«Синтез» сөзінің мағынасы қандай? Синтез эссесінің өзге эсселерден айырмашылығын сипаттаңыз
Синтез (гр. ,synthesis құрастыру, тіркестіру). Сараптау категорияларын сауатты қолданады; ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін пайдаланады; қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытады және дәлелденген қорытынды шешiмге келеді; қолданған ақпарат көздері әртүрлі және ауқымы кең; мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрiп бередi.
Эссе синтезі-жаңа мәтін жасау үшін әртүрлі көздерден алынған ақпаратты біріктіру және талдау процесі. Эссе синтезі барысында автор әртүрлі дереккөздерден фактілерді, дәлелдер мен идеяларды жинайды, содан кейін оларды логикалық және дәйекті құрылымға ұйымдастырады. Эссе синтезі авторға белгілі бір тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды біріктіруге және өз позициясын ұсынуға мүмкіндік береді.
3. Аңдатпа және оны жазу жолдарына тоқталыңыз
Аңдатпа – еңбектің қысқаша сипаттамасы. Аңдатпада еңбектегі негізгі тақырыптық мәселелер қамтылады және сол еңбектің мақсаты, қысқаша мазмұны, кімге арналғаны, ғылымның қай саласын қамтитыны көрсетіледі.
Аңдатпаның оқырман үшін маңызы зор. Дұрыс және сауатты жазылған аңдатпа оқырманға оған белгісіз еңбек туралы алдын ала түсінік, хабар беріп, қажетті ақпаратты, еңбекті тез іздеп табуға көмектеседі. Аңдатпа көпшілікке түсінікті, қарапайым тілде жазылуы тиіс. Тақырыбы, аты-жөні, оқитын немесе жұмыс орны, санаты немесе курсы жазылып, ең соңында тірек сөздер жазылады.
15-билет Академиялық эссе жазудың мақсаты қандай?
Тапсырманы эссе түрінде берудегі негізгі мақсат – студенттердің білімін ғана емес, оны жеткізе білудегі қабілеттерін тексеру. Сондықтан да эссе тақырыптарының өзі қарапайым сұрақтарға қарағанда ерекше болып құрылады. Сұраққа жауап іздеу барысында студент өз ойын саралап беруіне мүмкіндік алады. Осыған байланысты студент өз бетімен зерттеу жасайды. Бұл студенттің көптеген зерттеу материалдарын қарауына итермелейді. Әдетте, эссе әрқайсысының өз алдына тиісті мақсатымен жазылатын кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттербөлімдерінен тұрады.