1. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не?



Дата31.12.2021
өлшемі17,76 Kb.
#23426
Байланысты:
сөзжасам


1. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не?

А. Екі не бірнеше сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл.

В. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл.

С. Екі не бірнеше сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл.

Д. Екі не бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөзжасамдық тәсіл.

Е. Ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына туғызу


2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді анықтаңыз.

А. алыс-беріс

В. қою, қоюшы

С. сал, салым

Д. ою, ою

Е. шал, шалғы


3. Дұрыс көрсетілген сөзжасамдық тізбекті анықтаңыз.

А. көр-көру, көруші, көрушілік

В. көр- көрме, көрмеге

С. көр- көрімін, көруші

Д. көр, көрген, көргенмін

Е. көрік, көрікті бала


4. Мына туынды сөздер қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған?

әке-шеше, алыс-жуық, қол орамал, аса таяқ.

1. аналитикалық

2. синтетикалық

3. семантикалық

4. фонетикалық

5. жоғарыдағының бәрі.


5. Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз не?

A. Екі түбірлес сөздің бірінің мағынасы екіншісінің жаңа мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас

B. Бір сөзден бірнеше мағына жасалуы

C. Туынды сөздердің бір жұрнақ арқылы жасалуы

D. Бірнеше сөздердің ұқсас мағына беруі

E. Бірнеше сөздің бір мағына беруі


6. Синтетикалық сөзжасамдық тәсіл дегеніміз не?

A. Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағына жасау тәсілі

B. Ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына туғызу

C. Тұлғалық өзгеріске түсіп, жаңа екіншілік мағына туғызу

D. Сөздердің мағынасының дамуы

E. Сөз мағынасының тарылуы


7. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?

A.Бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік бағыттағы мағыналық жиынтығы.

B.Бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің көлбеу бағыттағы мағыналық жиынтығы.

C.Бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік және көлбеу бағыттағы мағыналық жиынтығы

D.Сөз мағынасының кеңеюі

E.Сөз мағынасының тарылуы


8. Дұрыс берілген сөзжасамдық тізбекті анықтаңыз.

A. Көр-көру, көруші, көрушілік

B. Көр- көрімін, көруші

C. Көр- көрме, көрмеге

D. Көр, көрген, көргенмін

E. Көрік, көрікті бала


9. Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздер тізбегін тап.

A. Базар, базарлық, базаршы, базарлау

B. Базар, назар

C. Базар, базардың

D. Базарға бару

E. Базарда жүр


10. Қазақ тіл білімінде сөзжасам саласын зерттеген алғашқы еңбек кімдікі?

A.Н.Оралбаева

B. Ғ.Қалиев

C. Ғ.Мұсаев

D. Б.Қалиев

E. Р.Сыздықова


11. Сөзжасам пәніне қатысты терминді белгіле.

A.Сөзжасамдық ұя

B. Жұрнақ

C. Сөз табы

D. Морфема

E. Модель


12. Қазақ тілі сөзжасамының зерттеу нысанын көрсетіңіз.

A.Туынды сөз

B.Морфема

C.Түбір


D.Дыбыс

E.Сөз тіркесі


13. Қазіргі қазақ тілі сөзжасамын зерттеген ғалымдар қайсысы?

A.H.Оралбаева, С.Исаев

B.А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов

C.А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев

D.Қ.Жұбанов, Б.Сағындықұлы

E.К.Құсайын, Ә.Қайдар


14. Сөзжасам нені зерттейді?

A.Туынды сөздің мағынасын зерттейді

B. Заттың түрін, түсін, пішінін, көлемін, сынын зерттейді

C. Сөздің құрамын зерттейді

D. Сөздің ауыспалы мағынасын зерттейді

E. Сөздің мағынасын зерттейді


15. Сөзжасамдық ұя дегеніміз не?

A. Жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы

B. Қосымша жалғанған сөздердің ұясы

C. Түбір сөздердің жиынтығы

D. Сөздердің тізбегінен құралған атаулар

E.Белгілі сөздердің семантикалық жолы, түрленуі


16. Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?

A. Түбірлес туынды сөздердің тобынан құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі

B. Түбір сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі

C. Қосарланған сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі

D. Біріккен сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі

E. Негіз сөздерден құралатын сөзжасамдық ұя бірлігі


17. Сілтеу есімдігін анықта.

A. әне


B. және

C. енді


D. әлді

E. әрі
18. Жұрнақ жалғанған сөз қайсысы?

A. сандықша

B. кітаптар

C. жерлерге

D. дәстүрмен

E. адамда
19. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақты тап.

A .–лық, -лік

B .–ақ, -ек

C.–шылтым, -шілтім

D. –қылт, -ғылт

E. –ғыш, -гіш


20. Тіліміздегі семантикалық жағынан қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөз табы қайсысы?

A.етістік

B.зат есім

C.сан есім

D.сын есім

E.шылау
21. Сөзжасамның зерттелуі неше кезеңді қамтиды?

А) 5

В) 3


С) 4

Д) 2


Е) 8
22. Сөзжасам өз алдына жеке сала ретінде қай жылы танылды?

А) 1989


В) 1991

С) 2001


Д) 1988

Е) 1999
23. Сөзжасамның ұяларындағы сатылар туралы кімнің еңбегінде қаралды?

А) Н.Қоқышева

В) Н.Оралбаева

С) А.Ысқақов

Д) З.Бисембаева

Е) С.Исаев
24. “Сөзжасамның единицасы -туынды сөз” деген кімнің пікірі?

А)З.Бисембаева

В) С.Исаев

С)Б.Қасым

Д) Н.Оралбай

Е) А.Ысқақов


25. Негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалу тәсілі:

А) Синтетикалық тәсіл

В)Аналитикалық тәсіл

С) Лексико-семантикалық тәсіл

Д) Фонетикалық тәсіл

Е) Грамматикалық тәсіл


26. Сөзжасамның тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, лексико-семантикалық деп қай ғалым бөлді?

А)Н.Оралбай

В)Б.Қасым

С)С.Ысқақов

Д)С.Исаев

Е)З.Бисенбаева


27. Сөзжасамның тәсілдерін фонетика-семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық деп қай ғалым бөлді?

А)Б.Қасым

В)Н.Оралбай

С)З.Бисенбаева

Д) А.Ысқақов

Е)С.Исаев


28. Тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы:

А)сөзжасам

В)сөзқосым

С)сөзтіркесім

Д)сөзжасамдық тәсілдер

Е)жаңа сөз тудыру


29. Сан есімнің аналитикалық тәсіл жасаудағы ерекшелігі:

А) сөздерді қосу және көбейту арқылы үшінші сөздің шығуы

В)сан есімде аналитикалық тәсіл жоқ

С) жұрнақ жалғану арқылы

Д) жалғау арқылы сөз бен сөзді байланыстырады

Е) екі сан есімнің тіркесуі арқылы аналитикалық тәсіл жасайды


30. А.Байтұрсыновтың сөз таптарына, сөзжасамдық қасиеттеріне, жасалу жолдарына тоқталған еңбегі

А)Тіл құралы

В)Ана тілінің әдісі

С) Оқу құралы

Д) Баяншы

Е) Әліпби астарың

31. Туынды сөздi табыңыз.

A) Бақытсыз


B) Бақыт
C) Бақытпен
D) Бақытының
E) Бақытым
32. Жұрнақ сөз тудыру сипатына қарай қалай бөлiнедi?

A) Өнiмдi, өнiмсiз

B) Сөз түрлендiруші
C) Сөз тудырушы
D) Дара, күрделi
E) Омоним қосымша
33. Қай қосымша сөзжасамның бірлігі?

A) Сөзжасамдық жұрнақ


B) Жалғау
C) Сөз түрлендіруші жұрнақ
D) Сөз өзгерiм қосымшасы
E) Сөзбайлам қосымшасы
34. Қосарланған сөздi белгiлеңіз.

A) Әскери-саяси


B) Елтаңба
C) Егемендi
D) Дәйексөз
E) Жарнама
35. Синтетикалық тәсiлдiң мазмұнын табыңыз.

A) Сөзге сөзжасам қосымшасын жалғау


B) Екi негiздiң бiрiгуi
C) Екi негiздiң қосарлануы
D) Сөздердi қысқарту
E) Сөздердi тiркестiру

36. Киіз  үй,  ақ  үй,  жетімдер  үйі  туынды  сөздеріндегі  киіз,  ақ,  жетімдер


сөздері қалай аталады?

A) Тірек сыңар


B) Көмекші сыңар
C) Толымсыз сыңар
D) Ауыспалы сыңар

E) Тұрақты сыңар


37.  Он бір, он үш, он алты, он сегіз сан сөздердегі тірек сыңар қайсы?

A) Он
B) Сегіз


C) Алты
D) Бір
E) Үш
38.  Күрделі сөздердің төрт түрін ата.

А. Қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз
В. Қысқарған сөз, туынды сөз, түбір сөз, сөзжасам
С. Қос сөз, түбір сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз
Д. Біріккен сөз, қосарлама қос сөз, түбір сөз, тіркесті сөз

Е. Тіркесті сөз, қос сөз
39. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді тап.

А. Дір – дір

В. Әке – шеше

С. Қысы – жазы

Д. Ата – ана

Е. Күні-түні
40. Жұрнақ дұрыс жалғанып тұрған сөзді көрсет.

А. Әнші
В. Әнге
С. Әнгер
Д. Әнді

Е. Әнмен
41. Жұрнақ дұрыс жалғанып тұрған сөзді көрсет.

А. Әнші
В. Әнге
С. Әнгер
Д. Әнді

Е. Әнмен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет