130.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралытүсінік. Нефрондар ( дәлірек айтсақ – бүйрек денешіктері , corpusculum renale ) негізінен бүйректің қыртыс заттегінің сыртқы және ортаңғы қалыңдығында орналасады . Кейбір нефрондар қыртысты заттектің милы заттекке жақын жатқан бөлігінде немесе екеуінің шекарасында орналасқан . Осылай орналасу ерекшеліктеріне сәйкес нефрондардың екі түрі болады:
1 ) Юкстагломерулярлық нефрондар ( перhroni juxtaglomerulares ) немесе қыртыстық нефрондар ( перhroni corticales ) , олардың құрылысы жоғарыда қарастырылды : -бүйректегі нефрондардың жалпы санының 80 % -ын құрайды ; -юкстагломерулярлық нефрондардың бүйрек ( Мальпиги - Шумлянский денешігі ( corpusculum renale ) қалыңдығында орналасқан . қыртыс заттегінің сыртқы және ортаңғы қалыңдығында орналасқан.
2 ) Юкстамедуллярлық нефрондар ( перhroni juxtamedullares ) және олардың ерекшеліктері: -нефрондардың жалпы санының 20 % -ын құрайды ; Юкстамедуллярлық нефрондар қалыпты жағдайда мүлдем қызмет атқармайды,олар тек төтенше жағдайларда ғана ( улану , жарақаттану , шок , қан кету , жүрек , бауыр , бүйрек ж.т.б жетіспеушілік кезінде ) іске қосылады ;
Қорыта айтқанда , юкстамедуллярлық нефрондар ( 20 % ) қантамырларының тармақталу реттері төмендегідей болады : артериола – капилляр — артериола –венула . Ал , юкстагломерулярлық нефрондар ( 80 % ) қантамырларының тармақталу реттері : артериола — капилляр — артериола – капилляр –венула .
Юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) – нейрогуморалді жүйенің бөлігі саналатын жоғары мамандырылған жасушалар жиынтығы. Ол қалыпты ультрафильтрацияны ,яғни бірінші реттік несептің түзілуін қамтамасыз ететін, әкелетін және әкететін артериола арасындағы қысымның тұрақтылығын қадағалайтын құрылым.
ЮГА жасушалары қанға биологиялық белсенді зат – ренин бөледі, оның әсерінен қан плазмасында вазопрессорлық зат – ангиотензин түзіледі.
ЮГА бүйрек денешігі аймағында орналасып, үш компоненттен тұрады:
1) әкелуші артериола қабырғасындағы юкстагломерулярлық жасушалардан;
2) дисталді иректелген өзекшелер қабырғасы аймағында орналасатын тығыз дақтан (macula densа);
3)тығыз дақ- әкетуші және әкелуші артериолалар арасындағы тамырлы полюстің үшбұрышты кеңістігінде орналасатын кеуекті жасушалар тобынан құралады.