1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары


Биені қолдан ұрықтандыру әдістері -



бет14/24
Дата26.12.2023
өлшемі109,36 Kb.
#143484
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
2 ВКЗ КАЗ

15. Биені қолдан ұрықтандыру әдістері - Қазіргі кезде биені тек жылқы зауыттарында, ғылыми зерттеу жылқы шаруашылығы институттарында қолдан ұрықтандырады. Басқа малды ұрықтандырғандай мұнда да биенің күйлеу феноменінің айқын көрінген кезін анықтау керек.
Құлындағаннан кейін биелер 7-8 күннен кейін –ақ күйлей береді. Күйлеу мерзімі 7-12 күнге дейін созылады. Қай кезде ұрықтандыру керектігін білу үшін күйіттеуші айғырларды пайдаланумен бірге жиі-жиі тік ішекке қол салып аналық ұрық безіндегі фолликульдің дамып жетілуін бақылап отыру керек. Ұрықтандыруға ең қолайлы кезең деп фолликуланың 3 және 4-ші дәрежедегі пісіп-жетілу кезін айтады. Бұл кезде ұрық безінің сыртқы пішіні үшбұрыштанып немесе шар тәрізді дөңгеленіп былқылдап тұрады.
Биені сұйытылған шәуетпен де, сұйытылмаған шәуетпен де ұрықтандыра береді. Ұрықтандыруға спермийлердің қозғалу белсенділігі 5 балл, ал егер мұздатып қатырған шәует болса, еріткеннен кейінгі белсенділігі 3 балл шәует қолданылады. Мөлшері ересек биеге 40мл, байталдарға 25-30мл шәуетті тереңірек жатыр денесіне жібереді. Биені ұрықтандырғанда көбінесе, И.И.Ивановтың қалың резиналы түтігі мен Растяпиннің ампуласы қолданылады. Биені артқы екі аяғына шідер салып мойнына тартып өрелеп,байлап қояды. Көмекші кісі биенің жүгенінен ұстап, алдыңғы бір аяғын көтеріп ұстап тұрады. Ұрықтандырушы –техник полиэтиленді қолғап киіп, сыртын сабындап резина түтікшенің үшкір ұшынан ұстап, қынап арқылы ақырындап жатыр мойнына жеткен соң, оның арнасына резина катетерді 12-15см тереңдікке кіргізеді. Содан кейін шприцтің поршенін басып немесе Растяпин ампуласын жоғары көтеріп шәуетті жатырға жібереді.
Күйлеген биені күніне бір рет немесе күнара овуляция болғанға дейін 2-3 рет, кейде 4 рет ұрықтандырады. Ұрықтандырылған биелерді 1,5 ай өткен соң тік ішек арқылы буаздыққа тексереді.

16. Ұрықтың биохимиялық қасиеті – ұрықтың құрамында шамамен 25% құрғақ зат және 75% су бар. Құрғақ заттың 85% - ы белоктарға, 13,2% - ы липидтерге және 1,8% - ы минералдар болып табылады. Ұрықта фосфордың едәуір мөлшері бар (шамамен 2,7%), ал басында оның мөлшері 4% дейін жетеді. Ұрықтың бастарында көптеген нуклеин қышқылдары бар, ал құйрықтарында липидтер және ұрықтардың өмірлік процестеріне белсенді қатысатын әртүрлі ферменттер бар. Ұрықта келесі минералдар бар: натрий, магний, калий, кальций фосфор, хлорсутек және күкірт қышқылдарының тұздары түрінде, сондай-ақ органикалық қышқылдардың тұздары түрінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет