Төмендеуші қолқа: құрсақ және кеуде бөлігінің тармақтары.
Қолқаның төмендеу бөлігінің артерия тарамдары. Қолқаның төмендеу бөлігі қолқа доғасының жалғасы болып саналады. Ол IV көкірек омыртқасының тұсынан басталып, омыртқа жотасын бойлап төмен түсіп, IV бел омыртқаның тұсында екі жалпы мықын артерияларына бөлінеді. Осы бөлінер жерінен төмен қарай сегізкөз артериясы шығады. Қолқаның төмендеу бөлігінің өзін көкірек қолқасы, құрсақ қолқасы деп екіге беледі. Бұлардан тарамдалатын артерияларды тұлға артериялары деп атайды. Көкірек қолқасының артерия тарамдары көкірек куысындағы мүшелер мен көкірек қабырғалықтарына тарамдалады. Сол себептен, оларды ішкі органдық (висцеральды) және қабырғалық (париетальдық) артериялар деп екіге бөледі. Ішкі органдар артерияларына көкірек қуысында жатқан кеңірдекке, өңеш, жүрек қабына және өкпе аралығында жатқан лимфа түйіндеріне тарамдалатын артериялар жатады. Ал, көкірек қабырғалығын қанымен қамтамасыз ететін артерияларға 10 жұп қабырғааралық артериялар жатады. Олардың әрқайсысы қабырға аралықтарымен жүріп отырып, олардың еттерін, көкірек еттерін, көкірек бездерін, арқа еттерін, жұлынды қанмен қамтамасыз етеді де, дененің көкірек бөлігіндегі бұлшық еттер мен терісіне тарамдалады. Құрсақ қолқасының артерия тарамдары көкірек қолқасының жалғасы болып саналады. Бел омыртқаларының алдында, орталықтан сәл сол жаққа қарай ауытқып орналасқан. Оның оң жағынан жоғары қарай төменгі қуыс венасы өтеді. Құрсақ қолқасынан ішкі органдарға және құрсақ қабырғаларына артериялар тарамдалады. Ішкі мүшелерге тарамдалатын артериялар тақ және жұп болып бөлінеді. Жұп мүшелерге жұп, тақ мүшелерге тақ артериялары тарамдалады. Тақ немесе сыңарсыз артерияларға құрсақ бағаны жоғарғы және төменгі шажырқай артериялары жатады.
Жоғарғы қуысты венасына сипаттама.
Жоғарғы қуыс венасының жүйесі(система верхней полой вены). Бұл жүйе қанды бас, мойын, қол, көкірек қуысынан жинайды. Ол өте қысқа және жуан тамыр. Мұның өзі оң және сол иық-бас бағанының қосылуынан пайда болып оң жүрекшеге келіп ашылады, клапаны болмайды. Қөкірек клеткасының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Олар вена қанын көкірек клеткасының қабырғасынан жинайды. Сыңарлы венаға барлық оң қабырғааралық веналар ашылса, жартылай сыңарлы венаға сол жақ қабырғааралық веналармен өңеш және кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылып кетеді. Бас және мойын веналарына ішкі және сыртқы мойындырық (яремная) веналары жатады. Олардың ішкі мойындырық венасы (внутренняя яремная вена) ми сауытының негізінен басталып, бұғанаға дейін жетеді. Бұл тамыр көздің, есту мүшелерінің, беттің жалпы венасын, жұтқыншақ венасын тіл және қалқан безінің веналарын жинақтап, бұғанаасты венасына қосылып иық-бас венасын түзеді. Қорытып айтқанда, бұл веналар мидың барлық бөлігінен және мойын органдарынан вена қанын жинайды. Сыртқы мойындырық венасы (наружная яремная вена) тері астында жатады. Ол құлақ қалқанымен шүйде және артқы бет веналарының бірігуінен басталып, тікелей төс-бұғана-емізікше етінің сыртқы бетімен төмен түседі. Оны мойынның ет жапқышы жауып жатады. Жалпы алғанда сыртқы мойындырық венасы бастың шүйде бөлігінен және мойынның тері мен еттерінен, бет бөліктерінен вена қанын жинақтап бұғанаасты венаға немесе венозды бұрышқа құяды. Қолдыңвеналары. Қолдың веналары орналасуына қарай теріасты және терең веналар болып белінеді. Теріасты немесе беткей жатқан веналар артерияларымен кабаттаспай, тері астында орналасады. Олар тері астынан вена қанын жинаса, терең веналар қолдың терең жатқан еттерінен, сүйектерінен және буындарынан вена қанын жннайды. Олардың теріасты веналарынан айырмасы қолдын артерияларымен аттас келеді де және олармен параллель орналасады. Қол веналарында клапандар көп болады, тек анастомозданған жерлерінде ғана клапандар болмайды. Қолдың теріасты веналарына басты вена мен негізгі вена жатады. Бұл екі вена қол басының веноздық торынан басталып кол басының сыртқы венасын түзіп, алақан бетіндегі екі артериялық доғаға ұқсас веналық доға түзеді. Осы қол басының торынан басталған басты вена білектің сыртқы бетімен жоғары көтеріліп шынтақ буынына дейін жетеді. Ол негізгі венамен байланысатын қосымша тамыр бөліп шығады. Оны ортаңғы көлденең қосылыс деп атайды. Адамға қан құю осы тамыр арқылы жүреді. Негізгі вена да қол басының сыртынан басталып, білектің алдыңғы жағына ауысып, жоғары көтеріліп шынтақ буынының тұсында ортаңғы шынтақ венасы арқылы басты венамен байланысады. Одан әрі жоғары көтеріліп, тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігінің тұсында қар венасына бірігеді. Қар венасы терең жатқан қолтықасты венасына жалғасады. Қолдың терең веналары саусақтардың сырт жағынан басталып алақан доғасын түзіп, одан білекке өтіп екі шынтақ және екі қар веналарын түзеді. Олар бір-бірімен көптеген көлденең қосылыстар арқылы байланысып жатады. Бұл екі пар вена шынтақ буын тұсында қолдың беткей веналарын өздеріне қосып алып екі қар венасын түзеді. Олар аттас артериялармен параллель жүріп отырып қолтықасты венасына (подкрыльцовая вена) жалғасады. Қолдың веналарында әсіресе, терең тамырларында клапандар көбірек келеді. Қолтықасты венасы жоғарыда айтылғандай қолдың беткей және терең веналарының косындысынан түзіледі. Оның негізгі тарамдарына қолдың сыртқы венасы, көкірек клеткасының сыртқы веналары және жауырынасты веналары жатады. Қолтықасты венасы бірінші қабырғаның тұсынан бұғанаасты венасына ауысады. Ол бірінші қабырғаның үстінен иіліп өтіп, бұғана астына қарай бағыт алады. Сондықтан бұғанаасты вена деп аталады. Бұғанаасты венасы ішкі мойындырық венасымен қосылып веноздық бұрыш түзеді, осы жерден иық-бас венасы (бағаны) басталады. Иық-бас веналары (плече-головные вены)— ең ірі тамырлар. Иық-бас веналарының оң жағы сол жағына қарағанда қысқалау келеді. Бұл екеуі оң жүрекше тұсында бір-бірімен қосылып, жоғарғы қуысты венаны түзеді. Қорытып айтқанда, жоғарғы қуысты венаға вена қаны бастан, мойыннан, қолдан, дененің жоғарғы бөлігінен жиналып келіп құяды.