсас кескіндерді есептеу үрдісін рендеринг деп атайды. Күрделі математикалық модельдерді қолдану физикалық эффектілерді жүзеге асырауға мүмкіндік жасайды (жарылыстар, жаңбыр, от, түтін, тұман). Әртүрлі процедуралық эффектілер мен бөлшектер жүйелерінің байланысын есептеудің әдістері бар.
Қолданылуы. Нақты уақыт режімінде үш өлшемді моделдеудің ерекше қолдану облысын техникалық құралдардың жаттықтырғыштары құрайды – автомобильдердің, кемелердің, ұшу және космостық аппараттардың. Оларда объектілердің техникалық параметрлері мен қоршаған ортаның физикалық қасиеттерін дәл жүзеге асыру қажет. Дәл осы уақытта ең жетілдірілген мұндай құрылғылар космостық кемелер мен әскери ұшу аппараттарын басқаруға үйрету үшін жасалған.
Үш өлшемді графикалы өңдеудің программалық жабдықтары. Ондай жабдықтарды үш десте құрады. Олар үлкен қуатты ДК-да Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді.
a) 3D Studio MAX - Kinetix фирмасының жартылай мамандаедырылған программасы, бірақ оның жабдықтары өлі дүниенің сапалы үш өлшемді кескіндерін жасауға мүмкіндік береді;
b) Softimage 3D – Microsoft фирмасының жабдығы. Программаның ерекшелігі - модельдеудің кең мүмкіндіктері, басқарылатын физикалық және кинематографиялық параметрлердің көптігі;
c) Maya – Alias, Wavefroht, TDI компанияларының консорциумы жасаған.
Үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары. Үш өлшемді графиканы дербес компьютерде өндейтін бағдарламалық құралды үш пакет құрайды. Олар Windows операциялық жүйесімен басқарылатын машиналар нәтижесінде жұмыс жасайды.
Kіnetix фирмасының 3D Studio Max бағдарламасы.
Бастауында Windows платформасы үшін жасалынған. Бұл пакет «жарты маманды» деп саналған. Пакеттің ерекше қасиеттері үш өлшемді графиканың тездету аппаратарының көп санын қолдау, қуатты жарықтық әсерлер, сырттай фирмаларымен қосымшалардың көп жасалуы болып табылады. Аппараттық ресурстарға қойылатын талап төмен болғандықтан орта деңгейлі компьютермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл пакеттің көмегімен «Звездный Война» фильмінің анимациялық кадрлері жасалынған.
Microsoft компаниясының Softimage 3D бағдарламасы.
Бастауында SGI жұмыс станциялары үшін жасалған және жуырдан бастап Windows NT операциялық жүйесіне арналып өзгерді. Бағдарлама үлгілеудің көп мүмкіндіктерімен, физикалық және книматографикалық параметрлерді басқарудың көп санымен ерекшелінеді. Рендеринг үшін сапалы және жылдам Mental Ray үлгісі қолданылады. SGI арнайы графикалық станция әлемінде бұл бағдарлама «де - факто» стандарты болып есептелінеді, IBM PC платформасында салмақты болып көрінеді және қуатты аппараттық ресурстарды талап етеді. Тұйық пакет, ақпарат тек ағылшын тіліне ғана, Россияда тек 2002 жылы пайда болды. «Прогулки с динозаврами» фильмі жасалынған.
Мүмкіндіктер және интерфейс тұрғысынан революциялық болып әйгілі компаниялардың (Alias, Wavefront, TDI) консорцимымен
3D max бағдарламасы
Autodesk 3dsMax(бұрыңғы атауы 3D Studio Max) — ойын жасау мен дизайндағы 3D модельдеуге, анимацияға және визуализацияға арналған кәсіби бағдарламалық жасақтама. Қазіргі уақытта Autodesk компаниясында әзірленеді.
Бағдарлама коммерциялық мақсатта бір айдан үш жылға дейін жазылу арқылы қол жетімді. Студенттер мен оқытушылар үшін үш жылдық жазылым тегін, бірақ мұндай лицензиямен бағдарламаны тек оқыту үшін қолдануға болады.
3D студиясының түпнұсқасы DOS платформасы үшін Гари Йост пен Yost командасымен жасалған және Autodesk баспасында жарияланған. 3D Studio шығарылымы алдыңғы Autodesk AutoShade 3D көрсету пакетін ескіртті. 4 3D Studio DOS шыққаннан кейін өнім Windows NT платформасы үшін қайта жазылып, «3D Studio MAX» деп өзгертілді. Бұл нұсқаны бастапқыда Yost Group компаниясы жасаған. Оны сол кездегі Autodesk медиа-ойын-сауық бөлімі болған Kinetix шығарды.
2.6.MathCAD
Соңғы кезде ғылыми және инженерлік есептеулер жүргізу үшін, электрондық кесте де, қалыптасқан программалау тілі де көп қолданылмай, керісінше арнайы математикалық пакет немесе МatLab, Maple, MathCAD, Mathematical тәрізді және тағы да басқа бағдарламалар пайдаланылып жүр. Математикалық бағдарлама, соның ішінде MathCAD – кең тараған бағдарлама. Мамандар үшін арнайы ғылыми техникалық есептеулерде, арнайы программалау тілін (FORTRAN, C++, Pascal, BASIC т.б.). жетік білмеген күнде де, математикалық моделдеп, компьютермен жұмысты өте тез жүргізуге болады
МАthсad компьютерлік жүйе үшін формуламен, текстермен, сандар және графиктермен жұмыста өте қолайлы бағдарлама. Mathсad компьютер экранында формулаларды көпшілікке үйреншікті түрде, сондай-ақ анықтамалар мен оқулықтардағыдай жазуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кез келген математикалық есептерді шығаруға болады. Сонымен бірге адам меңгерген барлық ғылым саласындағы мәселелерді физика, экономика, химия, биология, лингвистика және тағы да көптеген есептерді таза математикалық жолмен шығаруға мүмкіндік береді. Арналған есептерді не сандық не символдық жолмен (яғни белгілеулер енгізу арқылы) шығаруға болады. Формулалар мен теңдеулерді арнайы түсіндірмелер арқылы жүргізіп, графиктерді екі және үш өлшемді жүйеде салуға, Windows қосымшаларының көмегімен қозғалыстарын шығарып алуға болады. Mathсad өзінің арнайы анықтамалық жүйесіне ие, онда математикалық және физико-химиялық формулалар және тұрақтылар, белгілі шамалар яғни тұрақтылар және диаграммалар жинақталған. Жұмыстық документті қағазға басып біз экранда нені жаздық соны ала аламыз. Бір текстік бетте графикті және математикалық шығарылуын бере отырып, Mathсad кез-келген есептің шығарылуын оңай түсінуге мүмкіндік береді.
MathCAD жүйесінің мүмкіндіктері:
Сандық әдістер
есептеу дәлдігі 15 ондық санына дейін;
өлшем бірліктер жүйесі және өлшем бірліктерді тексеру орындалады;
комплексті сандар, айнымалылар және функциялар;
туындыны интегралды, шекті, қатарға жіктеуді және қарапайым және арнайы қосындыны, көбейтуді есептеу;
функциялар (тригонометриялық, экспоненциалдық, гиперболалық, бессель, гамма және тағы да көптеген);
өте тез Фурье түрлендіруі;
сызықтық регрессия;
теңдеулер және теңсіздіктер жүйесін шешу;
аппроксимация және интерполяция түрлі әдістері ;
матрицалық операциялар.
Mathсad терезесі
Mathcad – математикалық мағынаға бағыттылған , әмбебап жүйелер. Есептеулер мен қатар олар танымал текістік редакторлар немесе электрондық таблицалармен қиындықпен шешілетін күрделі есептерді тез шешуге мүмкіндік береді.Программаның көмегімен мақалалар, кітаптар, дипломдық жұмыстар және жобаларды сапалы дайындап қана қоймай, күрделі есептердің нәтижесін және грфигін жасауға болады.
Mathcad программасын іске қосу: Іске қосу-Программалар-Mathsoft Apps-Mathcad қатарында тышқанды шерту арқылы.
Mathcad программасының терезесінде windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар.
Mathcad программасының терезесі:
1.тақырып қатары
2.меню жолы
3.саймандар тақтасы
4.форматтау саймандар тақтасы
5.қалып –күй қатары
6.жұмыс аймағы
7.айналдыру жолақтарынан тұрады.
Жұмыс жасау барысында басқса да саймандар тақтасын орнату қажет болса,оны да қосуға болады.
Тақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.
М еню қатары Mathcad – ң негізгі командаларынан тұрады.Тышқанды шертсек , осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.
Mathcad - жұйесінің математикалық белгісінің 9 түрлі палитрасы бар олар мыналар:
1.Калькулятор
2.Мартица
3.Бульдік
4.Символика
5.Греческий
6.Калькулус
7.Графики
8.Подсчет
9.Программирование