1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


«Болашақ» бағдарламасы және заманауи білім беру жүйесі



бет9/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
40. «Болашақ» бағдарламасы және заманауи білім беру жүйесі.
Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Болашақ – Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген.
1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Стипендиаттар санын арттыру қажеттілігі уақыт талабы болып отыр. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайларында мемлекет бəсекеге қабілетті экономика үлгісіне жəне Қазақстан үшін басымды индустриалды-инновациялық даму, білім жəне ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне басқа да салалардағы мамандарға қажеттілік ұдайы өсіп келе жатқан салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдаған.
41

Ұлттық валюта-бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Теңгенің тарихы ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV-ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын.


Мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен отандық суретшілер Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда қазақ валютасының дизайнындағы портретін бекітті. Дизайнерлердің жаңа валюта кескінін әзірлеу жұмыстары Алматы қаласында ерекше құпия жағдайда жүргізілді. Бұл туралы дизайнерлерден басқа мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген. Осылайша, теңге алғаш рет Ұлыбританияда басылып шықты. Сондай-ақ, жаңа валютаның атауына қатысты да бірқатар ұсыныстар болған. Елбасы Н.Назарбаев «Алтын» атауын ұсынды. Кейіннен жаңа ақшаны ХV ғасырда Отырар қаласында «таньга» атауымен басылып шыққан манетаға ұқсастырып «теңге» деп атау туралы шешім қабылданған. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылып, 15 қараша ұлттық валютамыз айналымға енгізілді.
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Теңге бейнесінің жаңаруы
2006 жылы 15 қараша күні ұлттық валютамыздың жаңа дизайнмен әрленген 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары қолданысқа жіберілген. Дизайн мемлекеттік рәміздерді, еліміздің сәулет нысандары мен табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қазақстанның осы заманғы бейнесін береді. Қолайлылық үшін номиналдарды сандық және жазбаша белгілеулер ірі қаріптермен басылған. Мәдениет пен ғылымның және саясаттың әр түрлі салаларындағы Қазақстанның ірі қайраткерлерінің портреттерін ұлттық ою-өрнекпен үйлестіріп шығару туралы шешім қабылданған. Ал артқы бетінде сәулет ескерткіштері мен Қазақстанның әсем көріністері орналасқан
Төл теңгенің жеткен жетістіктері /
2011 жылдан бастап ұлттық валютаның төртінші буыны қазақстандықтардың қолына түсе бастады. "Самұрық" сериясына 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттар кіреді. Олардың алдыңғы жағында "Қазақ елі" монументі және ұшып тұрған көгершіндер бар. Артқы жағында суретшілер елорда панорамасын (биліктің бөліну принципін бейнелеуге арналған), Алматы панорамасын, Ертіс өзені мен Үстіртті орналастырған. Теңге 17 қорғаныс дәрежесіне ие: сутаңба, қауіпсіздік жіптері, мөлдір терезе, ультрафиолет қорғанысы, сериялық нөмірлер, сәйкес кескіндер.
42
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел...
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.

1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады.



ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.
43
Еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы да ширек ғасырдан асып барады. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын көз көрді, көңіл сенді. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағыттағы атқарған істерінің орны бөлек екені шындық, соның ішінде халықралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласының алдағы тағдыры үшін аса маңызды бастама болатын. Елішілік қатынастарда, сондай-ақ сыртқы саясатта да осы бастамасын сөзімен де, ісімен де жандандыруға бар күшін салды.
Ел ішінде ұлтаралық татулыққа дем бере отырып, Тәуелсіздік алғанға дейінгі қалыптасқан жағдайды бірден өзгертуге әрекет жасамады. Есесіне мемлекет құрушы ұлттың ұзақ уақыттағы арман-тілегін жүзеге асыруды ұзақ мерзімді даму сатыларына негіздеді. Қазақы ұғым-түсінік тұрғысынан алғанда «батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатын» заңдылығын ұмытқан жоқ, қарапайым халықтық философияның түйінді тұсын алыс мақсаттарға арқау ете білді. Бірнеше ғасырға созылған бодандық езгіден есеңгіреген елдің болашағын тыныштықпен байланыстырды. Қару тұрған жерде тыныштық болмайтынын тереңнен түсінді, сөйтті де ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Басқасын айтпағанда жаңа заманаға сай экономикасы мен қорғанысы жағынан да дербес саясат жүргізіп көрмеген Қазақстанның сол тұстағы жағдайы қорғансыздың күнімен бірдей еді. Сондай бір сындарлы тұста қолда бар қарудан бас тарту аса үлкен ерлік пен болашаққа деген көреген сенімді қажет ететін еді. Н.Назарбаевтың алапат қарудан бас тарту шешімін сол кезде көпшілік үшін аса түсінікті болмағаны да шындық...
Ядролық қару қай елдерде бар?
Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.
Аталған институттың мәліметі бойынша, 2017 жылдың басында қуатты қаруы бар тоғыз мемлекетте жедел қолданысқа дайын барлығы 4 150 дана ядролық қару болған. SIPRI есебінше, бұл елдердің жалпы қорында осы жылдың басында ядролық оқтұмсықтардың саны 14 935-ке жеткені айтылады. Дегенмен, бұл өткен 2016 жылғы көрсеткіштен 15395 дана аз екені де белгілі болды. Ядролық заряды көп елдер тізімін көршілес Ресей Федерациясы бастап тұр. Ресей арсеналында бас-аяғы 1 950 ядролық заряд бар. Ал АҚШ-тың иелігінде бұл көрсеткіш 1800 ядролық заряд пен 5000 өзге де оқтұмсықтарды құрайды. Институттың дерегі бойынша көш соңындағы Солтүстік Корея елінде 10-нан 20-ға дейін ядролық заряд бар екен.

Қару соғыс құралы, ол бар жерде тыныштық болмайды дейтін қарапайым қағиданың тағы бір мысалы. Қазіргі шексіз билікке ұмтылған мемлекеттер мен олардан қалғысы келмейтіндер арасындағы негізгі дау осы қарудың айналасында. Қырғиқабақ көзқарастардың нәтижесі әлем елдері арасындағы сенімсіздікке алып келді. Қаруға кеткен қаржы экономиканың әлсіреуіне, қарапайым халық тұрмысының төмендеуіне бірден-бір баспалдақ болып отыр...

Ядролық қару – адамзатқан төнген қауіп

Бейресми мәліметтер бойынша дүниежүзілік соғыс басталардың алдында Еуропадағы фашистік тәртіптен қашқан ғалымдар АҚШ-та бас қосып, қуатты қаруды жасауға қызығушылық танытқан екен. Өткен ғасырдың 40-жылы Америка үкіметі Еуропадан келген ғалымдарды Ұлттық ғылыми және әскери зерттеу орталығына жинап, жеке ядролық қару жасау жобасын қолға алады.

Алдағы бір-екі жыл көлемінде ғалымдар fission-uranium-235 және плутонийдің (Пу-239) басты материалдарын дайындаумен шұғылданды. Атом бомбасы алғаш рет «ядролық бомбаның әкесі» деген атпен танылған Роберт Оппенхеймердің жетекшілігімен АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Лос-Аламос деген жерде сынақтан өткізіледі.
Әріге бармай-ақ қояйық, атом бомбасынан қазақтың да көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды...
Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі

Өткен жылдың наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде жария етілген болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі БҰҰ-ның басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастыққа жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді. ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуінен кейін «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Әлем. XXI ғасыр» манифесі дамыған және дамушы елдердің нақты істерінің тиімді басшылығына айналуы тиіс. Бүгінде жер бетінде ғылыми жетістік ретінде саналып, түрлі қуатты қару шығарылып жатыр. Алайда, олардың қаншалықты қаупі барын, болашақта қандай мақсатта қолданылатыны көлеңкеде қалып қояды.


Бұл ретте Елбасымыз «Соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды», – деп орынды ұсыныс білдірді. Шындығында әлем елдері жеке мүддесі үшін жанталаса қаруланып, адамзатқа ортақ мүддені назардан тыс қалдырып отырған секілді. Мұндайда бір елдің тәуекелге барып, өзгелерге үлгі ұсынуы, жалпы адамзаттық мүдде үшін әрекет етуі кез-келгеннің қолынан келе бермейтін көрегендік. Мемлекет басшысының манифесі туралы әлемге белгілі сарапшылар, мамандар оң пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ-тың The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды.

«Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың нәтижесінде бір жарым миллионнан астам азаматы мен ауқымды территориясы радиацияға ұшыраған еліміздің тарихи тәжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді. Қару және ядролық материалдар қорын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелді. Алайда, әлдеқайда берік қауіпсіздік барлық тараптың өзара қауіпсіздігіне бағытталған құрылымдар арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Ядролық қару бұдан былай Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды», – делінген мақалада.

Адамзат баласы ертеден-ақ биліктің, үстемдіктің негізі қуатты қаруда деп біліп келгені жасырын емес, алайда жаңа ғасыр өз перзентінің алдына қатаң талап қойып отыр: не бұл жолдан бас тартамыз, не өз орны толмас өкінішке тап боламыз. Бұл бұрынғы көзқарастардың көнергенін көрсетеді. Жаңаша ұғымдарды қалыптастыратын уақыт келді. Парасат бәсекесіне жол ашылуы тиіс, адам баласы бір-бірінен білім-парасаты арқылы ғана биік тұра алады. Адамзат дамуының бастауында осы идея билік құрған болатын, соған қайта оралатын уақыт жетті.
44
1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті.
1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. 1993 жылғы Конституцияда келісім және саяси тұрактылық, халықтын игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру түсіндірмелері енгізілмей қалған болатын. Елбасының кадағалауымен бұл түсініктер 1995 жылы қабылданған Конституцияға енгізілді.

Конституцияға «Парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. Парламенттің жоғары палатасы төменгі палатаның «бұқара халық талаптарына аса көңіл бөлуін қадағалау» мақсатында құрылды. Жалпы, Сенат республика басшысы мен төменгі палата Мәжіліс арасындағы жалғастырушы құрылым міндетін аткарады.

1995 жылғы Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат өкілеттілігі — 6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі — 5 жыл. Осы уақыттан бастап кәсіби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени және басқа мүдделерін ескере отырып Президент өзі тағайындайтын болды. Мәжіліс — 77 депутаттан тұрды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы — Марат Оспанов.

Президенттік баскарудың жаңа жүйесі аткарушы биліктің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін арттырды. 1995 жылғы Конституцияга сәйкес Прсзидент мемлекет басшысы және жоғарғы қызмет тұлғасы болып табылды. Бірак атқарушы билік оған тікелей басшылық ете алмайды. Яғни, Президенттің Үкіметтен арақашықтығы байқалды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституция мен «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарынын мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес заң шығарушы орган мен онын мүшелерінің мәртебесі айқындалды. Қос палаталы Парламент Жоғарғы Кеңестер сияқты жылына 2—3 рет өткізілетін сессияларға жиналып отыратын өкілді орган емес, сессиялары жылда қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, келер жылғы маусымның соңғы жұмыс күні біткенше тұрақты қызмет ететін, еліміздегі заң шығару функциясын жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органға айналды. 1995 жылы сайланған Парламент — 500-ге жуық заң қабылдады.

Конституциямыздың 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке берілді. Парламент заң шығару қызметімен қатар, осы зандардың орындалуын бақылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 53-бабына сәйкес парламент Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттінің орындалуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі — Парламенттің үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының қабылдануымен сайлау жүйесінің жаңа кезеңі басталды. Қазақстанның Сайлау туралы заңнамасының негізін 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (консти-туциялық заң күші бар) Президент Жарлығы құрайды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірінші шақырылымдағы Парламент Сенатына сайлау —1995 жылы 5 желтоқсанда өтті. 1995 жылғы Парламент сайлауы науқанының ерекшелігі саяси бірлестіктердің өзара бірігуі болды. Сенатқа — 40 депутат, 19 облыстан және Астанадан 2 адамнан сайланды. 7 депутатты Қазақстан Республикасы Президенті тағайындады. Сенат төрағалығына — Өмірбек Байгелді сайланды.

Қос палаталы Парламенттің 1996 жылғы 30 қаңтарда өткен бірінші мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «...біз Қазақстанның шынайы, өркениетті парламентаризмінің мөлдір баста-уында тұрмыз» деп атап көрсетті. Елімізде кәсіби парламент қалыптаса бастады. Парламентаризм дамуында парламенттің заң шығарушы қыз-метпен кәсіби айналысу, депутаттық қызметтің кәсібиленуі, бір палаталы құрылымнан екі палаталы құрылымға өтуі бағыттары қалыптасты.

Қазақстан тарихында Парламент ең алғаш рет 1996 жылдың қаңта-рынан бастап тұрақты негізде заң шығару функциясын атқаруға кірісті. Конституцияның 3-бабының 4-тармағында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады», — деп көрсетті.

Дерек көзі «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010ж. 133-135 беттер. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат



Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.
49. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.
I-ші Съез
І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды.Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті. Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты. Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.
II-ші Съез
2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылы Астана қаласында өту шешімі қабылданды. Форум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысты. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.
III-ші Съез
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан тұлғалар қатысты. Христиан конфессиясынан рим - католик, орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді.Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен будда дінінің өкілдері қатысты.
Съездің бірінші күні "Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі" атты жалпы отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара "Моральдық және діни құндылықтар", "Сұхбат және ынтымақтастық", "Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік" атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданды.
IV-ші Съез
2012 жылы 30-31 мамырда Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі болды. Форумның негізгі тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы» болып, онда 40 мемлекеттен 85 делегация қатысты. Съез қортындысы бойынша қатысушылардың үндеуі қабылданды. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты осы жер жарының болашағы үшін өзара іс-қимыл, бейбітшілік пен келісім, әділеттілік пен жасампаздық шақырды.
V-ші Съез
2015 жылы 10-11 маусымда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астана қаласында өткізілді. Бұл іс-шараға 42 мемлекеттен 80-нен астам делегация келді. Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен даму үшін диалог» болып белгіленді, себебі әлемде тыныштық пен келісімді орнатуға негізгі қадам ымыраға келуге дайын болу. Съезд жұмысының қортындысына сәйкес қатысышылар тарапынан бірлескен декларация қабылданып, түрлі елдердің барлық саяси және діни қайраткерлеріне 21 ғасырдың сын-тегеуіріндері мен қауіптеріне қарсы бірлесе қарсы тұру қажеттігі туралы үндеу жасалды.
50. «Қазақстан-2030» стратегиясы және оның орындалу барысын баяндаңыз.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: Аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: Бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: Азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: Іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау, осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
51. «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты. Оның мақсаты мен міндеттерін баяндаңыз (2012 ж. 14 желтоқсан).
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды.
Оның басты мақсаты:
• мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру
• Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
• Барлығы да адам игілігі үшін лайықталған мемлекетке айналу.
«Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауы.
«ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1. 1.Инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші.
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
6. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
7. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Бұл білім беруді жаңарту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Он екі жылдық білім беруге көшуге байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, яғни инновациялық қызметті дамытуды талап етеді.
ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМНІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МІНДЕТТЕР
• Оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу
• Педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру
• Педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту
• Кадрларды даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру
• Білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу
• Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту
Бағдарламаның қарастыратын істері
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
• Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
• Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
• Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
• Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
• Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
• Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
• Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы
52. ХХ ғ. басындағы аграрлық қоныс аудару саясаты. Отарлау саясатының күшеюі. XX ғасырдың басы Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.
1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.
Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.
1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
53. Д.А.Қонаев және Кеңестік Қазақстанның дамуы.

Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.

1942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді.

Ұлы Отан соғысы жылдарының алғашқы кезеңінде, яғни 1941–1942 жылдары, неміс-фашист басқыншылары КСРО-ның Мəскеуге дейінгі батыс аудандарын басып алған болатын. Сондықтан Сталин басқарған Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қазақстаннан вольфрам мен молибден концентратын күрт көбейтуді талап етті. Себебі танкілердің сауытының мықтылығы оның құрамындағы вольфрам мен молибденнің пайыздық мөлшерде жеткілікті болуына тікелей байланысты болатын. Сондықтан да Д.А.Қонаевқа Ақшатаудағы вольфрам комбинатының салынуын жеделдету міндеті тапсырылды. Сонан кейін Балқашқа барып, Қоңыраттың қалайы руда кендерінен алынатын молибден концентратының құрамын тексеріп жақсарту ісі тұрған еді. Бұл үшін ең алдымен кен көзінің бар-жоқтығын тексеруге барлау жасап, өндіріс орнын тұрғызу міндеті тұрды.

54.«Аманат» Халықтық Демократиялық Партиясы. Тарихы, басшылығы, идеологиясы.

Партияның ребрендингі-бұл уақыт талабы. Әлемдік инфрақұрылым, Ішкі саяси болмыс қарқынды өзгеруде. «AMANAT» партиясы осы өзгерістерге сәйкес келуі қажет. ХХ ғасырдың ортасында жетекші американдық саясаттанушы Дэвид Истон партиялық жүйенің демократиялық қоғамдағы орнын нақтылады. Оның тұжырымдамасына сәйкес, » партия қоғамның саяси жүйесінің кіреберісінде орналасқан және оның басты міндеті-қоршаған орта сигналдарын қабылдау, яғни. саяси жүйеге түсетін үміттерде, уәждерде, мүдделерде, артықшылықтарда, идеологиялық көзқарастарда көрінетін азаматтық қоғам».

Кез-келген елдің саяси жүйесінде партия немесе партия блогы ажырамас және көбінесе орталық бөлікті алады. Бұл Қазақстан да ерекшелік емес. Бүгінгі таңда жетекші партияға саяси күш ретінде ғана емес, сонымен бірге саяси тұрақтылық пен сабақтастықтың негізі ретінде де шоғырланатын рөл беріледі. «AMANAT» партиясы үлкен саяси тәжірибесі бар, қалыптасқан институт болып саналады.

55.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.


56.Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістердің тарихи маңызы.

Күштеп ұжымдастыру 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
57. «Мәдени мұра» бағдарламасы: зерттеулер мен нәтижелері.
Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады.Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады.Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді. Жақында өткен жылдары біз дара биліктер айырылу тұңғиығында тұрдық. Біздің бәріміз қол жеткізген тәуелсіздігіміз бізді осыдан құтқарып және біздің қайнар көзімізге іздеуге қайтарды. Қазіргі компьютерлік технологиялар, жаһандық үдерістер ғасырындағы жағдайда мәдени мұраны сақтау әрбір халық үшін маңызды мағынаға ие болып, әлем халықтары ұқсастығының жоғалуына әкеліп соғады. Сондықтан бүгінгі күні мәдени мұраны сақтау барлығы үшін өзекті мәселе болып отыр.2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті.
Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған.
«Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу.
Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру;
«Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленуде. Мемлекеттік бюджеттен мәдени мұраны жүйелендіруге, сақтауға және дамытуға маңызды құрал бөлуге қарастырылған. Бірінші кезеңінде 2,7 млрд.теңге, екінші кезеңінде – 4 млрд. аса, үшіншіге – 5 млрд.аса қаражат бөлінді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру.
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.
Ең маңызды жоба Дамасктағы Сұлтан Бейбарстың мавзолейін қалпына келтіру болып табылады. 1266 жылы Бейбарыстың өзімен салынған бұл кешен мектептен, мұражайдан және мавзолейден тұрады. Жұмыс барысында кешеннің барлық қабырғалары мен сәулет пішіндері бекітілген, сериялық мамандарды шақыртумен нақыштарға, әшекей рәсімдеулерге, 200 мыңнан аса раритетті кітап сақталынатын мұражайға қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталды. Каирдағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру шеңберінде қазақтандық тарап жұмыстарды қаржыландыру бойынша барлық міндеттерін орындады. Сондай ақ Дамасктағы тарихи мәдени орталығының және Әл Фараби Мавзолейінің құрылысы жалғасуда, ол мешіттен, тарих және мәдениет бойыша экспозиялық залдардан, оқу залы бар кітапханадан, конференц залдары мен қонақ үйлерден тұрады.
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.
Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында – Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ, Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша- бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені.
«Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек - бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларынығ бірі – деп Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті.
Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді.
Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады.
Бүгінгі күннің ең маңызды тапсырмаларының – туып өскен мәдениетінің әдеп-ғұрпын жақсы білетін, өз елін тарихын жақсы көретін, елдің болашағын сеніп тапсыратын ұрпақ тәрбиелеу.
Сөйтіп, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады.

58. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» 1991 ж. 16 желтоқсан.


1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.
Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.
Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.
«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады».
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады.
Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады.

59.Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі (2017 жыл, 26 қазан).


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болды
.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болды.Қазақ жерінен табылған орта ғасырларға тиесілі «Орхон-Енисей жазулары», Жамбыл облысының Шу өңірінен табылған Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігі» біздің жазу мәдениетіміз ертеден басталғанын көрсетеді. Ал «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы біздің халқымызға да ортақ. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.
Халқымыз ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. 900 жыл бойы қазақ жерінде араб әліпбиі қолданылып келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әліпбиіміздің жиі ауысқаны туралы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде атап көрсеткендей, 1929 жылғы 29 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы» қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ әліпбиін өзгерту тарихи, негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
Иә, шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, әлемдік өрениетке негізделген латын әліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз. Жалпы, кириллицадан латын алфавитіне көшу – еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері дүркін-дүркін көтеріліп келе жатқан мәселе. Ал ресми түрде ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен басталады.
Сол жиында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел, соның ішінде посткеңестік кейбір елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», деген салиқалы ойын білдірді.
Бұдан кейін де Елбасы бұл мәселеге бірнеше рет қайта оралды. Кезекті Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы ойларын таратып айтты. «Бұл ой еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын», дей келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.
Бұл – ұлт болып шешуге тиіс қағидатты мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деген болатын. Елбасы бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауымызды талап етті. Біздің еліміз көп ұлтты болғандықтан, латын әліпбиіне көшуді жан-жақты саралай келіп, бірте-бірте жүзеге асырудың қажеттігін ескертті.
Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр. Әуелі тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады. Және түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылады.
Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз. Жаңа латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан басқа да сан ұлттың тілдік жағдайларын да қамтитын жақсы алфавит болып шықты деп ойлаймын.
Биыл латын әліпбиінің жаңа нұсқадағы бірнеше жобасы тілші-ғалымдардың, әдебиетшілердің, жалпы жұртшылықтың талқылауынан өтіп, осы бекітілген нұсқа қабылданып отыр. Бұл әліпбиді жасауда бұрынғы нұсқалар, латын әліпбиіне көшкен туыстас елдердің тәжірибесі ескерілді. Әрине, талас-тартыс та, келіспеушіліктер де аз болмағаны белгілі. Пікірдің әр-алуандығы мұндайда өте қажет. Сол пікірлердің ең бағалысы іске септігін тигізгені анық.
. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та бүкілхалықтық талқылаудың барысын жіті қадағалап, бағыт беру арқылы әліпби нұсқасының өміршең болуына көмегін көп тигізді. Ол өзі де ақыл-кеңесін айтып отырды. Енді, міне, жаңа әліпбиіміз өмірге келіп, күпті көңіліміз жайланғандай болып отырмыз. Ұзағынан сүйіндірсін.
Мемлекет басшысы өзінің Жарлығында жаңа нұсқада беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін бекітумен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құруды, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етуді, бұл жөнінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдауды тапсырды..

60. Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. 2017 жыл, 27 сәуір.


Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы. Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»,-деп жазады Президент. Осы орайда екінші бағытта басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау жасау қамтылып отыр. «Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады»,-дейді Н. Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет