1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі және Астана тарихы



бет12/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

66.Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі және Астана тарихы.
2005 жылғы 9 маусымда Ақордада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабының тұсау кесері өтті Н. Назарбаевтың 2005 жылы жарық көрген “Еуразия жүрегінде” атты кітабы сол Астана қаласының тарихына арналған. Кітаптың алғы сөзінде Н. Назарбаев: “Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразаияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық”-деп жазса кітаптың соңында “Нұрсұлтан Назарбаев, 1993-2005.”-деген жазу бар Демек, кітаптың пайда болуының объективтілігі, тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті салаларының бірі – Астана қаласының дүниеге келуі, оның көрсетілген жылдар аралығындағы, яғни сегіз жылдық тарихының кітапта бейнеленуі. Астана тарихы кітапта тек жазба түрде ғана емес,сонымен қатар қала тарихы, оның ғиамараттары көркем фотосуреттер арқылы да бейнеленген. ліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1960 жылдың 26 желтоқсанында Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. Бір қызығы, Целиноградтың біршама уақыт астана болғаны да бар. Бірақ Қазақстанның астанасы емес, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының қақ ортасында әлдебір автономиялық құрылым өмірге келуі тиіс еді. Өз заманында Никита Сергеевич Хрущев Қазақстан құрамында автономиялы әкімшілік-аумақтық субъект – Тың өлкесін құру туралы шешім қабылдаған болатын. Осы автономияның астанасы Целиноград болды. Одан да сорақысы, Хрущев тың өлкесін РКФСР-дың заңдық құзырына беруге ұсыныс жасағаны бар. Бірақ Хрущевтің ойы жүзеге аспай, тың өлкесі Қазақ КСР құрамында қалды және кейін тың игеру науқаны аяқталған соң, күні өткен аумақтық құрылым ретінде жойылды. Ақыры Целиноград астанаға айналды: Целиноград – Ақмола – Астана болып дәйекті бірнеше рет қайта аталып отырып, тәуелсіз де егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды
Астана қаласының бас сәулеткері - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 1998 жылы 10 маусымда Қазақ елінің жаңа елордасы – Астана қаласының тұсау кесер тойы өткізіледі. Оған көптеген алыс-жақын шет мемлекеттердің басшылар, саяси тұлғалар келді. Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы кеңесінің және қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі мен 10 маусым «Астана күні» болып белгіленді. 1998 жылы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ң шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі, әрі қуатты өсуге, тұрақты этникалық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әртүрлі елдерінің 12 қаласын басып озды. 1999 ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласы бейбітшілік қаласы болып жарияланып, қазіргі уақытта халықтар достастығының алтын бесігі, ірі мәдениет орталығына айналды. Содан бері Астанамыз қазақ елінің гүлденуі мен жаңаруының символы іспетті. Бұл аз ғана уақыт ішінде шын мәнінде нағыз қазақтың ұлттық орталығы болды. Отарлық бұғауындағы бір ғасырдан кейінгі тарихта тұңғыш рет тәуелсіз өз мемлекетін құрған ұлтымыздың шын мәніндегі елордасына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет