1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


І-Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі



бет3/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

3. І-Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі.
1906 жылдың 27 сәуірінде ашылған Мемлекеттік думаның бірінші шақырылымына түркі-мұсылман халықтарынан 22 депутат қатысты. Думада партиялық фракциялар, ұлттық-аймақтық топтар және т.б. түрдегі депуттардың бірлестіктері пайда болды. Соның ішінде этнотерриториялық, этноконфессиялық негізде Мұсылман фракциясы құрылады. Қазақ депутаттары екі Думада да негізінен осы Мұсылман фракциясына мүшелікке өтіп, түркі-мұсылман халықтарынан сайланған басқа да көрнекті қайраткерлермен бірге қажырлы қызмет жасайды.
Бірінші Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлау жұмыстары 1906 жылдың ақпан-наурыз айларында жүргізілгенімен, қазақ даласындағы сайлау кешіктіріліп өткізілді. Оның үстіне Дала облыстары мен Түркістан өлкесіндегі тұрғындар үшін Жалпы сайлау заңдарынан бөлек Ерекше ережелер шығарылып, аталған аймақтағы халықтың сайлауға түсу мүмкіндіктері шектеле бастады. Соның әсерінен, жергілікті мыңдаған тұрғындары бар әр облыстан тек бір-бір депутаттан сайланады. Қазақ халқының арасында депутаттыққа сайлау жұмыстарыныңөткізілуін Ә. Бөкейханов өз естелігінде сынға алған болатын. Ол барлық қазақ даласындағы сайлаулардың ең соңғы уақытқа қалдырылып, тіпті Жетісу облысындағы сайлаудың Бірінші Мемлекеттік Думаның таратылу күніне дейін жүргізіліп үлгерілмегендігін атап өтеді [2,36-39-бб.].Сонымен қатар,Дала облыстарындағы сайлау мамыр-маусым айларында, яғни, Петербургтағы Дума өз жұмысын бастап кеткен кезде өткізіледі.
Бірінші Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан бұрынғы сот қызметкері А. Бірімжанов, Орал облысынан титулярлы кеңесші А. Қалменов, Семей облысынан Ә. Бөкейханов, Ақмола облысынан Ш. Қосшығұлов, Атстрахань губерниясынан Б. Құлманов пен Д. Ноян-Тұндұт сайланады .
А. Бірімжанов пен А. Қалменов Думаның жұмысына қатысып үлгереді. Ал Ә. Бөкейханов Петербургқа 8-шілдеде, яғни Думаның таратылуынан бір күн бұрын келген. Ақмола облысынан сайланған депутат Ш. Қосшығұловты облыстық сайлау комиссиясы орыс тілін жетік білмейді деген желеумен ұстап, ол да Думаның жұмыстарына қатысуға үлгермей қалады. Ал Түркістан өлкесіндегі сайлау 1906 жылдың тамыз-қыркүйек айларына қалдырылған болатын. Бұл мәселелер жөнінде Мұсылман фракциясының мүшесі, Уфа губерниясынан сайланған депутат Ш. Сыртланов аграрлық комиссияның сандық құрамын талқылау кезінде сөйлеген өз сөзінде Дума жұмыстарына үлгермей қалған, немесе кешігіп жеткен депутаттардың кінәлі еместігін, өйткені көп жерлердегі сайлау уақыттарының кейінгі уақытқа қойылғандығын атап өткен болатын. Ш. Сыртлановтың айтуынша, Мемлекеттік думадағы аграрлы комиссияға 99 адамды сайлау көзделген, ал барлық Кавказ, Сібір, Түркістан өлкесі және жалпы Орта Азия өкілдеріне тек қана 8 орын қалдырылған.
Қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен А. Қалменов Петербургке 10-17 маусым аралығында келіп, Думаның жұмысына араласа бастайды. Бұл кезде Думадағы негізгі мәселелер бойынша комиссиялар құрылып қойғандықтан, аталған екі депутатат олардың қатарына енбей қалды. Сондықтан қазақ депутаттары бастапқы кезеңде өздері қатынаса алмаған Дума отырыстарының есебімен және құрылған комиссиялардың жұмыс барысымен танысады
Көп уақыт өтпей А. Бірімжанов Думаның 36-отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияның құрамына қатысты өз ойын білдірді. Ол комиссияның құрамына бекітілген 99 адамның орнына 103 немесе 104 адамды сайлауды ұсынады. Сонымен қатар, бос қалған бес орынның үшеуін немесе кем дегенде екі орынды қазақ облыстарына (Жетісу, Семей, Торғай, Орал және Бөкей ордасы) беруді сұрайды.
Қазақ депутаттарын Дала облыстарындағы қоныстанушыларды орналастыру комиссияларының заңсыз әрекеттері алаңдатты. Бұл кезде Дала облыстарындағы қазақтар өз жерлерінен заңсыз түрде қуылып, олардың орнына қоныстану учаскелері қалыптаса бастаған болатын. Қазақ депутаттары бұл мәселені көтеріп, Министрлер кеңесінің төрағасына сұрау салып, оған 53 депутат қол қояды. Мұсылман депутаттары А. Бірімжанов, А. Қалменов, С. Жантөрин, А.-М. Топчибашев, Ш. Сыртланов және т.б. біріге отырып, қазақтар бұрыннан мекен етіп отырған жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтатуды талап етеді. Осылайша депутаттар Егіншілік және мемлекеттік мүлік министрлігінің заңсыз әрекеттерін қатаң сынға алады.
Депутат А. Қалменов те Думаның жұмыстарына белсене араласып, өзі мүше болған фракцияның басқа да депутаттарымен бірге №№18, 19 және 262 сұрау өтініштерді жасауға қатысады
Бірінші Мемлекеттік Думаның депутаттары негізінен саяси реформалардың тереңделе жүргізілуін қалап, Ресейді құқықтық мемлекеттке айналдырғысы келді. Мұсылман фракциясының мүшелері Думаның басқа да депутаттары секілді аталған бағытта қызу жұмыстар жүргізді. Мұндай талаптардың орындалуына жол бергісі келмеген император Николай ІІ 1906 жылдың 6 шілдесінде Думаны тарату жөнінде манифест жариялайды. Думаға мемлекеттіліктің негіздерін әлсіретуге ұмтылып, революциялық толқуларды жандандырды деген айып тағылды.
Бірінші Мемлекеттік думаның ғұмыры 72 күнге созылып, ол көптеген шиеленіске түскен мәселелерді шеше алмады. Дегенмен, Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясының құрылуы және оның жұмысы Ресейдегі түркі-мұсылман халықтары үшін маңызды оқиға болып, мұсылман қауымының белсенді өкілдері империяның саяси өміріне жаңа деңгейде араласа білді. Қазақ депутаттары санының аздығына қарамастан Думада қазақ мәселелерін көтеріп, көпщіліктің назарын Дала облыстары мен Түркістан өлкесіндегі жергілікті халықты қыспаққа алған патша әкімшілігінің отарлық саясатына аудартуға тырысты. Қазақ депутаттары мүщелікке өткен Мұсылман фракциясы Мемлекеттік дума арқылы Ресей мұсылмандарын алаңдатқан мәселелерді толықтай шеше алмаса да, фракция мүшелері өз халықтарының діни-мәдени болмысын сақтап қалу, мұсылмандардың ресейлік азаматтар ретіндегі теңдікке заң жүзінде және іс жүзінде де қол жеткізу міндеттерін айқындап алды.
Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 ж)
Бірінші Мемлекеттік думадағы 436 депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттары Мемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақ депуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді. Мұсылман фракциясы елдегі оппозициялық саяси күштермен бірікті. Олармен бірге Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның құқын кеңейте түсуді, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Мемлекеттік дума қолына тапсыруды талап етті. 1907 жылы ашылған Екінші Мемлекеттік думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман халықтарының өкілдері болды. Бірақ онда мұсылман депуттары бір фракция төңірегіне топтаспады. Олар “Ресей мұсылмандары одағы” және “Еңбек партиясы” бағдарламасын қолдаушылар болып екіге бөлінді. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдаушылар МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫна бірікті. Оның төрағасы болып Мұхаммедкәрім Биглов сайланды. Ал бюросы құрамында Б.Қаратаев, Қ.Тевкелев, ұ.Маһдиев, Х.Хасмамедов, Ф. Хан-Хойский кірді. Олар әзірлеген бағдарламада Мұсылман фракциясының мақсатына сай саяси, экономикалық, діни, т.б. бірқатар реформаларды жүзеге асыру жолында Ресейдің мұсылман азаматтары іс-әрекеттерін біріктіруі керектігі атап көрсетілді. Үшінші Мемлекеттік думаға Қазақстан және Орта Азия халықтары қатыстырылмады. Сондықтан ондағы 442 депутаттың 10-ы ғана мұсылман халықтарының өкілдері болды. Олар Мемлекеттік дума мәжілістерінде Түркістан өлкесі мен дала облыстарына өз алдына діни басқарма құру қажеттігін, мұсылман дінбасылары құқықтарын христиан-православие дінбасылары құқықтарымен теңестіру мәселесін көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет