1. Adobe PhotoShop редакторына түсінік



бет40/40
Дата09.10.2024
өлшемі303,22 Kb.
#147315
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1. Adobe PhotoShop редакторына түсінік-emirsaba.org

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, орай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Үш өлшемді графика. Үш өлшемді графиканың негізі векторлық графика болып табылады. Мұнда бейнелер компьютер жадысында құраушы объектілер түрінде сақталады. Объект 3-өлшемді болуы үшін оның бетін каркастық құрылғы ретінде үш өлшемді координата x,y,z түрінде және кеңістіктегі түйіндік нүктелер арқылы тұрғызу қажет.
Растрлық, векторлық, үш өлшемді графика статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Динамикалық үш өлшемді графика кинематографияда кеңінен қолданылады. Ал екі өлшемді графика x,y координатты графика мультфильмдерде және веб-беттерін өңдеуге қолданылады.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет