1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Анатомияның ғылым зерттеу әдістері



бет2/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Анатомияның ғылым зерттеу әдістері. Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын эксперименталдық әдістер деп атайды. Бірінші немесе аналитикалық әдістерге өлік денесін кескілеу, иньекциялық, коррозиялық, мацерациялық, фиксациялау және микроскопиялық әдістер жатады. Ең негізгі және ежелден келе жатқан «кескілеу» әдісі қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.
Иньекциялық немесе құйып толтыру әдісі тез қатаятын бояулы заттарды пайдалану арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты мүшелердің іші толтырылып, олардың пішіні, құрылысы тексеріледі.
Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе, бауыр) құрылысын зерттейді. Осы мүшелердің тамырларына тез қататын заттарды құйып, қатқан соң әр түрлі қышқыл ерітінділерімен сыртқы жұмсақ тканін ыдыратып, ішкі құрылысы мен пішіні анықталады.
Мацерациялық әдіс өлік денесін шірітіп, одан кейін қайнаған сумен шаю арқылы сүйектерден тұтас қаңқа жасауға мүмкіндік береді. Дайын сүйектер жұмсақ тканнен ажыратылып, кептіріліп, сабаққа оқу құралы ретінде беріледі.
Фиксациялау (бальзамдау) әдісі тұтас денені, жеке мүшелерді бұзбай, ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылады.
Микроскопиялық әдіс – анатомиялық зерттеу кезінде мүшелердің нәзік құрылысын байқау үшін микропрепараттар арқылы микроскоп аспабын қолданумен өтеді.
Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты – тірі ағзаны тексеру. Бұл үшін рентгенологиялық әдіс кеңінен қолданылады. Мұның өзі екі жолмен жүреді. Егер рентген сәулесі арқылы мүшелердің бейнесін экранда көретін болсақ, оны рентгенологиялық әдіс дейді, ал рентген сәулесі арқылы мүшелердің бейнесін арнаулы пленкаларға түсіріп алса, оны рентгенография әдісі деп атайды. Ауторадиографиялық әдіс (радиоактивті изотоптар жәрдемімен) тіс, қаңқа сүйегінің, т.б. мүшелердің даму кезеңін тексереді. Антропометриялық әдіс - адамның сырт пішінін, салмағын өлшеу арқылы қалай дамып келе жатқанын анықтайды. Осы соңғы аталған рентгенологиялық, ауторадиографиялық, антропометриялық әдістер экспериментальдық зерттеу түріне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет