1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет1/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com


1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері

1.Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері.
Морфология мен физиология ғылымдары өзара тығыз байланысты, себебі ағзаның құрылысын оның қызметінсіз зерттеп білуге болмайды. Сонымен қатар бұл екі ғылым саласы ағзалардың тек онтогенездік ерекшеліктерімен ғана таныстырып қоймай, олардың филогенездік ерекшеліктерін де зерттейді.
Ал анатомия осы морфология ғылымының бір саласы болып табылады. Ол адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттеумен бірге олардың өзара байланысын және сыртқы ортамен қатынасы мен біртұтастығын зерттейді. Пәннің аты гректің anatemno-кескілеу деген сөзінен шыққан. Себебі кескілеу – анатомия ғылымының ең негізгі зерттеу әдісі.
Анатомия ғылымы ағзаны жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді. Оларға сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды, динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар жатады.
Сипаттамалы анатомия тек ағзаның құрылысы мен пішінін сипаттауға бейімделсе, жүйелі анатомия оның құрылысын атқаратын қызметіне қарай (тірек-қимыл, ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, т.б.) зерттейді.
Топографиялық анатомия - адам денесіндегі мүшелердің орналасу тәртібінің өзара байланысын хирургиялық мақсатқа орай зерттеу. Мүсіндік (пластикалық) анатомия – адам денесінің сырт пішінін, оның мүшелерінің пропорциясын зерттеп, суретшілік ілімнің негізін қалайды.Ағзадағы мүшелердің қалыптасуын, еңбекке, жұмыс әрекетіне және сыртқы ортаға бейімделуін функционалды анатомия дейді.
Динамикалық анатомия адам денесіндегі тірек-қимыл аппаратының құрылысын зерттеп, дене шынықтыру және спортқа қажетті материалдар береді.Адамның жасына қарай пайда болатын ерекшеліктерін, өзгерістерін жас ерекшелік анатомиясы зерттейді.
Антропология – адам тегінің пайда болу (филогенездік) жолындағы өзгерістерді зерттесе, салыстырмалы анатомия қазіргі кездегі адамдар мен жануарлар арасындағы ерекшеліктері мен ұқсастығын зерттейді.
Ағзадағы мүшелердің ткандік, клеткалық құрылыстары препараттар арқылы тексеретін анатомия саласын микроскопиялық анатомиядейді.
Анатомияның өзі көптеген пәндердің негізі болып есептеледі. Себебі палеонтология, антропология, физиология, гистология, эмбриология, салыстырмалы анатомия, дарвинизм, психология, т.б. пәндерді анатомиялық білім қағидаларынсыз айқын түсініп кету қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет