1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет15/19
Дата19.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#140928
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Академ жазу 1-18 сессия

Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді шешеді. .Проблемалық мақала –әрбәр мақалада белгілі бір дәрежеде көтерілген проблема болады да, солардың ішіндегі кейбіреулері әдебиеттің алдында тұрған теориялық және практикалық мәні зор, күрделі мәселерді қозғауымен де ерекшеленеді. Әдеби дамудың барысында, кқркемдік ізденістердің нәтижесінде ескінің ескіріп, жаңаның өмірге келуімен байланысты қанша жаңалықтар өмірдің есігін қағып жатады. Осыладрдың ішінде қайсысы өмірдің талабына сай, орны қандай, нақты шешімі қайсы деген сан алуан сауалдарға проблемалық мақала жауап береді. Демек, әдеби өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынып жазған мақаланы проблемалық мақала деп айтамыз.Проблемалық мақалада әдебиеттің идеялық көркемдік-эстетикалық, адамгершілік, тілдік, т.б. кесек мәселелері көтерілуі мүмкін. Мұндай мақалада әдетте әдебиеттің көп мәселелері қамтылмай,нақты бір проблема төңірегінде ғана тереңінен,кеңінен қамтыған салмақты әңгімме қозғалады.
Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады; Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.Теориялық сыни мақалалар көбіне әдеби дамуда ғылыми жағынан қажет болған құбылыстар,жаңалықтар болған кезде,соларды түсіндіру мақсатымен жазылады. Теориялық материалдарды көбіне,”академиялық” сыншылар жазады.
Ғұмырнамалық мақала-мақаланың жиі кездесетін түрі болып табылады.Бұл мақала жекелеген адамға арналған. Ол әдетте елгілі бір датаға байланысты жазылады.
Ескертпе-мақала-сирек кездесетін мақала түрі. Бұл мақалада немесе әдеби жиында айтылған пікірлерге байланысты жазылады. Автор айтылған пікірлердің кейбіреуіне келіспеуі, немесе қосымша түсіндірме, анықтама,толықтыру беруі ықтимал. Яғни, ескертпе мақала мақаладан туындаған- мақала, пікірден туындаған пікір. Мұндай мақалада бұрын айтылған пікір қошталып, дамытыла түседі, қосымша мәліметтер келтіріліп, айтылған жәйт кеңейе, тереңдей береді.
Айтыс мақала-Проблемалық мақала айтысқа (полемикаға) ұласуы мүмкін. Өйткені, мұндай мақаланың өзегінде дискуссиялық,мәселе көтеріп пікір айтушылық, не оны жоққа шығарушылық сарындары жатады. Айтыс мақаланың басқалардан айырмашылығы- мұнда мәселе өткір қойылады;нақтылы бір мәселе төңірегінде пікір барынша дәлелделінеді, немесе теріске шығарылады. Осы мақсатына жету үшін ғылыми дәлелділік, публицистикалық ұшқырлық, стиль саралығы барынша қолданылады. Өз ойын пірдің оғындай, нысанаға дәл жеткізу үшін сөз мағынасының барынша анықтығын, бояуының қанықтығын, бейнелілігін қажет етеді.
16 Билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет