1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары



бет1/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі


1.Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары.

Алашорда әскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды.


Алаш әскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, бірақ ондағы «...анархия болу қаупі бар, сол себепті осы күнгі әскер орнына халық милициясы құрылсын» деген сөздер сол күйінде қалды.Алаш немесе Алашорда әскері бастапқыда «халық милициясы», «халық әскері», «алаш әскері», «қазақ полкі» сияқты әртүрлі атаулармен аталды. Бастапқы қолданыстағы «милиция» сөзінің астарында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын әскер ұғымы жатқаны анық.ІІ-ші жалпы қазақ сьезінде халық әскерінің әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға соғыс өнерін үйрету, қажетті қару-жарақ, қаржы, көлік және тағы басқа заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықталып, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құру қажет» деген қаулы қабылданады. Бұл идеяны Жақып Ақбаев ұсынған болатын. Съезд қаулыларында нақты көрсетілгендей, Алаш әскерін құру үшін алдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтау, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, әскери мамандар (офицерлер мен инструкторлар) даярлау жұмысын айқындап, оған қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен жинайтын болды.Әрине, пұлсыз Алашорда да, оның комитеттері де ешнәрсе істей алмайтын еді. Сондықтан, «бұл істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы – ақшаны қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу еді. Орданың өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыра бастады». Осылайша Алашорда үкіметі адмирал А.Колчак, атаман Б.Анненков, атаман А.Дутовпен, орталықтағы Халық Комиссарлар Кеңесімен келіссөздер жүргізді. Айталық, Алашорданың батыс бөлімі 1918 жылдың көктемінде Мәскеудегі ХКК-нан сұралған 40 млн. қаражаттың 12 млн.-на қол жеткізген.
Жалпы, Алаш әскерінің іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді: 1) оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); 2) шығыс бөлімі (Семей); 3) батыс бөлімі (Орал). Ал әскердегі қазақ полктерінің саны шамамен 12-ге жеткен. Олардың ұрыс қимылдары Алашорда үкіметі құрылғаннан кейін күшейді.

Алаш әскерінің оңтүстік-шығыс бөлімі. 1918 жылдың жазында Алаш әскерін құруда ерекше көзге түскен – жетісулық Отыншы Әлжанов болды. «Ол Түркістан Комитеті (бастығы О.Шкапский) арқылы қазақ милициясына 500 мың сом ақша алдырып, оны Лепсі казначействосына салған, бірақ большевиктердің талан-таражына түскен. Көп кешікпей сол үшін «… большевиктер О.Шкапскийді баласымен бірге абақтыда атып өлтірген».


О.Әлжанов Отанды Қорғау Комитетінің құрамына кіріп, 300-ден астам адамнан әскер жасақтайды. Ақыры осы істің жолында большевиктер қолынан құрбан болады.Алаш әскерінің шығыс бөлімі. Азамат соғысы басталғанда Алашорданың орталығы Орынбордан Семейге көшкені белгілі. Сөйтіп, олардың алғаш қолға алған ісі халық әскерін құру болды. Бұл туралы тарихшы Е.Сайлаубайдың жоғарыда аталған мақаласында егжей-тегжейлі жазылған.
Семей облысына қарасты 22 болыстың әрқайсысынан 30 адамнан жинау көзделді. Соның нәтижесінде 700-ден астам қазақ милициясы құрылды. «Әйелі жоқ салт жігіттерге айына 60 сом, әйелі барларға 160 сом берілген. Бәрінің киім-тамағы һәм басқа шығындары қазынадан бөлінген».
Семейден бастау алған Алаш әскерін құру ісі еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын тапты. Ұлттық мерзімді басылым материалдарында «Қостанайда 2-ші қазақ полкі, Жаманқалада (Орск) — 3-ші, 4-ші, Оралда — 5-ші, 6-шы қазақ полктері жасалатыны» туралы мәліметтер кездеседі. Сондай-ақ, «Өскеменде қазақ капитаны Хамит Тоқтамышев ер көңілді қазақ жігіттерінен 1-ші полк пен офицер шығаратын медресе ашқан». Алаш әскерінің батыс бөлімі. Алашорданың батыс бөлімінің жетекшілері Орал облыстық қазақ сьезіне «1918 жылғы (ақпан) Орал казачествосымен одақтасу жөніндегі (кеңес өкіметіне қарсы) келісім шартты заңдық негізде даярлау; Орал казачествосына заттай және қаржылай көмек беру. Әсіресе, оның әскерін ат-көлікпен, жылқымен қамтамасыз ету; Қазақ офицерлерінің басшылығымен Уфадағы әскери үкіметке «Қырғыз милициясының» атын «Қырғыз халық армиясы» деп өзгерту мақсатында жіберілетін адамдарды белгілеу; Жымпитыдан 6 айлық юнкерлік қысқа курс ашу. Төменгі команданың құрамын даярлау үшін сауатты қырғыз жастарын (2 кластық білімі бар гимназистер мен реалистер, мектеп мұғалімдері) және оларды әскер ісіне үйретуге Орал казачествосынан әскери мамандарды шақыру» туралы ұсыныстарын білдірді.
1918 жылдың 8 маусымында Ә.Бөкейхановтың басшылығымен өткен Кеңес қаулысында көрсетілгендей, «біріншіден, милиция керек; екіншіден милиция атты болады; үшіншіден милицияға жігіт беру міндетті емес, ұлт үшін тіленіп жазылғандар кім болса міндетті қылып алу Алашордада болсын; төртіншіден милицияға керек ат, ақша жұрттан салықпен алынсын, байдан байша, кедейден кедейше; бесіншіден қанша ат, қанша ақша жинау еркі Облыстық Комитетке берілетін болды»

Алашорда үкіметі азамат соғысы жылдарында аталған Уақытша үкіметтермен тіл табысып, Орал, Сібір, Жетісу, Орынбор атты казактарымен тығыз байланыс орнатты және оларға Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасады. Сонымен қатар мүмкіндіктеріне қарай көмек беруді сұрады. Осы тұста 1918 жылдың 11 қыркүйегінде Құрылтай мүшелерінің Комитеті Алаш автономиясын танығанын және Самара Комитеті Алашордаға қару-жарақ, киім-кешек жағынан көмек бере бастағанын» айта кеткен жөн.


Ал, 1919 жылдың 27 тамызында адмирал А.Колчак Орал әскери үкіметі мен А.Кенжин бастаған қазақ делегациясын қабылдаған кезде қазақтардың мемлекеттік мекемелерін құру жұмысына кеткен қаржының орнын толтыруға 6 млн. сом көлемінде ақша сұралған және оның тезарада талқыланатыны» айтылған. Елде қалыптасқан осындай күрделі жағдайда Алаш әскері іске кірісті және оның ұрыс қимылдарының ауқымы кеңейді.
Алашорда әскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтиды».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет