1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Қазақстан Республикасының «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның жүзеге асу барысы



бет38/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

96. . Қазақстан Республикасының «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның жүзеге асу барысы.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2008 жылдан бастап, Елбасының идеясымен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның басым бағыттары: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу болып отыр. Жобаның мәні туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген еді. Бүгін де осы мақсатқа жету үшін еліміздің ғылыми элитасы қоғамды зерттеп, оның интеллектуалды әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Сондағы ғалымдардың бірі әрі бірегейі əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның пікірін білген едік. Профессордың айтуынша, Қазақстан халқының интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып, бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары. «Біз өмір сүріп отырған қоғам жаңа талаптар мен міндеттерді ұсынуда. Оның басты себебі неде? Ақпарат немесе білім қоғамы ғылым мен технологияны, сондай-ақ олардың қоғаммен байланысын мүлдем жаңа арнаға бұрды. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқын алуы азаматтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасын өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болды. Қазіргі заманғы ғылым жаңа технологияларды өндірумен қатар, қоғамның рухани құндылықтарына бағытталған жаңа саланы - гуманитарлық технология саласын дүниеге əкелді. Соңғы жылдары Қазақстан қоғамының интеллектуалдық əлеуетінің дамуы жəне өзекті проблемалары зерттеліп, талдау жүргізіле бастады. Қазақстандағы гуманитарлық құндылықтардың заманауи қағидаларын талдау, қажетін қабылдау, құндылығын сақтау, дəстүрін жалғастыру - жаңа заманның, өрлеуге бет бұрған қазақ елінің басты мақсаты, айқын мұраты. Ақпараттық қоғам немесе индустриалдық қоғамның дамуын тереңірек зерделеуде өзге елдердің тəжірибесіне сүйенеріміз анық. Дегенмен өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымыз, ұлттық интеллектіміз бен əлеуетімізді тек өзіміз құраймыз, өзіміз жасаймыз жəне ол тек бізге керек», - дейді Гүлмира Серікбайқызы. Алайда, интеллектуалдылық бірден қалыптаса қоймайтын қасиет. Әрбір адамның интеллектуалдылығын арттыру үшін соған сай орта қалыптастыру керек екендігін алға тартады. «Адамның интеллектуалды əлеуетін инвестиция ретінде қарастыру үшін де бізге сол адамды интеллектуалды азамат ретінде қалыптастыру керек жəне оның интеллектуал болып өсуі үшін де салым салу керек. Салым дегеніміз, сол азаматтың зерделі де сергек, зерек те зиялы болып өсіп, қалыптасуына қажет қаржылық-материалдық, рухани-мəдени, өнегелі-тəрбиелік ортаны жасай білу дегеніміз. Сонда ғана қоғамға интеллектуалды азамат өз тарапынан қарымын қайтара еңбек етеді. Бұл тұрғыда біздің əлеуетіміз қаншалықты деп сұрамастан бізді басқалар атап көрсетіп, нысана етерліктей қашан жоғары деңгейде дамимыз деген сұрақтың жауабына жетуіміз керек. Мұның өзін таяуда Елбасы бағдарламалық мақаласында нақтылап берді: «Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың əл-ауқатқа жəне жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады». Қазақстан ғылымында адам капиталының дамуы мен интеллектуалды қоғам əлеуетін арттыруға арналған гуманитарлық технология саласы бойынша зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай зерттеулердің бастауында профессор Сұлтанбаеваның да тұрғанын атап өту керек. Бұл мəселеге жаңа дем беріп отырғаны рас. Жəне де елімізде ұлттың интеллектуалдық капиталы қалыптасуына бағытталған мемлекеттік реформалардың тиімді жүзеге асуына қатысты гуманитарлық базис əзірленуіне, сараптамалар жүргізілуіне ықпал етерлік ғылыми орта қалыптастыратыны тағы бар. Елбасы қолдауымен іске асқан зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің құрылуы осы саладағы зерттеулерді жүргізудің балама құрылымдары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет