1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет96/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Жұтқыншақ, pharynx, мойын мен бастың манында орналаскан сыртқы пішіні конустәрізді келген ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінін бастапкы бөлігі.
Жүтқыншақ топографиялык орналасуына қарай: мүрындық бөлікке, pars nasalis, ауыздык бөлікке, pars oralis, жэне көмейлік бөлікке pars laryngea, бөлінеді. Жұгқыншақбассүйектің негізінен басталып, VI - мойын омыртқасының тұсында өңешке, esophagus, жалғасады. Артқы кабырғасы мойын омырткаларымен, бүйір қабырғасы: мойын маңында орналаскан ірі кантамырлармен және кезбе нервпен, n.vagus, шектеседі, алдынғы кабырғасы: хоан тесігі, сһоапа, аркылы мұрын куысымен, аран, isthmus faucium, арқылы ауыз куысымен, алмұрт тәрізді калта арқылы, recessus piriformis, арқылы көмеймен шектеседі. Жұгқыншақтың мұрындық бөлігі, pars nasalis, ол бассүйектің негізінен жұмсақ тандайға дейінгі аралыкта орналасқан.
Қабырғалары: -Жоғарғы қабырғасы: сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінін төменгі бетімен шектеледі.
-Артқы қабыртасы: І-ІІ мойын омыртқасымен және жұтқыншақ бадамшасымен, tonsilla pharyngealis, шектеледі.
-Алдьщғы қабырғасы жоқ, хоан тесігі аркылы мұрын куысымен байланысады.
-Бүйір қабырғасында: түтік буылтығы, torus tubarius жэне есту түтігінің сырткы тесігі, ostium pharyngeum tubae auditivae, сыртқы есту түтігі мен тандай пердесінің аралығында түтік бадамшасы, tonsilla tubaria, айқын байқалады.
-Төменгі қабырғасы жок, жұгкыншақтын ауыздық бөлігіне жалғасады. Жүткыншактын ауыздык бөлігі, pars oralis, ол жұмсақ тандай мен көмей бөбешігінің, epiglottis, аралығында орналаскан .
Қабырғалары:
-Алдынғы қабырғасы жоқ, аран, fauces, арқылы меншікті ауыз куысымен, cavum oris propria, байланысады.
-Арткы кабырғасы бірінші, екінші мойын омыртқаларымен шектеледі. -Жоғарғы, төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұткыншақтың мұрындык және көмейлік бөліктеріне жалғасады.
Жұтқынш ақтың көмейлік бөлігі, pars laryngea, ол көмей қақпағынын тұсынан басталып, VI-мойын омыртқасының тұсында өңештің мойындық бөлігіне жалғасады.
Қабырғалары:
-Алдынғы қабырғасы комеймен шектескендіктен жұтқыншақтың комейлік бөлігі деп аталынады. Мұнда жұтқыншактын алмұрт-тәрізді орналаскан қалтасы, recessus piriformis, айкын байкалады .
-Жоғарғы және төменгі кабырғалары жоқ, ол жоғарыда жұтқыншақтың ауыздық бөлііне жалғасса, төменгі бөлігі алтыншы мойын омыртканың тұсында өңешке жалғасады.
Жұтқыншақ қабырғалары: шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттан тұрады.
-Шырышты қабығының, tunica mucosa pharyngis, мұрындық бөлігі кірпікшелі эпителиймен, ауыздык және көмейлік бөліктері көпқабатты эпителиймен қапталған. Жұтқыншақтың шырышты қабығы нашар дамуына байланысты қатпарлар түзбейді, шырышты бездерге өте бай.
-Жұтқыншақтын бұлшықеттік кабығы: бойлық және дөңгелек қабат көлденең жолақты бұлшықеттерден тұрады .
1. Жұткыншақтын бойлық қабат бұлшықеттері:а) Бізжұтқыншақ бүлшықеті, т. stylopharyngeus, ол самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен, processus styloideus, басталып, жұтқыншақтың бойлық қабат бұлшықет кабығын құрайды. Қызметі: тамақты жүтқаннан кейін жұтқыншақты қалыпты денгейге әкелу. ә) Тандай — жүткыншақ бұлшықеті, т. palatopharyngeus, ол жұмсак тандайдың фиброзды қабықшасынан басталып, тандай — тіл доғашығының, arcus palatoglossus, бойыменөтіп, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады. Қызметі: тамақты жұтканнан кейін жұмсақ таңцайды төмен тартып, ауаны мұрын куысынан көмейге қарай еркін өткізу. 2.Жұгқыншақтың дөңгелек қабаты немесе қысқыш бұлшыкеттері. Бұл топ бұлшықеттері үш жұп бұлшыкеттерден тұрады .а) Жұтқыншақтын жоғарғы қысқыш бүлшықеті, т. constrictor pharyngis superior, ол сынатәрізді сүйектің қанатты өсіндісінің медиалді табакшасынын арткы жиегінен, оның ілмегінен, hamulus pterygoideus, және төменгі жакгіласты сызыкшасынан, linea mylohyoidea, тілдің түбінен басталып, жұткыншақтың бүйір қабырғасынан орай артқы капталына қарай өтіп, қарсы жағындағы бөлігімен өзара айқасып, жүтқыншақ бүлшықетінің тігісін, raphe pharyngis, құрайды. Қызметі: тамақты қысып, жұтқыншақтың аралық қысқыш бұлшықетіне қарай өткізу. ә) Ж ұтқыншақтын ортанғы қысқыш бұлшықеті, т. constictor pharyngis medius, ол тіласты сүйегінің үлкен және кіші мүйізінен басталып, “желпуіш” тәрізденіп, жоғарғы қысқыш бұлшыкеттің төменгі бөлігін жауып, жұтқыншақтың артқы бетінде жұгкыншақтың тігісін құрап аяқталады. Қызметі: жұгқьшшақтьщ ауыздык бөлігіндегі тамақты, көмейлік бөлігіне карай жылжыту. б) Ж ұткыншактың төменгі кыскыш бүлшықеті, т. constrictor pharyngis inferior, қалқанша шеміршектің сыртқы беті мен жүзіктәрізді шеміршектің бүйір капталынан басталады. Бұлшықет талшықтары, ортаңғы бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып, жүтқыншақтық тігісті құрайды. Қызметі: жүтқыншақтың ауыздық бөлігінен тамақты өңешке жылжыту. -Жұтқыншақтың дәнекер тінді кабығы, tunica adventitia, жұтқыншықтың сыртқы қабығы болып саналады.

105.Ішастар, ішастар қуысы туралы түсінік.
Ішастар, peritoneum, іш куысындағы мүшелерді тұйық жауып орналаскан сірлі кабык. Тек кана әйел адамдарда бұл сірлі куыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сырткы ортамен байланысқан. Ішастар топографиялық орналасуына карай: париеталді бөлікке, peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналаскан, мүшелік немесе висцералді бөлікке, peritoneum viscerale,бөлінеді.. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір-бірімен өзара бетгесіп, саңылау түрінде орналаскан куыс, ішастарлық куысты, cavitas peritonei, түзеді. Аралығында козғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтык орналаскан. Ішастардың париеталді табағы, іш қуысының алдыңғы, артқы және бүйір қабырғаларын, көкеттін ішкі бетін жауып, шұғыл бұрылып, ішастардың висцералді бөлігіне жалғасады . Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты келесі түсініктерді білулеріңіз керек:
Интраперитонеалді — мүшенің барлық жағынан жабылуы;
Мезоперитонеалді — мүшенің үш жағынан жабылуы;
Экстраперитонеалді — мүшенің бір жағынан жауып орналасуы .
Іш куысының қабырғалары мен ішастардың аралығында іркілденген дәнекер тіндерден және аздаған майлы тіндерден тұратын кабат, сірліасты негізі, tela subserosa, деп аталады. Бұл негіздің калындығы барлык жербіркелкі орналаспаған. Мысалы: көкеттің тұсында мүлде болмаса, іштің арткы қабырғасының тұсында жақсы дамып; бүйректі, несепағарды, және құрсақтық қолқаның дәнекер тіндік кабығын кұрап, ішастар артындағы кеңістікті, spatium retroperitoneale, құрайды. Іш куысының алдыңғы қабырғасының бойында сірліасты негіз нашар дамығанымен, төменде шатүстілік аймақта, regio pubica, едәуіржақсы дамыған. Әсіресе, несепқуықтың, vesica urinaria, алдыңғы қапталы мен іштің алдыңғы қабырғаларының аралығында жақсы дамыған. Ішастардың жылжып жоғары көтерілуі несепқуыктың несепке толуына байланысты.
Сонымен катар, ішастар іштің алдыңғы қабырғасының ішкі қапталында, төменірек кіндіктің тұсында5 катпарды: ортасында орналаскан орталык кіндік қатпарын, plica umblilicalis mediana, және екі жұп кіндік медиалді және латералді катпарларын, plicae umbilicales mediates et laterales,құрайды . Ішастардың айтылып өткен қатпарлары мен шап байламының, lig. inguinale, аралығында шап өзегі, canalis inguinalis, мен сан өзегіне, canalis fem oralis, қатысы бар жұпталып екі-екіден орналаскан шұңқырларды ажыратады.
Ішастар жоғары бағытта өтіп, көкеттің астын астарлай жауып орналаскан ішастар бөлігіне жалғасады. Көкеттің ішкі бетін жауып орналаскан ішастар фронталді жазықтықтың бойында бауырға қарай өтіп, бауырдың тәждік байламы, lig.coronarium hepatis, мен орақтәрізді байламын, lig. falciforme hepatis, кұрап, бауырдың он, сол үшбұрышты байламдарын, lig. triangulare dextrum et sinistrum, кұрап, бауырдың өткір жиегін орай өтіп, бауырдың төменгі бетіне қарай бағытталады.
Бауырдың төменгі бетінің оң үлесінен бүйрекке карай өтіп, бауыр — бүйрек байламын lig. hepatorenale, кұрайды. Сол бүйректің ішастары бауырдың кақпасының, porta hepatis, тұсында, бауырдың арткы бетінің ішастарымен беттесіп, асқазанның кіші иінімен, curvatura ventriculi minor, он екі елі ішекке карай өтіп, бауыр — асказан байламын, lig. hepatogastricum, жэне бауыр— он екі елі ішек байламын, lig. hepatoduodenale, немесе кіші шарбыны, omentum minus, кұрайды.
Асказанның алдыңғы жэне арткы ішастарлык кабыкшасы, асказанның үлкен иінінің тұсында бірігіп, кіндікке карай бағыт алады. Бұл 2 кабатты ішастар кабыкшасы кіндікке жетпей бүктеліп 4 кабатты үлкен шарбыны, omentun majus, қүрап, кері бағытта ұйқыбезге қарай бағыт алып, ұйқыбездін алдыңғы бетін экстраперитонеалді жағдайда жауып, жоғарылаған және төмендеген табақшаларға айырылып, іш қуысы ішастарының париеталді бөлігіне жалғасады.
Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялык орналасу орнына және практикалык мәніне тоқталу үшін іш куысын 3 кабатқа:
а) жоғарғы кабат — кокеттен тоқ ішектін көлденең жиек ішегіне дейін;
ә) ортаңғы кабат — ток, ішектің көлденең жиек ішегінен кіші жамбас куысына дейін;
б) кіші жамбас қуысына боледі.
-Іш қуысынын жоғарғы кабаты, кокет пен ток ішектің көлденен жиек ішегінің аралығында орналаскан. Ішастардын іш қуысынын жоғарғы кабаттағы туындыларына катпар, жалғамалар, шарбылар жатады.

106.Кіші және үлкен шарбының құрамы, олардың қызметі. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатында ішперде жолының топографиясы.
Асқазанның кіші иінінің тұсында кіші шарбыекі жапыракшаға айырылып, алдыңғы жапырақшасы асказаннын алдынғы бетін орап, асқазанның үлкен иініне карай бағыт алса, арткы жапырақшасы асқазанның арткы қабырғасын жауып, асқазан мен көкбауырды, lien, барлык жағынан жауып, асқазан—көкбауыр байламын, lig. gastrolienale, құрап, асказаннын үлкен иініне карай бағыт алады. Асказанның алдыңғы жэне арткы ішастарлык кабыкшасы, асказанның үлкен иінінің тұсында бірігіп, кіндікке карай бағыт алады. Бұл 2 кабатты ішастар кабыкшасы кіндікке жетпей бүктеліп 4 кабатты үлкен шарбыны, omentun majus, қүрап, кері бағытта ұйқыбезге қарай бағыт алып, ұйқыбездін алдыңғы бетін экстраперитонеалді жағдайда жауып, жоғарылаған және төмендеген табақшаларға айырылып, іш қуысы ішастарының париеталді бөлігіне жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет