1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Тоқ ішектің бөлімдері, құрылысы



бет28/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
27.Тоқ ішектің бөлімдері, құрылысы.
Тоқ ішек (толстый кишечник). Бұл ас қорыту саласының соңғы бөлігі болып саналады. Ол құрсақ қуысының оң жақ мықын бөлімінде, аш ішектің тоқ ішекке қосылған жерінен басталып, артқы анал тесігімен аяқталады. Тоқ ішектің ұзындығы 2,5 м, басталар бөлігінде диаметрі 8 см болса, аяқталар бөлігінде 4-5 см болады.
Тоқ ішектің құрылысы аш ішекке қарағанда ерекше, ол аш ішекті қоршай, жиектеп тұрған шеңберге ұқсайды. Тоқ ішектің қабырғасы кілегей, ет және сір қабаттардан түзілген. Кілегей қабатында түкшелер мен қатпарлар аз, лимфатикалық фолликулалар да шамалы, ал оның есесіне крипталар мен түтікше және бокал тәрізді бездері көп те, сөлдерінің құрамында ферменттер аз болады. Тоқ ішектің атқаратын жұмысы қорытылмай қалған тағам қалдығын жылжытып, суды кері сіңіріп, нәжісті қалыптастырады. Ет қабаты көлденең және ұзына бой ет талшықтарынан түзілген. Ұзына бойы жатқан ет талшықтарының ерекшелігіне келсек, олар лента тәрізді ішектің үш жерінде жинақталған. Осы ленталар ішекті үш жерінен жинақтап, ерекше буылтықтар жасайды. Тоқ ішек негізінде соқыр ішек пен оның құрт тәрізді өсіндісі (аппендикс), өрлеме бөлігі, көлденең бөлігі, төмендеу бөлігі, қима (сигма тәрізді) бөлігі, тік ішек болып бөлінетін алты бөліктен тұрады.
Соқыр ішек (слепая кишка) – жамбастың оң ойысында жатады, ені 5-6 см, ұзындығы 6-8 см болады. Бұл тоқ ішектің кеңейіп келіп қалталанған бөлігі, сондықтан оны бүйен деп те атайды. Ішіндегі қатпарлары жарты ай тәрізді болып келеді. Соқыр ішектің түбіне ұзындығы 2-см ден 12 см-ге дейін жететін құрт тәрізді өсінді (аппендикс) жалғасып жатады. Ол ас қорытуға қатыспайды. Оның соқыр ішекке ашылған аузы өте тар келеді, бірақ кездейсоқ түскен тамақ, әсіресе бактериялардың түсуіне байланысты қабынып, іріңдеп ауруы мүмкін, оны аппендицит деп атайды.
Аш ішектің соқыр ішекке ашылар жерінде қос ерінді қақпақша жатады. Ол қақпақшаның маңызы - тағам қалдықтарын кері аш ішекке жібермей жауып тұру.
Тоқ ішектің өрлеме бөлігі көтеріліп келіп бауырдың астыңғы жағынан оңға иіледі де, көлденең бөліміне ауысады.
Көлденең жиекті ішек арт жағынан құрсақ қабырғасына шажырқаймен беки отырып сол жақтағы бүйректің алдымен төмендеу бөліміне ауысады, төмендеген жиекті ішек құрсақтың сол жақ қабырғасымен төмен қарай түсіп, сол жамбас ойысына дейін барады да, тоқ ішектің қима (сигма) бөлігіне ауысады. Ішек құрылысы жағынан гректің көлденең жатқан сигма әріпіне ұқсас келеді, сол себептен бұл бөлігін сигма бөлігі деп те атайды. Бұл жамбастың сол мықын бөлігіне бекиді де, сегізкөз тұсында тік ішекке ауысады. Бұл ішек бөлігінде нәжіс қалыптасады, осыған байланысты қима ішек деп те аталынады.
Тік ішек (прямая кишка) – тоқ ішектің соңғы бөлігі, ол кіші жамбас қуысында орналасқан. Бұл сегізкөз тұсынан басталып, анал тесікпен бітеді, оның ұзындығы 16-18 см, диаметрі 4-5 см аралығында болады. Тік ішектің төменгі жағында ет талшықтары жақсы жетілген. Олар анал тесікте адамның еріксіз және ерікті қысқыштарын (констрикторларын) түзеді. Ерікті қысқышы көлденең жолақты ет ткандерінен, еріксіз қысқышы бірыңғай салалы ет тканінен түзілген. Тік ішектің айналасында орналасқан мүшелердің жыныстық ерекшеліктері де бар. Егер ер адамда тік ішектің алдында қуық және қуық түбі безі, шәует көпіршігі орналасқан болса, әйел адамда жатыр, жатыр түтіктері, қынап жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет