2. Алтын Орданың әлсіреуі мен құлауына әкелген сыртқы және ішкі факторлар кешенін талдаңыз: ұлыстық күрес, Шағатай мемлекетінің құрылуы. Алтын Орданың әлсіреуі, 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда ішінде алаусыздық күшейеді, 1357-1380 жылдар арасында 20 хан ауысады, 14 ғасырдың 60 жылдарың өзінде мемлкеттің астанасы Сарайда бір жылдың ішінде 4 хан ауысады, Ішкі саяси жағдай әлсірейді, бұны тарихта Ұлы Дүрбелең кезеңі деп атайды, Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орда, 1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі, Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді, бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған, 1382 жылы Тоқтамыс хан билігін нығайту үшін Мәскеуді өртейді, Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған мемлекетті бас көтерместей етіп талқандайды.
Алтын Орда 15 ғ ортасында Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді, 1502 жылы соңғы билеушісі Шейх Ахмед өлгеннен соң Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады
3. XIV-XV ғғ. ортағасырлық мемлекеттердің пайда болу және даму үрдісін жүйелеңіз: Ақ Орда (XIII ғ. соңы мен XV ғ. басы), Моғолстан (XIV ғ. ортасы мен XVI ғ. басы), Көшпелі Өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы (XV соңы мен XVI ғ.). Қазақстан тарихында XIV—XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан түріктілді және моңғолтілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі. Моңғол ұлыстатары құрамына зорлықпен енгізілген халықтар мен елдердің, облыстардың дербес дамуы жолындағы күресі, олардың ішкі өміріндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай ұрпақтары мемлекетінің азып-тозып ыдырау процесін тездетеді, моңғол өктемдігі орнағаннан кейінгі Қазақстан территориясы осынау екі мемлекет құрамына кірген еді. Моңғол жаулаушылығының тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілік кәсібі, қала өмірі, қолөнері өндірісі, оңтүстік-шығыстағы жер өңдеп, егін салу қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтарымен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтіріледі. Қоғамдық қарым-қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.
Моңғолдан кейінгі кезең (XIV—XV ғғ.) Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Казақстанның (парсы және түріктілді бастаухаттарда Казақстанның бұл бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.
Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихынын осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары — Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз мемлекеті — Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы. XIV ғ. мен XV ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып қалуы — енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің түзілуі сияқты, ерекшелігінің тууына себепші болғанын да атап өту қажет. Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процесі жаңа ұйымдасып жатқан көрші түрік халықтары — қазақ, өзбек, қырғыз, татар, ноғай т. б. үшін де — белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мәнді құбылыс.
Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде XIII ғ. орта кезі мен XV ғ. бірінші ширегінде Ақ орда мемлекеті болады. Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (XIV ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлегін (сол қанатын), әкесінің көзі тірісінде, үш інісімен бірге, Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Ичен) алады.
Әбілғазының айтуынша (XVII ғ.) осыңау жерді оған інісі Батухан XIIIғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болады. Рашид әд-Динге жүгінсек, Батухан ұрпағының вассалымыз деп сөз жүзінде ғана мойындайтын «өз ұлысының тәуелсіз алдиярлары» болады.
Ақорданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы, бірақ оның территориясы Алтын Ордаға тәуелділігі әлсіреуіне орай, бірте-бірте кеңейіп қалыптасады. Орда Еженнің ұлысына әуелгі кезде Жетісудің солтүстік-шығыс бөлегі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала кіреді. Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен Төменгі Сырдария бойында Жошының тағы бір ұлы — Шәйбанның ұлысы болды. Плано Карпинидің айтуынша, XIII ғ. орта кезінде Орда қосыны Ертіс бойында, Алакөл маңында болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпағы билеушілерінің өкімі Шәйбан ұлысына да яғни кәзіргі Қазақстанның күллі жеріне жүрген, оған тек Шағатай мемлекетінде, сосын Моғолстан құрамында болған Жетісу ғана енбеген. Енді Ақорданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне көшеді де, Сығнақ қаласы астана болады. Әсілі, осы оқиғаға байланысты мемлекеттің аты өзгергенге ұқсайды: бірқатар зерттеушілер Қазақстан жеріндегі осы бір мемлекетті Көк Орда деп атайды. Teгі, Орда Ежен иелігінің аты бастапқы кезде Көкорда, ал Шәйбанның ұлысы — Ақорда деп аталса керек. (Бәлкім, Батуханның бүкіл иелігі — Шәйбан ұлысын да қоса — Ақорда деп аталса керек). Шәйбан ұлысы Орда ұрпақтары иелігі құрамына кіргеннен кейін, бүкіл мемлекет Ақорда деп аталып кетеді. Тарихи деректерде бұл атау XV ғ. бастап белгілі (Муин әд-Дин Натанзи т. б. авторлар). XIV ғ. соңынан бастап Ақорда жері, сол сияқты, Өзбек ұлысы деп аталады.
Ақорда дербес мемлекет ретінде, моңғолдан соңғы кезеңде, шаруашылық қайта түлеп жанғыра бастаған, жергілікті түрік және түріктенген ақсүйектер рөлі күшейген жағдайда туып қалыптасты. Онда ежелден Қазақстан даласын мекендеген түрік тілді тайпалар және Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде Шығыс аудандардан осы араға ауып келгендер тұратын. Соңғылары ішінде түрік рулары тайпаларымен бірге, түріктенген моңғол тайпалары да бар еді. Бұл жерді қыпшақтар мен наймандар, үйсіндер мен арғындар, қарлықтар мен керейттер (керейлер), қаңлылар мен қоңыраттар, маңғыттар т.б. көптеген тайпалар қоныс еткен еді.
4.Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасына сипаттама беріңіз. Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті-Қыпшақты мәдени игеру деңгейі туралы жаңа археологиялық қазбалардың пайда болуының, қала құрылысының маңыздылығын анықтаңыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған негізгі ойлар мен Президент Қ.К.Тоқаевтың «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында: «Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керектігін» мақсат еткен ғылыми жиынға Түркия, Өзбекстан, Татарстан мен Қазақстанның Жошы ұлысын зерттеп жүрген тілшілері, тарихшылар, әдебиеттанушылар, дінтанушылар, ЖОО ұстаздары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Ғылыми жиын қатысушылары Алтын Орда тұсында жазылған әдеби жәдігерлер мен рухани мұралардың бүгінгі түркі халықтарының руханиятындағы орны, қолжазбалардың хал-жағдайы, олардың зерттелуі мен алда атқарылар мәселелер, әсіресе түркі елдерінің интеграциясы жолында ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерінің соның ішінде Алтын Орда жазба жәдігерлерінің маңыздылығына назар аударды.
Іс-шара барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы К.Матыжанов Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар аясында ұйымдастырылған конференцияны өткізу тарихымыздың тереңде жатқандығын насихаттауға, Алтын Орда мен көне түркілер арасындағы сабақтастықты зерттеуге, Алтын Ордадан бастау алған қазақ хандығының тарихын жас ұрпаққа үйретуге жол ашуға түрткі болатындығымен байланысты деп атап өтті.
Осы жиында сөз алған Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Насимхан Рахмонов «Алтын Орда әдеби кеңістігінің өзіне тән ерекшеліктері» баяндамасында Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген жазба жәдігерлердің жанрлық ерекшеліктері, генезисі, идея-мазмұнына кеңірек тоқталып, бүгінгі әдебиеттің даму барысымен салыстырып өтсе, Ыстанбұл университетінің профессоры, доктор Абид Назар Махдум «Алтын Орда дәуіріндегі түрік әдебиетіндегі діни және сопылық ұғымның негіздеріне, қолданылуына және кейінгі дәуірлерге әсерін шолу» еңбегінде Алтын Орда тұсында жазылған діни-танымдық, діни-дидактикалық және діни-сопылық әдебиеттің бастаулары мен кейінгі дәуірлердегі әдеби шығармаларға әсері туралы кеңірек тоқталды.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек Алтын Орданың мемлекеттік құрылымына Ясауи ілімінің әсері, сол тұстағы діни-әлеуметтік мәселелер туралы «Ясауи жолының Алтын Орданың мемлекеттік жүйесіне ықпалы» баяндамасында арқау етсе, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр Алтын Орда тұсында жазылған әдеби жәдігерлерді зерттеудегі негізгі мәселелерге тоқталып, алдағы атқарылар мәселелер мен сол заманда жазылған мәдени ескерткіштерді ұлттық құндылықтар негізінде зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының жоғары ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Азат Ахунов Құтбтың «Хұсрау-Шырын» поэмасындағы тарихи және әдеби синтез: Әт-Табаридің «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» контексі негізінде» баяндамасы арқылы Алтын Орда тұсында жазылған Құтбтың «Хұсрау-Шырын» дастанының жазылу тарихына үңіліп, ондағы сюжеттер мен образдардың қалыптасуындағы Әт-Табаридің «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» еңбегінің әсеріне, Алтын Орда ханы Жәнібек пен ақын Құтб арасындағы байланыстарға ерекше назар аударды. Ал Анкара университетінің профессоры, доктор Абдулла Гундоғдының «Жошы ұлысының түркі әлеміндегі ортақ мұрасына шолу» баяндамасы Алтын Орда мемлекетінің бір кездері алып империя болғандығын, көршілес елдермен сауда-саттық, экономикалық және саяси-дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандығы, Осман империясының тарих сахнасына шығуындағы Жошы ұлысының рөлі турасында өрбіді.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Алымжан Хамраев «Рабғұзи және қазақы мифтік сана» баяндамасында Алтын Орда тұсында жазылған Бурһануддин Рабғұзидің «Қиссасул-әнбия» еңбегіндегі аңыз-әпсаналар, хикая-дастандарға тоқталды. Бүгінгі қазақ мифтерінің Рабғұзидің шығармасындағы көрінісі, түркілік наным-сенімдер хақында сөз қозғаса, Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Шәмшидин Керім «Алтын Орда және Ислам» тақырыбындағы баяндамасына ХІІІ-ХV ғасырлардағы ислами құндылықтарға тоқталып, Берке ханның Исламды қабылдап, Алтын Ордада мемлекеттік дін ретінде жариялағанын, содан дәстүрлі Исламның негіздері қалыптасқандығын арқау етті.
Ал Алтын Орда жәдігерлерінің зерттелу тарихы, сол дәуірдің жазба мұраларын зерттеуде қазақ ғалымдарының қосқан үлесі және бүгінгі жас ғалымдардың осы саладағы орны туралы SILKWAY Халықаралық университеті Түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сейсенбай Құдасов «Алтын Орда жазба ескерткіштерінің Қазақстанда зерттелуі» баяндамасында атап өтті. Оның сөзін жалғаған Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценті Ерғали Есбосынов «Ахмет Жафероғлу – мәмлүк-қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттеушісі» баяндамасында қыпшақ тіліндегі жазба жәдігерлерді зерттеудегі Ахмет Жафероғлұның тәжірибесін алға тартып, бүгінгі докторанттар мен магистранттарға ғылыми тақырып беруде Алтын Орда тұсындағы ескерткіштерге назар аударуды, соның нәтижесінде болашақ түркітанушыларды қалыптастыру жағына назар аударса, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева ХІV-XV ғасырлардағы Алтын Орданың ру-тайпалық құрамының ерекшеліктеріне тоқталды. Ал Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы Алтын Орда мен Мысыр арасындағы мәдени-әдеби байланыстар жайында сөз қозғады.
Келелі ойлар мен терең зерттеулерді арқау еткен жиында ғалымдар бұл жұмыстардың әлі де көптеген басқосуларға арқау болатындығын назарға алды. Осы орайда «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан бірнеше жобаның қолға алынғандығын айта кеткен абзал. «Ұлы дала жауһарлары» сериясымен биыл жарық көретін «Ежелгі дәуір әдебиетінің» 2-3-томдары қарахандықтар мен Алтын Орда тұсында жазылған жазба жәдігерлерге арналатын болса, Алтын Орда ескерткіштерін зерттеу бойынша шетел ғалымдарымен бірлескен жобалар да дайындық үстінде. Онлайн-конференцияда алдағы жобаларды жоспарлау, ғылыми негіздеу жағы да пысықталды.