1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Алдыңғы ақ дәнекерде екі бөлікті ажыратады



бет170/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Алдыңғы ақ дәнекерде екі бөлікті ажыратады:
-алдыңғы дәнекердің алдыңғы бөлігі, pars anterior commissurae anterioris ,оныңталшықтары екі иіс сезу үлестері кыртысының жасушаларынөзара қосады
-алдыңғы дәнекердің артқы бӛлігін, pars posterior commissurae anterioris (немесе ми сыңарларының аралык бӛлігі pars inter hemispherica), жақсы дамыған, оның талшықтары екі ми сыңарының гиппокамп қатпары кыртысының жасушаларын қосады.


Талшықтар:
Ми сыңарларының ақ заттегі мыналардан тұрады:
1) ми кыртысын нерв жүйесінің төмен орналасатын бөлімдерімен байланыстыратын төмен бағытталатын проекциялык талшықтардан;
2) көру төмпешігі маңын ми қыртысымен байланыстыратын жоғары бағытталатын проекциялық талшықтардан;
3) ассоциациялык талшықтардан олар бір ми сыңары аумағындатүрлі бөліктерді немесе әр ми сыңарлары аумағында біркелкі бөліктерді байланыстырады.
Проекциялық жүйке талшықтары төменгі бөліктерді байланыстырады
Мидың (жұлынның) ми бөлімдері, сондай-ақ базальды ядролары (жолақты денесі) және кортексі бар ми бағанасының ядролары, керісінше,ми қыртысы, ми бағанасы мен жұлын ядролары бар базальды ядролар. Үлкен ми қыртысына жететін проекциялық жүйке талшықтарының көмегімен сыртқы әлемнің суреттері кортекске, экран сияқты проекцияланады, мұнда алынған импульстарды жоғары талдау және оларды саналы бағалау жүреді.Проекциялық жолдар тобында жоғары және төмен талшықты жүйелер бөлінеді.
Ми сыңарларының ассоциациялык немесе киылысатын жолдары екі топқа бөлінеді:
1) ассоциациялық қысқа немесе ұзын
2) ассоциациялық коммиссуралық.
Қысқа ассоциациялық жолдар доға тәріздес талшықтар, fibrae arcuate түрінде болады да, көршілес катпарларды байланыстырады.
Ұзын ассоциациялык жолдарға:
1) жоғарғы бойлық немесе доға тәріздес буда, fasciculus longitudinalis superior, s.arcuatus, ол маңдай, шүйде жэне самай үлестерін байланыстырады;
2) ілмек тәріздес буда, fasciculus uncinatus, ол төменгі маңдай қатпары маңын самай үлесі ілмегімен және онымен көршілес қатпарлармен байланыстырады;
3) төменгі бойлық буда, fasciculus longitudinalis inferior, ол шүйде үлесін самай үлесімен байланыстырады;
4) белдеулік буда, fasciculus cinguli, ол күмбездік катпар, gyris fornicatus, бойына өтіп, иіс сезу үшбұрышын, trigomm olfactorium,және иіс сезумаңы алаңын, area parolfiactoria, ілмекпен, uncus,байланыстырады;
5) өзара ми сыңарларының ядроларын жэне осы ядроларды ми қыртысымен байланыстыратын талшықтарды косатын ассоциациялык жолдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет