41.Иық буыны, құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі. Иық буыны латынша articulatio humeri деп аталады. Және ол қарапайым буындарға жатады. Иық буынның буын басы тоқпан жіліктің басынан, caput humeri, буын ойысы жауырынның буындық ойығынан, cavitasglenoidalis,тұрады. Және иық буын беттері гиалинмен қапталған.
Буын ойысы буын еріндері, labrum glenoidale арқылы толықтырылған.
Буын қапшығы, бос орналасқан. Буын қапшығы буын бетінің жиегі мен буын еріннің сыртқы бетінен басталып, тоқпан жіліктің анагомиялық мойынына бекиді. Буын қапшығының бос болғаны соншалықты, қолды төмен бағытта ұстағанда, буын қапшығының төменгі бөлігі қатпарланады, және буын қалташықтарын құрайды . Буын қапшығының төменгі медиальды бөлігі жұқалау , буын қапшығының басқа бөліктерінің фиброздық қабықшасы, осы жақты бойлай орналасқан и олар бұлшықеттердің сіңіршелері арқылы мықталған. Мысалы: иық буынының жоғарғы жене латералды бөлігін айтсақ болады:ол жауырынның жоғарғы және төменгі қылқанды бұлшықеттерімен, кіші жұмыр бұлшықеттің сіңіршелерімен бекымделсе, медиальды қапталы : жауырынасты бұлшықеттің сіңіршелері, арқылы бекемделген.
Сонымен қатар айта кететін болсақ , буын қапшығы, тоқпан жіліктің үлкен және кіші төмпешігінің аралық жүлгесі, sulcus inertubercularisтен өтіп екі басты бұлшықет сіңіршесі, tendo m.biseps, өтетін, ішкі беті синовиалды қабықшамен қапталған фиброзды-синовиалды қынабын,vagina sinovialis intertubercularis, құрайды. Буын қапшығының, ең астыңғы қабатында тарамдалып , жалпақтау боп және өз алдына жеке орналасқан: жоғарғы медиалды және төменгі буын иықтық байлам арқылы буын қапшығы нығыздалған.
Иық буынының байламдары:
Иық буынының қапшығы өте мықты келген құстұмсық — иық байламы, lig.carocohumerale, арқылы мықталған. Ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен, processus carocoideus, басталып, иық буынының қапшығының жоғарғы бетін жауып, тоқпан жіліктің анатомиялық мойынына барып бекиді.
Иық буыны қосымша жанама құстұмсық-акромиальды байламы, lig. carocoacromialis,арқылы нығайтылған. Бұл байлам буынның басын құрауға қатысады. Қызметі: иық буынының өз деңгейінен жоғары или алға және артқа қарай қозғалуын тежеу.
Иық буыны сыртқы пішініне қарай шар тәрізді , үш білікті буындарға жатады. Буында болатын қозғалыстың көлемі басқа үш білікті буындарға қарағанда көлемді және үлкен болып келеді. Фронтальді білік бойынша: бүгіледі және жазылады.Сагиталді білік бойынша әкелінеді және әкетіледі. Вертикалды білік бойынша ішке қарай айналады, pronatio, немесе сыртқа қарай айналады, supinatio, айналма бағытта, rotatio, және шеңбер бағытта, circumductio қозғалады.
Және де айта кететін жағдай иық буынының қозғалмалы жәнн байламдарының аз болуына байланысты қолдың осы буында шығуы көп болады.