Омыртқаның артқа ығысуы не деп аталады?



Дата15.11.2023
өлшемі32,79 Kb.
#122734

Қосымша

Тест сұрақтары
1-нұсқа



  1. Омыртқаның артқа ығысуы не деп аталады?

  1. лордоз

  2. кифоз

  3. сколиоз

  4. остеохондроз




  1. Сүйектер эпифизінің субхондралдық бөлігін зақымдайтын ауру?

  1. остеохондроз

  2. остиомиолит

  3. остеохондропатиялар

  4. барлығы дұрыс




  1. Сколиоз кезінде қай бөліктегі бұлшықеттерді нығайтуға аса көп көңіл бөледі?

  1. іш,арқа,бел

  2. іш,кеуде

  3. жамбас,бас бөлігі

  4. мықын,бас аймағы




  1. Сколиоз кезінде қай бөлікке массаж жасалады және неше пайызын алады?

  1. бел бұлшық етке,48%

  2. іш бұлшық етке,70%

  3. арқа бұлшық етке,70%

  4. мойын бұлшық етке,55%




  1. Сколиоздың бастапқыда кай бағытта қисаяды?

  1. фронтальдык

  2. горизонтальды

  3. тік

  4. қисық




  1. Тұлғаның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

  1. ішкі және сыртқы

  2. табиғи және жасанды

  3. отыру және тұру

  4. ЕДШ




  1. Сколиоз ажыратылады?

  1. туа біткен және қаңқа ауырсынуы

  2. туа біткен және жүре пайда болган

  3. жүре пайда болган және ауру асқынунан

  4. физиологиялық




  1. Қалыпты тұлғаның неше белгісі бар

  1. 2

  2. 3

  3. 4

  4. 5




  1. Статикалық деформация дамиды?

  1. психикалық ауытқудан

  2. салмақтың шектен тыс түсуінен

  3. денешынықтыру тәрбиесін сақтамағандықтан

  4. травмадан кейін




  1. Сколиоздың || (2) дәрежесінде омыртқаның кисаюы қанша градус?

  1. 30°

  2. 25°-30°

  3. 10°-30°

  4. 15°30°




  1. Сколиозда қолданылатын массаждағы уқалау әдісі қанша пайызды құрайды?

  1. 70%

  2. 60%

  3. 30%

  4. 50%




  1. Сколиозда массаж кезінде пациентте гипертонус болса, қолданады:

  1. вибромассаж

  2. криомассаж

  3. инемен емдеу

  4. гидромассаж




  1. ||| (3) дәрежелі сколиозда науқас тәулікте корсетті қанша уақыт киеді?

  1. 6 сағат бойы

  2. 2 сағат сайын шешіп отырады

  3. 12 сағат

  4. тәулік бойы




  1. Сколиоздағы консервативті емге жатпайды:

  1. массаж

  2. хирургиялық араласу

  3. дәрі-дәрмекпен ем

  4. физиоем




  1. Остеохондропатия дегеніміз

  1. Эпифизінін субхондралдык бөлігін ауру

  2. Зат алмасудың бұзылысы

  3. Омыртқаның алға ығысуы

  4. Функцияналдық жағдайдан




  1. Асептикалық некроз жағдайындар ортан жілік басында қай аймағында көп дамиды ?

  1. Табан астында

  2. тізе буын аймағында

  3. Балтыр басында

  4. Сан басында




  1. Сколиоз 1 дәрежесі қандай?

  1. 10 градус қисаюы

  2. 10-20 градус қисаюы

  3. 20-30 градус қисаюы

  4. 30-45 градус қисаюы

Тест сұрақтары
2-нұсқа



  1. Омыртқа бағанасының қисаюымен ширатылуын түзеу үшін қолданылатын едщ мен массаж қай ауруда?

  1. Остеохондроз

  2. Атеросклероз

  3. Омыртка қисаюы

  4. Сколиоз




  1. Симметриялық және ассиметриялық жаттығулар қолданылуда әсері?

  1. Фронталдық әсер ету

  2. Температура ға әсер

  3. Омыртқаға әсер етеді

  4. Бұлшықетті шынықтыру




  1. Омыртқаны тракциялау жаттығуы қандай қалыпта жасалады?

  1. төрт бағанда тұрып

  2. шалқадан жатқанда

  3. отырған қалыпта

  4. тұрған қалыпта




  1. Сколиоз кезінде массаждың ұзақтығы?

  1. 20-30 мин

  2. 15-20 мин

  3. В)10-15 мин

  4. Д) 20-25 мин




  1. Бірінші мобилизация кезеңінің мақсаты?

  1. Дұрыс тыныс алуды дағдыландыру

  2. Лимфа айналымын жақсарту

  3. Арқа ж/е іш б/е нығайту

  4. Өмір сапасын жақсарту




  1. Қалыпты тұлғаның бес белгісінің бірі?

  1. Тепе-теңдікті қалыптастыру

  2. Басты тік ұстау

  3. Бел үшбұрышының дұрыс орналасуы

  4. Жамбас бұрышы ерлерде 30-32°С болуы




  1. Дұрыс тұлғаның сипаты: жамбас бұрышы ерлер мен әйелдерде неше градус?

  1. 30-28*

  2. 31-29*

  3. 27-30*

  4. 22-30*




  1. Дене шынықтыру жаттығуларын үнемі орындаудың пайдасы?

  1. Бұлшық еттерді нығайтады

  2. Ауырсынуды басады

  3. Шоктын алдын-алады

  4. Бас ауруды қойдырады




  1. Сколиз кезіндегі мобилизацияның мақсаты?

  1. Ауырсынуды басу бұлшық еттерді нығайту

  2. Қан айналымды жақсарту

  3. Арқа және іш бұлшық еттерін нығайту, омыртқа козғалғыштығын жоғарылату

  4. Зат алмасу жақсарту




  1. Ересектердегі дұрыс тұлғаның сипаты қандай ?

  1. денесі тік

  2. арқасы жазыңқы,мойны бірқалыпта қисаймаған

  3. іші жинақы, кеудесіне тартылған қалыпта

  4. барлық жауап дұрыс




  1. Арқа бұлшықетіне массажға қанша пайыз уақыт бөлінеді?

  1. 70

  2. 50

  3. 60

  4. 30




  1. Тракция дегеніміз қандай түсінік?

  1. аяқ-қолдың сынғаннан кейін тез бітісіп кетуі

  2. ортопедияда аяқ-қолды ұзақ уақыт созу әдісі

  3. арқаның ығысуы

  4. сүйект крепитациясы




  1. Сколиоз кезінде операциядан кейін корсет киюдің маңызы қандай?

  1. науқас ұзақ уақыт керуетте жатуында сүйектің қисық бітіспеуіне көмек береді

  2. науқастың операциядан кейінгі жағдайын жеңілдетеді

  3. науқас қимылдағанда,оған жеңіл жағдай туғызады

  4. дұрыс жауап жоқ




  1. Сколиоз дегеніз бұл?

  1. омыртқа омырткаларының көпбілікті деформациясы

  2. Сыркат негізінде омыртка жотасынын ақаулары

  3. Омыртқанын кисаю дәрежесі

  4. дұрыс жауап жоқ




  1. Екінші қозғалыс тәртібі нешінші дәрежелі сколиозы бар науқастарға арналған?

  1. 1-2 дәреже

  2. 2-3 дәреже

  3. 3-4 дәреже

  4. 1-3 дәреже




  1. Сколиоз кезіндегі ЕДШ басты міндеті?

  1. Дұрыс тұлғаны жақсарту

  2. Ауырсынуды басу

  3. Қан кетуді тоқтату

  4. Симптомдарды жою




  1. Омыртқа жотасы қисайғанда, ауырғанда тек қана арқа емес, басқа қай ағзалардың функциялары нашарлайды?

  1. өкпе,бүйрек

  2. жүрек,нерв жүйесі

  3. өкпе,жүрек

  4. бүйрек,зат алмасу

Ситуациялық есептер



  1. 57 жастағы А есімді науқас ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: бел ауруы, шаршағыштық, бұлшық еттерінің әлсіздігі, бел аймағындағы өткір спазмдық ауырсынулар. Пациентте артық салмақ бар, жаман әдеттері яғни темекі шегеді, алкоголь қолданады.

Сұрақтар
1. Болжамды диагноз қандай?
2. физиотерапия ның негізгі әдістері қандай?
3. Емдік гимнастиканың ең тиімді әдістері.

Жауабы
1. Бел остеохондрозы


2. электротерапия, магнитотерапия, лазерлік терапия
3. зарядтау, спорт залға бару, су терапиясы, жүзу.



  1. Т есімді 40 жастағы науқас дәрігердің қабылдауына келді.3 жыл көлемінде бел-сегізкөз омыртқасының ауратынына,қозғалыстың бұзылыстарына және ұйқысының бұзылуына шағымданады.Науқастың айтуынша 15 жылдан бері ауыр жұмыстар жасап келеді.Қарап тексергенде денесін тік ұстай алмай батып ауырып тұрғанын айтты.Дәрігер тексергенде азғана остеопороздар анықталады.

Сұрақтар
1. Қандай Диагностикалық тексерістер жүргізіледі?
2. Болжамды диогноз?
3. ЕДШ

Жауабы:
-Рентгенология,МРТ,Жұлынның субарахноидальды кеңістігін тексеру т.б.


-Омыртқа остеохондрозы
-Емдік гимнастика,массаж,инемен емдеу,мануальдық терапия, күрделі арнайы физикалық жаттығулар



  1. 30 жастағы ер адам арқадағы және беліндегі ауырсынуға шағымданды.Науқастың айтуынша басында ауырсыну қатты болмаған,кейіннен ұйықтағанда арқасы құрысып мазалаған.Дәрігер диагнозды сколиоз ауруы деп қойды.Кейін рентгенмен тексерген кезінде науқаста жамбастың жартысы қисық,кеуде аумағы дөңес,11-25 қисықтың бұрышы болған.Сколиоздың қай дәрежесі және ЕДШ-ны қалай жүргіземіз

Жауабы:


2-ші дәрежели сколиоз
ЕДШ:Функциялық корсеттер қолданылады пайдаланылады,емдік жаттығу жасағанда,бассейнге түскенде шешеді
Емдік жаттығулар ағаш кушеткада жатқан қалпында орындалады
Тыныс алу жаттығулары+омыртқаны созуға қалпына келтіруге көмектесетін жаттығулар қолданылады.



  1. 36жастағы Н есімді анасы 13жастағы С есімді баласын алып ауруханаға келді.

Анасының айтуы бойынша баласында бел мен қол арасындағы қашықтықты, бір иығының қисайғанын байқалған. Тексеру кезінде қисықтық бұрышы 26-50, іш бұлшықеттерінің әлсіреуі бар.
Сұрақтар
1. Диагнозы қандай және дәрежесін тап
2. қандай ем жүргізіледі?

Жауабы
1 Сколиоз, 3ші дәрежесі


2 хирургиялық



  1. Емханаға 50 жастағы әйел келген. Диагнозы: остеоартроз тізе буыны он жылдан бері ауырады. Тек қана аурусынуға шағымданады.

Сұрақтар.


1. Физикалық факторлардын қайсысын қолдану қажет?

Жауабы
Физиотерапия, Балшықпен емдеу, Массаж қолданылады





  1. Р есімді 7 жастағы баланы анасы ауруханаға белгілі бір шағымдармен алып келді: аяқ -қолының ауырсынуы, ауырған жерді ұстағанда шыдаттырмай ауруы. Балада артық салмақ байқалады және кішкентайында көп жарақат алғанын айта кетті. Рентген зерттеуінде ештеңе байқалмайды. 1 апта ішінде ауырсыну тағы қайталанып жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бұл кездегі зерттеулер де сүйектің зақымдалған бөліктері көрінді, және эпифиз әсерінен буын кеңістігі байқалады

Сұрақтар
1. Болжамды диагноз?
2. Диагноздың қай түрі және қай кезеңі өтіп жатыр ?
3. Емі ?

Жауап:
1. Остеохондропатия


2. 1шілік түрі, 2кезеңі дамып жатыр
3. Медициналық ем, диета.



  1. Ж есімді науқас. Науқаста бір,екі күндей бел тұсының қатты ауырсынуымен,белдіңжаншып,күйдіріп,отырса бел бөлігінің қозғалмауымен,шағымданып,жедел жәрдеммен ауруханаға келіп түсті.Науқастың айтуынша,бел тұсы ауыратыны,ауру кенеттен басталатынын,денесін тік ұстай алмайтынын,бұл таңертеңгілік және кешкі уақытта болатынын,кейбір кезде,буындарының сырқырап ауыратынын айтты.Науқас бұл ауру қыс айларында,күннің суық кездерінде өрши түсетінін айта кетті.Науқас орынан тұрғанда тепе-теңдікті ұстай алмайды,басы мен желке тұсы қатты ауырады,мойын,иық,арқа,екі қол бұлшықеттеріде ауыратынын айтты.Науқастың туысы,бір жыл бұрын,инфекциялық аурумен,3-4 күн бұрын жарақат алғанынмен ескертті.

Дәрігердің рентгендік тексерілуінен кейін,болатын болжамды диагнозды айтыңыз?

Жауабы
(Остеохондроз,көп жағдайда бұл науқастарға массаж,дәрі дәрмекпен емдеу жатады)





  1. А есімді пациент 23 жаста аруханаға келіп түсті. Шағымдары: арқанын ауырсынуы, бас ауру, мойын формасын өзгеруі, жамбас бөлігінің деформациясы , бел ассиметиясы, алға еңкейген кезде омыртқаның қисаюы, бел мен қол арасындағы қашықтық, ТАЖ:18 Аққ 120/90, пульс: 65

Болжамды диагноз ? Диагностикасы ж/е ЕДШ

Жауабы:


Диагностика: рентген
Диагноз: Сколиоз
Едш: Консерватипті ем : бұлшық етке массаж , омыртқаға күш түсірлуін шектейтін қозғалыс тәртібін ұйымдастыру,сондай-ақ әлсіреген бұлшықет тонусына физитерапиялық емшаралар
Қажетті жағдайларда тракциялаушы ем, дәрі-дәрмектер және мануалдық ем



  1. С есімді 40 жаста пациент, Емханаға шағымданып келді өзінің айтуы бойынша 4 жыл компьютермен отыратын жұмыста жасайды.Жалпы шағымдары: іш бұлшық еттерінің әлсізденуі, арқада белдегі ауырсыну сезімі, ұзаш уақыт отырған немеме тұрған қалыпта болғаннан кейін шаршау , қабырғаларының қатты батуы, кейін өркештің пайда болғанын байқаған, диагностикадан өткеннен соң омыртқаның 26-50 градус қа өзгергенін айтады

Қандай диагноз және ЕДШ?

Жауабы
3 дәрежелі сколиоз


ЕДШ: Арқа аяқ іш бұлшық еттеріне массаж жасалу керек, әсіресе арқа бұлшық еттеріне массаж жасағанда 70% уқалауға уақыт бөлеміз.Массаждың ұзақтығы 15-20 минут , бір курсы 20-30 емшара жылына 3-4 рет
Функциялық корсеттер пайдалану.Жаттығулар тік жерде немесе ағаш төсекте жатқан қалыпта орындалуы керек, жаттығулар: статикалық және динамикалық тыныс алу жат-ы, тіндерді омыртқа жотасын созуға арналған жат-у, бұлшық еттерді босаңсытуға деформацияны түзетуге арлналған жаттығулар орындалуы керек



  1. 27 жастағы Азина ауруханаға өздігімен (самообращение) қаралды. Қабылдау бөлімінде кезекші невропатолог визуалды қарағанда: мойын мен бел омыртқаларының шамадан тыс қисаюы, қимыл-қозғалыстың өзгеруін байқалдалды. Шағымдары: б/е спазмы, бас ауруы, кейде айналуы, мойын аймағының қатуы, ұйқы тәртібінің бұзылуы, шаршағыштық, жалпы әлсіздік. 2 күн бұрын зәрін ұстамай, жіберіп қойды. Өмір тарихы: педагогикалық колледжде білім алады, үйге берілген тапсырмалар көп болғаннан түнгі уақытта төсекте жатып жасайды. Ауру тарихы: Кетле Индексі бойынша 1ші дәрежелі семіздік.Омыртқаның қай бағытта, қанша градусқа қисайғанын білу үшін рентгенографияға жіберілді.

Сұрақ:
1) Диагностикаға қандай дәрігерлер жібереді?
2) Диагноз қою
3) Емі
3) Қандай оңалту шаралары қолданылады?

Жауаптары:


1) ортопед немесе оспеопат
2) Лордоз- омыртқаның алға қарай қисаюы, себебі: артық салмақ болғандықтан, пациент тепе-теңдіктікті жақсарту үшін артқа қарай сүйенуге итермелейді. Бұл оның күйіне теріс әсер етеді.
3) Ауырсынуды басу үшін- анальгетиктер
Қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер
Витамин Д
Диетотерапия, салмақты азайту үшін
Хирургиялық ем
4) Мануалды терапия, Массаж, ЕДШ, Иглотерапия, Корсет кигізу, Электроемдеу, Жүзу
Жаттығулар: Тұрған қалыпта иілу жасау. Аяқтар иықтың енінде орналасқан. Қолдарымен аяқтың ұшына жетуге тырысу. Тізені бүкпеу. 7-10 реттен қайталау. Жаттығу ұзақтығы 5-10 минут
Отырып тұру: Аяқтар иықтың еніне бөлінген, өкшелер қатты басылған. Орындыққа отырғандай артқа бағытталып орындалады. 15-ке дейін қайталау тиімді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет