39. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары Векторлық графика кескінің (суретті) вектор деп аталатын түзу және қисық сызықтар арқылы, түсі мен орналасуын көрсететін параметрлер арқылы салады.Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті ең алдымен нүктелер арқылы белгіленеді содан кейін нүктелер арасы қосылып ағаш жапырағының кескіні пайда болады.
Векторлық графика элементтерін редактрлеу кезінде сол элементтердің кескінің белгілейтін түзулер мен қисық сызықтар параметрлерін өзгертесіз.Сіз мынадай өзгертулер еңгізе аласыз: элементтерді тасымалдау,өлшемдерін, түсін,формасын өзгерту- бірақ бұл олардың визуалдық көрсету сапасына әсер етпейді.
Векторлық графика кескін элементтерін түсі берілген математикалық қисықтар арқылы көрсетуге негізделген.Мысалы:ақ түсті фондағы қызыл эллипс тек екі математикалық формулалар-тікбұрыш және эллипстің сәйкес түстері,өлшемі және орналасуы арқылы көрсетіледі.Бұл алдыңғы жағдайға қарағанда едәуір аз орын алады.Тағы бір артықшылығы – кез-келген бағытта сапалы масштабтау болып табылады.Объектлерді кішірейту және үлкейту үшін математикалық формуладағы коэфиценттерді сәйкесінше кішірейту немесе үлкейту керек.
Өкінішке орай көптеген түстерден немесе кішкентай элементтерден құралған суреттерді жіберу кезінде векторлық форматтың пайдасынан гөрі зияны көп болады.(фотография және т.б.)Өйткені бұл суреттерді құрастыру кезінде күрделі болып келетін математикалық формулаларды қолдану қажет болады,және де қате кетсе оны түзетудің өзі көп уақыт алады,сондықтан бұл жағдайда векторлық формат тиімсіз болып табылады.Суретттің күрделі болуы файл көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады.Одан басқа суреттерді растрлық форматтан векторлыққа көшіру (мысалы Adobe Strime Line немесе Corel OCR-TRACE программалары арқылы) олардың векторлық форматтағы үлкен бағытта масштабтау мүмкіндігінен айырады. Сызықтық өлшемдер үлкеюінен бөлшектер мөлшері немесе түс қосымшалары бірлік ауданға ұлғаймайды. Бұл шектеуді еңгізу құрылғылары қойып отырады.(мысалға алғанда сканерлер, цифрлік фотокамералар және де т.б.)Векторлық формат пен растрлық формат айырмашылығына тоқталсақ:
Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің біріктірілуі арқылы көрсетіледі,ал растрлық форматта болса ол кескіндеу нүктелер арқылы жүргізіледі,мозаика сияқты.
2.1 Corel Draw 8-9
Corel Draw пакеті әрқашанда мықты әсер қалдырады.Бұл жолы олар өз құрамына көптеген программалар қосты, оның қатарнына Corel Photo-Paint еңеді.Бұл пакет мықты құрал-саймандармен қамтылған,одан соң пакеттің бұл жаңа бөлімінде интерфейсі жақсартылған,және сурет салу құралдары қолданыста ыңғайлы болып отыр.Ал жұмыс Web-қа қатысты болса онда бұл жағдайда Corel Draw CorelXara-дан қалып қояды,бұл кезде екіншісінің мүмкіндіктері артық болып келеді.
Corel Draw графикалық редакторында мәтінді өңдеуге арналған құралдары бар.Оның мүмкіндіктер басқа да мықты редакторларға қарағанда үлкен болмаса да көптеген тапсырмаларды орындауға қабілетті. .″Лупа″ құралы болса көптеген эффектлер жасай алады. Photoshop-тың екі және үшөлшемді эффектлерін қолдана отырып суретте алуан түрлі өзгерістерді іске асыруға болады.Пиксельдерді редактрлеу кезінде Corel Draw Corel Photo Paint-қа автоматты түрде ауысып отырады.Онымен қатар ол масштабтаудың базалық мүмкіндіктері мен өлшемнің динамикалық орнату құралдарымен қамтылған.Ол екі типті мәтіндік объектлер, яғни Corel Draw мәтіндік объектлерінің 2 түрін шығара алады: қалыпты мәтін (Paragraph) және артистикалық мәтін (Artistic).
Артистикалық мәтін негізінен әдемілеп,көркемдеп жазу үшін арналған.Оның режимінде жұмыс істеу үшін құрал-саймандар тақтасындағы пиктограмманы шерту керек.Ал егерде мәтінге көп жазу жазылатын болса онда Paragraph форматын қолданған жөн.Мәтін объектісіне әртүрлі эффектлерді қолдануға болады:масштабтау,созу,қысу,айналдыру. Corel Draw экранға болып жатқан өзгерістердің бәрін көрсетіп отырады.
СМҮК модельдерімен жұмыс барысында Corel Draw көптеген келеңсіз жағдайларға келіп тіреледі,яғни ол бұл модельмен жұмыс жасауға әлі толық түрде дайын емес.Оған қарамастан программа түсті басқару жүйесі Kodak CMS-пен жұмыс істей алады.Өзінің мықты құрал-саймандарына қарамастан оның беттердің баспаға сәйкессіздігі себебінен мүмкіндіктері шектеліп отырады.Ал енді Corel Xara программасының жұмыс барысы жайында айта кетелік.
Corel Xara 1.5
Corel Xara 1.5 — жаңа заманның технологиялары қарастыратын прграммалардың бірі болып табылады.Онымен жұмыс істеу өте қарапайым болып табылады. Ол ең біріншіден парақ бетінде графикалық кескін салуға пайдаланылады.Бұл программа суреттермен қазіргі заман талаптарына сай болып келетін көптеген эффектлер жасай алады.Бұл программа Corel Draw 7 редакторынан озып отыр.Векторлық графиканы масштабтау арқасында растрлық мәтіндердің екіөлшемді түрлері үшөлшемді сияқты болып көрінеді.Оның интерфейсі өте әдемі де қарапайым.Үстінгі қатардағы пиктограммалары әрқашан қолданысқа ыңғайлы болатын түрде орналасқан.Corel Draw редакторына қарағанда бұл программа ыңғайырырақ болып отыр.Бірақ та біріншісінің де артықшылықтары бар.
Web графикасы үшін қазір ең мықты құралдармен жабдықталған редакторлар ретінде Corel Xara болып табылады,ол Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer үшін браузердің ішінде болса да сурет масштабын 25000 %-ға үлкейтуге мүмкіндік береді.Ол бүкіл өзгерістерді тез арада экран бетіне көрсетіп отырады.Файлдың ыңғайлылығы мен жеделдігінің арқасында векторлық графика үшін Web-парақтарында жұмыс істеу мүмкіндіктері кеңейтілді.
Corel Xara пакетіне Web палитрасы да қосылған оның көмегімен ол анимациялық файлдар жасай алады.Анимациялық суретті Greate Bitmap Copy және Arrange құралдары арқылы бірнеше рет өзгертумен жасап шығаруға болады.GIF анимациялық файлдары сыртқы программалық модульдің болуын қажет етпейді ол автоматты түрде броузердің өзінде іске қосылады.
Corel Xara программасының мүмкіндігі шектелген болса да, басқа жағдайларды алып қарасақ бұл программа өзіне тең дәрежедегі программалар жоқтығына күмән келтірмеуге болады.Егерде қиын оригинал-макеттерін жасау қажет болса,не болмаса адам сурет салу пакеттерімен жұмыс жасауда жаңадан келсе онда бұл редактор өте жақсы толықтыру құралы ретінде роль атқара алады.
Canvas 5
Сурет салу мүмкіндіктері,растрлық суреттерді құрастыруды,бір программада бетті редактрлеуді біріктіргісі келіп Deneba Systems фирмасы Canvas 5 пакетін жасап шығарды,ол программа болса көптеген функцияларға ие болса да оны дұрыс қолдана алмайды.Canvas 5 пакетінің мүмкіндіктері көп десек те онымен жұмыс барысының басында сіз жасағыңыз келетін құжат типін таңдау тура келеді.Таңдаған типке байланысты – Presentation, Publication, Illustration-сізде әртүрлі мүмкіндіктер мен шектеулер болады,ал бұл пакет біреуінен екіншісіне ауысуға мүкіндік береді,бірақ бұл өте баяу іске асадыы. Illustration құжаты бір бет ішінде ғана орналаса алады,бірақ соған қарамастан бірнеше қабаттан болуы мүмкін, Publication құжаты болса бірнеше парақтардан тұрып бір ғана қабаттан тұрады.Және егер де сіз Publication жұмыс режимінен Illustration жұмыс барысына ауыссаңыз, онда тек Publication құжатының бірінші бетін ғана көре аласыз. Canvas 5 пакеті LOGO.EPS. файлын импорттай алмайды,ал басқа пакеттер болса оны импорттай алады.Бірақ онда сурет салу жеңіл және ыңғайлы.Ал егер программада қателер кетсе онда ол экран бетіне суретті бұзылған күйінде көрсетеді.Техникалық иллюстрациялар жасаған кезде оның құралдары өте ыңғайлы.Бұл пакет растрлық кескіндерді пикселдер деңгейінде ең бірінші болып салған болатын.Ол қазіргі кезде жаңадан мықты құрал-саймандармен толықтырылды.Енді бұл редакторда сурет фильтрлері бар,және де түс арнасын жөндейтін құралдары бар.Бірақ FreeHand-тен айырмашылығы мұнда Photoshop-тың сыртқы модульдері жоқ,бірақ та бұл пакет оның кей бөліктерін қолдана алады.Және де Corel Draw-дағы сияқты арнайы эффектлері болмайды.
Canvas-тың Web-браузерлері үшін сыртқы модульдері болмайды,бірақ ол GIF және JPEG файлдарын экспорттай алады.Ең соңғы айта кетер жәйт-егер де техникалық кескіндерді,сызбалар салу керек болса Canvas редакторын өте ыңғайлы пакет ретінде қолдануға болады,өйткені ол мұндай суреттерді безендіруде өте қолайлы болып табылып отыр.
2.2 Corel Draw 10
Corel Draw-дің соңғы бөлімдерінің ерекшелігі деп олардың жоғарғы интерактивтілігін айтуға болады. Интерфейсі болса жағдайға қарасты өзгеріп отырады ,сондықтан кез-келген операция істеу кезінде минимальді түрде қозғалыстар жасалынады.Осы редактордың әр жаңа бөлімдері өзіне векторлық графикамен жұмыс жасау үшін әртүрлі құралдар және материалдарды қосып отырады.Сонымен бірге оның интерфейсі де жақсартылған болып отырады.Барлық командаларды меню ішінде орналастырып немесе батырмалар панеліне еңгізіп қайта алып тастауға болады.Жәй фигуралардан басқа бұл пакеттің жаңа бөлімінде автофигуралар жасап шығаруға болады.Иллюстрацияға еңгізілген растрлық объектлермен пышақ және өшіргіштің жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.Көпсанды тілдер қолданылады,мәтінді форматтау мүмкіндігі де бар.Түспен жұмыс барысындағы қолданушы интерфейсі түбегейлі өзгерді.Енді алуан түсті суреттермен жұмыс одан әрі жеңіл болады,және де одан әрі сапалы суреттер алуға болады.Интернет үшін сурет салу мүмкіндіктері де жақсартылған.
Векторлықорлық форматтағы кез-келген сурет көптеген құрамдас бөлшектерден тұрады,олар бір-бірінен тәуелсіз түрде редактрленеді.Осы суреттің басты бөлшектері объект деп аталады.Объект туралы түсінік Corel Draw-да негізгі түсінік болып табылдаы.Объектіге мысал ретінде:тік бұрыш, дөңгелек, түзу,қисық сызық,көпбұрыш және т.б.
Кез-келген объект түзу немесе қисық сызытқармен қосылған(сегменттер)нүктелердің бірнеше санынан тұруы мүмкін.
-Осы пакеттің жұмысының көп бөлігі объектлермен жүргізіледі.Сондықтан үстінде атлған объектлер көп кездеседі.Осы объектледің құрамдарын өзгерту арқылы векторлық графикада керек суретті салуға ықпал етеді. Corel Draw-дің басты бір элементі ретінде кез-келген контур салуға көмектесетін қисықтар болып табылады.Бұл қисықтар Бизье қисығы деп аталады.Атақты математик Пьер Безье екі векторлар арқылы қисық сызуды салуға болатынын дәлелдеген.Оның осы тұжырымдамасы осы пакетте қисық салу негізіне жатьқызылады.Қисықтық мөлшері қисықтылығының манипуляторының ұзындығы арқылы анықталады. Осылайша манипуляторлар Безье қичығының түрінің негізі болып табылады.Егер де қисықтық манипуляторы сегменттің екі жағында 0-ге тең болса онда ол түзу боладжы.Ал егре оны ұзартса онда түзу сегмент қисыққа айналады.
Безье қисығының көп мөлшерінен кез-келген бір қисық салуға болады.Corel Draw 10-бөлімінде растрлық суреттерді қолдануға болады.Және де растрлық сурет жеке бір объект ретінде қарастырылады,сондықтан оны басқа объектлерге қарамай редактрлеуге болады. Corel Draw 10-бөлімі векторлық графикаға арналса да ондағы растрлық суреттер салуға арналған құралдары кейбір растрлық редакторлардан кем түспейді.
Иллюстрациямен жұмыс объектлерді құрудан,оны редактрлеуден және де орналасуынан негізін аладыЕң басында объектінің болжамы өлшемдерін салу керек, одан соң кескіні біріктіру арқылы анықталып,оны өшіру немесе толықтыру арқылы қалыптасады.Керек затты салғаннан соң оған түс беріледі және бояу объектісі таңдалынады.Редакторда стандартты фигуралар(тікбұрыштар,эллипстар,көпбұрыштар,автофигуралар,спиралдар,торлар.) мен қисық және түзу сызықтар салуға болады.Стандартты фигуралар арасында күрделі суреттер де кездеседі.Форматтаудың көп мүмкіндіктерінің болуы редактордың өзінде суреттермен безендірілген шағын мәтіндік құжаттар шығаруға мүмкіндік береді.Керемет эффектлерді пайдалану қарапайым объектлерден көркем сурет салуға жол ашады.Редакторда салынған әр сурет бір немесе бірнеше объектлерден тұрады,олар бір-бірін жауып тұра алады.Объектлер ретінде басқа редакторларда жасап шығарылған растрлық суреттерді пайдалануға болады.
Corel Draw 10-дакторының негізгі қасиеттеріне тоқтала кетсек:
• Қарапайым геометриялық фигуралар мен қисықтардың салу мүмкіндігі.
• Кез-келген объектлерді редактрлеу.түсін өзгерту,формасын өзгерту және т.б.
• Құжатта иллюстрация салу,дайын суреттерді қою.
• Әртүрлі суреттік эффектлерді пайдалану.
• Объектлердің барлығын керек жерде орналастыру,олардың ашылу ретігін анықтау.
Ескерту:Құрал-саймандар панелінде барлық батырмалар көрінуі үшін,жасалынып жатқан сурет жақсы көрінуі үшін,және экранда қосымша басқару элементтеріне орын жетуі үшін экран өлшемін 1024 нүктеден асатындай етіп орнатқан жөн.
2002 жылдың тамызында Сorel Draw редакторының 11-ші бөлімі шығарылды,ол қазіргі заман техникасына сай болып келеді.Ол қазіргі әлемдегі векторлық графикадан алда келе жатқан Adobe Illustrator-дан кем түспейді,кей жақтарынан одан асып түседі де.Бұл программада жұмыс істеген мамандар бұл редакторды өзінің негізгі құралы ретінде қарастырады.Қазір бұл редактор өзіне көптеген адамдар көзқарасын тартуда.Ол өзімен 12-жылдық эволюция нәтижесін көрсетеді, оны дизайнда, жарнамада, публикациялауда, және де интернетте кеңінен қолданады.Оның интерфейсі одан әрі жетілдірілген,және егер де қолданушыға көптеген құралдар туралы ақпаррат керек емес болса ол оны пайдалнбай-ақ та жұмыс жасай алады.Редакторды нұсқаумен танып-білу негізінен қиынға соғады.