1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы



бет24/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   202
23.Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы.
Самай сүйек(os temporale) ми сауытының негізі мен күмбезінің бүйір қабырғасын құрауға қатысатын күрделі жұп сүйек. 3 бөлікке бөлінеді: қабыршақты, дабылдық, тасты немесе пирамида тәрізді.
1. Қабыршақтық бөлік (pars sguamosa) вертикалды орналасқан табақша. Бұл бөліктің 2 беті ажыратылады: сыртқы, ішкі
1) Сыртқы немесе самайлық беті (facies temporalis) тегіс және дөңестеу болып келген. Бұл бетінің артқы бөлігінде: орталық самайлық артерия жүлгесі (sulcus arteriae temporalis media), одан төмен доға тәрізді иілген төменгі самайлық сызық (lineae temporalis infenior) бар. Жоғары бөлігінде сыртқы есту тесігі (porus acusticus externus) мен алдында бетсүйектік өсінді (processus zygomaticus) орналасқан. Бетсүйектік өсіндінің басталар жерінде төменгі жақсүйектік шұңқыр (fossa mandibularis) орналасқан. Төменгі жақсүйек шұңқырының алдында буындық төмпешік (tuberculum articulare) орналасқан.
Қабыршақтық бөліктің ішкі немесе ми сауытына қараған беті (facies cerebralis), ойыстау және бұдыр болып келген. Ішкі бетінде саусақтық батыңқылары және милық көтеріңкілерболады. Самай сүйегінің қабықшалы бөлігінің екі жиегі болады: сына сүйегімен шектесетін жиегі (margo sphenoidalis); төбе сүйегімен шектесетін жиегі (margo parietalis).
2. Пирамидa тәрізді немесе тасты бөлігі (pars pyramidis seupetrosa)латеральды бағытта орналасқан. 3 беті ажыратылады:
1) Алдыңғы беті (facies anterior) тегіс және жазықтау келген. Орта бөлігінде доғатәрізді көтеріңкісі (eminentia arcuata) орналасқан. Көтеріңкі алдында үлкен және кіші тастық жүйкелер жүлгелері (sulcus petrosus majoris etsulcus petrosus minoris) бар. Көтеріңкі мен тасты-қабықшалы саңылау арасында дабыл қуыс қақпағы (legmen tуmраnі) орналасқан. Пирамиданың алдыңғы бетінің ұшына жақын үшкіл нерв түйінінің батыңқысы (impressio trigemini) көрінеді.
2) Артқы бетінің (facies posterior) орта бөлігінде дөңгелек пішінді ішкі есту тесігі (porus acusticus internus) және онын жолы (meatus acusticus internus) орналасқан. Бұл тесіктен жоғарыдоға-астылық шұңқыр(fossa subarcuata) бар. Шұңқыр түбінде су құбырының сыртқы тесігі (apertura externa agueductus vestibuli) орналасады.
3) Пирамиданың төменгі беті (facies inferior) бұдыр болып келеді. Төменгі бетінде сопақша немесе дөңгелектәрізді мойындырықтық шұңқыр (fossa jugularis) орналасады. Оның артқы жиегі мойындырық тілікпен (incisura jugularis) шектелген. Мойындырық тілік арасында, аралық мойындырықтық өсінді (processus interjugularis) анық байқалады. Мойындырық шұңқыр алдында ішкі ұйқы артерия өзекшесініңсыртқы тесігі (foramen caroticum externum) орналасқан.
Самай сүйектің тасты бөлігінің үш жиегі болады:
1. Жоғарғы жиегі (margo superior partis petrosae)тасты бөліктің артқы және төменгі бетінің аралық шекарасы.
2. Артқы жиегі (margo posterior partis petrosae) алдыңғы беттің бүйір бөлігінде, қабыршақтық және тасты бөліктің арасында орналасқан.
3. Алдыңғы жиегі (margo anterior partis petrosae)пирамида алдыңғы және артқы беттерінің түйіскен жерінде орналасқан.
3. Дабыл бөлігі (pars tympanica) иіліп келген табақша. Айналасында сыртқы есту өтісі (meatus acusticus externus) орналасқан. Дабыл бөліктің төменгі бетінде қабықшалы бөлігінің аралығында дабыл кабыкшалы саңылауы (fissura tympanosquamosa) орналасқан. Дабыл қабыршақтық саңылауға пирамиданың алдыңғы бетіндегі өсінді еніп, оны екі саңылауға бөледі: тасты-қабыршақтық (fissure petrotympanica) және тасты-дабылдық саңылауға (fissure petrotympanica).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет