1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет95/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Ауыз бездері, glandulae oris, көліміне және атқаратын қызметіне байланысты үлкенжәне кіші сілекей бездері болып бөлінеді. Ауыз қуысының кіші сілекей бездері, glandulae salivariae minores, шырышасты негіздің терен қабатында орналаскан. Көлемі 1-5 мм шамасындай. Топографиялык орналасуына қарай: ерін бездеріне, glandulae labiales, урт бездеріне, glandulae buccales, үлкен азулық бездерге, glandulae molare, тандай бездеріне, glandulae palatinae, тіл бездеріне, glandulae linguales, бөлінеді. Ауыз қуысының кіші сілекей бездері боліп шығаратын секреттің кұрамына карай: сірлі, шырышты жэне аралас бездерден тұрады.
Сірлі бездерге: тіл түбінің безі, шырышты бездерге: тіл ұшындағы жэне тандай безі жатады. Аралас бездерге: ерін, ұрт және үлкен азулық бездер жатады. Ауыз куысының үлкен бездері, glandulae salivariae majores, ауыз куысынан тыс орналаскан үш жұп: шыкшыт, тіласты, төменгі жаксүйек асты бездерден тұрады.
1. Шыкшыт безі, glandulaparotis, ауыз куысының үлкен сілекей бездерінін ішіндегі ең ірі без. Сыртқы пішіні үшбұрыштәрізді, салмағы 20-30 г, ұзындығы 3-5 см, қалыңдығы 2-3 мм-дей.
Сыртқы беті фасциялдык қабықпен капталран. Бездің түтігі бетсүйектік доғаның бойынан 1 см төмен, горизонталді бағытта меншікті шайнау бұлшыкеттің, т. masseter, сырткы бетін жанай алға қарай бағыт алып, одан әрі ұрт бұлшықетін, т. buccinator, тесіп өтіп, жоғарғы екінші азу тістің тұсында ауыз қуысының кіреберіс бөлігіне ашылады. Құрылысы жағынан шықшыт без күрделі ұяшықты, бөлетін секретіне байланысты сірлі типті бездерге жатады.
Шықшыт бездің, glandula parotidea, канмен қамтамасыз етілуі- шықшыт без тармақтары, rr. parotidei, арқылы (беткей самай артериясының, a. temporalis superficialis, тармағы.
2. Тіласты безі, glandula sublingualis, көлемі шагын келген, сыртқы пішіні сопақша немесе үшбүрыштәрізді, шырышты бездерге жатады . Без меншікті ауыз куысының шырышты қабығы мен төменгі жақ—тіласты бұлшықетінің, т. mylohyoideus аралығында, сыртқы беті фиброзды қабықпен қапталып, ауыз қуысының түбінде орналасқан. Тіласты безінің үлкен (негізгі) және кіші түтіктері ажыратылады: - бездің үлкен түтігі, ductus sublingualis major, төменгі жақсүйек асты сілекей бездің түтігімен бірігіп, тілдің тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылады; - бездің кіші түтіктері, ductus sublingualis minores, ұсак, тіласты бүрпгігінің бүйір каптал ында орналаскан майда түтіктер аркылы ашылады. Қызметі: шырышты тіпті секрет бөлу.
3. Төменгі жақсүйек асты сілекей безі, glandula submandibularis, кұрылысы жағынан күрделі ұяшықты-түтікті бездерге жатады. Без мойын аймағының төменгі жақсүйек асты үшбұрышында орналаскан. Төменгі жақсүйек асты бездің сыртқы беті жұқа фиброзды тінмен және мойынның теріасты бұлшықетімен, т. platysma, жабылған, жогарғы шеті жақсүйек-тіласты бұлшықетімен, т. mylohyoideus, шектелген. Бездің түтігі, ductus submandibularis, немесе вартонов атты түтігі алға және жоғары өтіп, жаксүйек — тіласты бұшықетін тесіп өтіп, одан әрі тіласты сілекей безінің аралыгымен өтіп, тіласты безінің үлкен түтігімен бірігіп, тіласты жүгеншігінің, frenulum linguae, бүйір қапталында орналаскан тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылады.
90.Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет