Шәуетқуықшасы, vesicula (glandula) seminalis, - кішіжамбасастауында, шәуетшығаратынтүтіктіңкеңжерінен (ампуласынан) латералді, куықастыбезденжоғарыжәненесепқуыктүбіненарттажәнебүйірорналасатынсекреторлықжұпмүше.Ішастаршәуетқуықшасының тек жоғарғыбөлігінжабады. Шәуетқуықшасыныңбетікедір-бұдыр. Шәуетқуықшасыныңнесепқуыққақарағаналдыңғы, жәнетікішектежатқанартқыбетіажыратылады. Шәуетқуықшасыныңұзындығы 5 см шамасындаболады.Ені -2 см және қалыңдығы-1 см. Кесіндікөрінісіндеөзарабайланысқанқуықшалардантұратынынкөругеболады. Егершәуетқуықшасыныңсыртқықабығынжартылайалып, оны жазғанда, оныңұзындығы 10-12 см, қалындығы 0,6-0,7 см болады.Шәуетқуықшасықабырғаларыныңқұрылысынакелсек:
Сыртқы кабығы дәнекерлі кабық, tunica adventitia; -Ортаңғы жақсы дамығанбұлшықеттік қабық, tunica muscularis, шәует қуықшасы қабырғасының көп бөлігін құрайды. -Ішкі кабык, tunica mucosa, бойлық қатпарлар тұзеді. Әрбір шәует куықшасының жоғарғы кеңейген бөлігі-негізі, ортаңғы бөлігі-денесі және төменгі шеті тарылып, шығарушы түтікке, ductus excretorius, жалғасады. Шәует косалқысының шығарушы түтігі шәует шығаратын түгіктің соңғы бөлігімен қосылып, шәует жіберетін (шашатын) түтікті, ductus ejaculatoris, түзеді. Шәует жіберетін түтік еркек несеп шығаратын өзектің қуықасты бөлігіне, шәует төбешігінен бүйір ашылады. Шәует жіберетін түтіктің ұзындығы 2 см шамасында, қуыс ені бастапкы бөлігінде 1 мм, несеп шығаратын өзекке ашылатын жерінде 0,3 мм құрайды.
Бульбоуретральді без немесе буылтық несеп шығаратын өзек glandula bulbourethralis жалпы бұның көлемі бұршақ сияқты,дөңгелек пішінді,тығыз орналасқан,сарғыш түсті,беті сан бұдырлы,диаметрі 0,3-0,8 см болып орналасатын қос ағза.Бульбоуретральді бездер –құрылысы бойынша ұяшықты түтікті бездерге жатады және оның қызметіне тоқталатын болсақ ол еркектің несеп жүйесіндегі өзектің тітіркендіруінен қорғайды және жабысқақ сұйық бөліп шығарады.Бұл бнзднрдің орналасуына келетін болсақ жалпы еркектің несеп шығаратын өзектің жарғағының артында,шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Сонымен қатар бұл бездер бір бірінен 0,6см қашықтықта орналасқан. Бұл Бульбоуретральді бездердің түтіктері болады ол ductus glandulae bulbourethralis жіңішке және ұзын яғни 3-4см ге жуық болып табылады.Ол еркек жыныс ағзасының буылтығын тесіп өтіп несеп шығаратын өзекке ашылады.Біз бұдан бөлек білуіміз керек жалпы осы буылтық-несеп шығаратын өзек безінің секреторлық бөлігі мен түтікте көптеген кеңеюлердің болатынын ескерген жөн.
143.Шәует шылбыры, оныңқұрамдыбөліктері.
Шәует шылбыры (funiculus spermaticus)аталық бездердің ұмаға түскен жерінде(descensus testis), яғни аталық бездің ұмаға түсуінен кейін пайда болады.Осы шәует шылбырының ұзындығы 15-20 см, ал пішіні болса дөңгелек жіп тәрізді.Ол шап өзегінің терең сақинасынан, яғни (annulus inguinalis profunda) дан аталық бездің жоғарғы шетіне дейінгі аралықта орналасады
Шәует шылбырын бөліктерге бөліп қарастырамыз: ұмалық бөлігіне және шап бөлігіне.
Ұмалық бөлігін (pars scrotalis) ал шап бөлігін (pars inguinalis) деп атаймыз.Сонымен қатар шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік(ductus deferens),шәует шығаратын түтіктің артериясы(a. ductus deferentis), аталық бездің артериясы(a.testicularis), сабау тәрізді веналық өрім (plexus pampiniformis),одан веналық қан аталық безінің венасы (v.testicularis),арқылы (v.cava inferior) онжақтағысы және (v.renalis) жалғасады, аталық бездің және шәует шығаратын түтіктің нерв өрімдері (plexus nervorum deferentalis et testicularis), лимфа тамырлары (vasa lymphatica) ішастардың қынаптық өсіндінің қалдықтары (vestigium processus vaginalis peritonei), (appendix testis) қосымшасы (paradidymis) ол шәует шылбырының ең төменгі бөлігінде орналасқан, бірсалалы бұлшықет тіні немесе жазық бұлшықет тіні,дәнекер тінді ұлпадан және шелмайдан тұрады.
Қорыта айтқанда шәует шылбыры (ductus deferens) құрамында өтетін,аталық без қосалқысы және (ductus deferens) тамырлары мен нервтерінен тұратын және сыртынан қабықтармен қоршалатын анатомиялық құрымды кешен болып табылады.
144.Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.
Еркек сыртқы жыныс мүшелеріне еркектің жыныс мүшесі мен ұма жатады.
Еркек жыныс мүшесі (penis) несеп қуықтан несепті шығару және әйелдердің жыныс жолдарына шәует жіберу қызметін аткарады.
Достарыңызбен бөлісу: |