1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Аталық жыныс ағзаларына сипаттама. Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының құрылысы, қызметі



бет40/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

43. Аталық жыныс ағзаларына сипаттама. Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының құрылысы, қызметі.
Аталық жыныс мүшелері.Аталық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы мүшелер болып бөлінеді. Оның ішкі мүшелеріне шәует шығаратын өзек, шәует көпіршектері, қуық түбі безі, ал сыртқы жыныс органдарына сыртқы жыныс мүшесі, несеп каналы және аталық жыныс безі, ұма жатады.
Аталық жыныс безінің (яичко) сырт пішіні эллипс тәрізді, салмағы —25—30 грамдай. Аталық жыныс безі аналық жыныс безі тәрізді екі түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысы деп жыныс клеткаларын — сперматозоидтарды шығаруын, ішкі секрециялық жұмысы деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын айтады. Аталық жыныс безінің арт жағына жабыса оның қосалқысы жатады. Оның жоғарғы толықша келген жерін басы, орта жерін денесі, ал төмен қарай жіңішкере келген бөлігін құйрығы деп атайды. Осы соңғысы жіңішкеріп келіп бұрылыс жасаған жері шәует шығарар өзекке жалғасады. Аталық жыныс безі сырт жағынан тығыз дәнекер тканінен тұратын ақ қабықшамен қапталған. Осы ақ қабықшасы бездің арт жағынан без ішіне перделер беріп, без затын 300-ге дейін жететін бөлшектерге бөледі. Бұл бөлшектер құрылысы жағынан иректі түтікшелерден тұрады. Осы иректі түтікшелерінің аралығын дәнекер ткань байланыстырып жатады. Иректі түтікшелер екі түрлі тршалардан құралады (56-сурет). Бірінші түріне әр түрлі сатыда дамыған сперматозоид клеткалары жатса, екіншісіне — сортолли клеткалары жатады. Соңғылары даму кезіндегі жыныс торшаларының қоректену қызметін атқарады. Дамып жетілген торшалары (сперматозоидтар) иректі түтікшелердің эпителий клеткаларының көмегімен тік түтікшелерге, тік түтікшелер бездің бір шетінде торлы түтікшелерге көшеді. Сонымен, без заты иректі, тік және торлы түтікшелерден тұратынын көреміз. Соңғысы торлы түтікшелерден аталық безді оның қосалқысымен байланыстырып жатқан 15—16 байланыс түтікшелерге жалғасады. Олар қосалқылық иректі түтікшелеріне ұласады. Бұлар қосалқысының төменгі жағында бірігіп шәует шығарар өзек түзеді. Оның ұзындығы 40—50 см-ге дейін барады.
Аталық жыныс безі қосалқысымен және шәует шығарар өзектің басталар бөлігімен ұма ішінде орналасады. Осы аталған мүшелерге артерия тамырлары қанды әкеліп, вена тамырлары әкетіп отырады, сонымен қатар оларға лимфа тамырларымен нерв талшықтары да келеді.
Жыныс безіне келетін қан тамырлары мен нерв талшықтары сонымен бірге шәует шығарар өзек, дәнекер тканьді қабақшасымен жабылып шәует бауын түзеді.
Ол ұма ішінде жоғары көтеріліп, шат каналы арқылы жамбас қуысына енеді. Осы жерде шәует шығарар өзек тамырлары мен нервтерінен ажырап, төмен қарай жүріп отырып, кіші жамбас қуысына өтеді. Бұл несеп каналына ашылмастан бұрын бүйір кеңістігін жасап, шәует куықшасын түзеді де, жыныс клеткаларының қойма (резервуарлық) маңызын атқарады. Шәует қуықшасы да шәует шығарар өзек тәрізді үш қабықшадан түзілген: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — бірыңғай салалы ет, сыртқы — дәнекер тканьді болып келеді. Шәует қуықшасының жоғарғы кеңейген жерін денесі десе, төменгі жіңішкеріп келген бөлігін шәует шашар өзегі деп атайды. Шәует қуықшасы түссіз сұйықтыққа толы келеді. Оның құрамында сперматозоидтар болады, сондықтан оны сперма жинаушы қойма деп атайды. Оның кілегейлі қабатынан бөлінген сұйықтық сперманы әрі сұйылтып, әрі белсенділігін арттырады.
Қуықтүбі безі (предстательная железа)—қуықтың түп жағында несеп каналының басталар жерін айнала қоршап жатқан күрделі түтікті без. Ол ішкі жамбас қуысында жатады. Бұл бездің 30 шақты майда түтікшелері несеп каналына ашылады. Бездің ет талшықтары әр түрлі бағытта орналасып, жиырылған кезде секреттерін шығарумен бірге сфинктерлік қызметін де атқарады.
Без сілтілі реакциялы секрет бөледі. Ол сперма құрамына еніп оны сұйылтумен қатар сперманың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай туғызады.
Бұл без жас өспірім балада өте кішкене болады, 14 жастан жедел дами келе 20 жасқа толық қалыптасады.
Бадана (Купер) бездері — кішкене бұршақ тәрізді, несеп каналының бойында орналасқан. Оның түтігі несеп каналына ашылып, сперма құрамына енетін сұйықтық бөледі.
Ұма (мошонка)— аталық жыныс безінің қапшығы, оның ортасы ет пердесімен екі бөлікке бөлінген. Қабырғасы 6 қабаттан тұрады: теріасты майдан, беткей шандыр, ет қабаты, терең шандыр және ішектен түзілген сір қабықша.
Аталық жыныс мүшесі — сыртқы жыныс мүшесінің қатарына жатады. Ұзынша пішінде келген үш кеуекті денеден тұрады. Оның жоғарғы қатарда жатқан екеуі жыныс мүшесіне тән болса, астыңғы жағында жатқан үшінші - кеуекті денеден несеп каналының түтігі өтеді. Ол арқылы несеп шығарылуымен қатар жыныс торшалары да шығарылып отырылады. Жыныс мүшелері түбір, мойын, бас бөлімдерінен тұрады. Астыңғы кеуекті дене түбінен айырылып, шат сүйектеріне бекіп жыныс мүшесінің екі аяқшасын құрайды. Оның үш жағы сүйірленіп, несеп каналының конус тәрізді бөлігіне көшіп, жыныс мүшесінің басын түзеді. Басында несепағар каналының ашылар жері жатады. Барлық кеуекті денелер сыртынан тығыз дәнекер қабықшалармен қапталған. Олардың ішінде саңылау қуыс болады. Жыныстық қозу кезінде бұл саңылауларды артерия қаны кернеп толады да, жамбасасты еттерінің жиырылуының нәтижесінде вена қанының шығып кетуі қиындайды.
Жыныс мүшелерінің терісі жұқа және козғалғыш, бас бөлімінде екі қабатталып келеді. Ішкі қабатында май бездері көп болады. Жыныс мүшесі құрсақ шандырының жалғасы болып табылатын байламдар арқылы шонданай, шат сүйектеріне бекіп, қалпын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет