1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет72/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Лимфаның тамырлары:
Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.


  1. Зәр шығару жүйесіне анатомиялық сипаттама.


Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без). Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:бастама бүйрек (пронефрос),дене бүйрегі (мезонефрос),соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).
Әйелдің зәр шығару жүйесі.
Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.
Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет