1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Несеп шығару түтігінің құрылысы, қызметі



бет39/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

42. Несеп шығару түтігінің құрылысы, қызметі.
Несеп каналы(мочеспускательный канал)— қуықтың зәр шығаратын түтігі. Ол ер адамда шәует (сперма) жолымен бірігіп келеді. Ер адамдардың несеп каналы басталар, ортаңғы және соңғы бөлімдерден тұрады. 1. Басталар бөлімінің ұзындығы 3—4 см, оны қуық түбіндегі қуық түбі безі (предстательная железа) қоршап жатқандықтан пред-стат бөлімі деп атайды. Осы бөлімнің екі жағынан шәует шашқыш ағысы мен куық түбі безінің түтікшелері ашылады. Несеп каналының қуықтан басталар жерінде бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзілген ішкі қысқыш (сфинктер) жатады. 2. Ортаңғы бөлімі қысқа (1—3 см) жіңшіке болып келеді. Ол жамбастың түп жағында орналаскан. Бұл бөлігі бұлшық еттер мен шаңдырлары арқылы шат сүйегіне берік бекемделген. 3. Соңғы бөлімі— басқаларына қарағанда ұзындау (16—18 см), бұл жыныс мүшелерінің астыңғы кеуекті денесі болып саналады. Оның басталар жерінде бадана (Куперово) бездің бірнеше түтіктері ашылып, оның шығаратын сүйықтығы несеп каналына шығып отырады. Несеп каналының ішкі қабаты басталар бөлігінде — ауыспалы, ортаңғы бөлігінде — бір қабатты эпителиймен жабылған. Эпителий қабатындағы бокал тәрізді бездер үнемі кілегей шығарып, зәрдің оңай ағуына жағдай жасайды. Кілегейлі қабаттың сырт жағында ұзынша және көлденең орналасқан ет талшықтары жатады.
Әйел адамның несеп каналы — ер адамның несеп каналына қарағанда қысқа, әрі кең келеді, орташа ұзындығы 2—3 см. Куықтан басталып төмен қарай жүріп отырады, жамбас түбінен (диафрагмасынан) өтіп, клитор мен қынап кіреберіс аралығында ашылады. Несеп каналы қабырғасы кілегейасты ет қабаттарынан түзілген. Кілегейасты қабаты қан тамырлы келеді. Кілегейлі қабат ұзына бой қатпарлана жатады. Несеп каналыньщ қуықтың басталар жерінде бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзілген еріксіз қысқыш болады, ал жамбас түбінен өтер жерде көлденең жолақты ет талшықтарынан түзілген ерікті қысқышы жатады.
«Аралық» (промежность) деп сыртқы жыныс мүшелері мен тік ішек орналасқан, ет қалыңынан түзілген жамбастың астыңғы жағын айтады. Ер адамда бұл жерде сыртқы жыныс мүшелерімен бірге ұма орналасқан. Аралық пішіні ромб тәрізді келеді. Алдыңғы бүрышында шат сүйегі, артқы бүрышында құйымшақ ал екі жағында екі шонданай сүйегінің бұдыры жатады. Осы аралықтың арт жағында тік ішектің анал тесігі, алдыңғы жағында — несеп каналының ашылар жері, ал екеуінің аралығында — қынаптың кіреберісі жатады. Айтылған мүшелердің ашылар жерінде жамбас түбінің ет салалары қысқыштар жасайды. Олар көлденең жолақты ет тканінен түзілгсн ерікті кысқыштар болып табылады.
Сонымен, қорытып айтқанда, «аралық» деп жалпы жамбас түбін түзіп жаткан еттер мен шандырларды айтады. Олар осы жерде орналаскан мүшелердің кысқышын жасаумен бірге бекінуіне де себеп болады. Аралық еттер беткей және терең еттер болып екіге бөлінеді. Сыртқы жыныс мүшелерінің еттеріне кеуекті дене еті де жатады. Ол сыртқы аталық жыныс мүшесінің қанын тоқтатып, кеуекті денесінің қатаюына (эрекциялық жұмысына) жағдай жасайды, ал әйел адамда қынаптың кіреберісінде айнала қоршап жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет