Ашық тәрбие сағаты: “Халық дәстүрі- асыл қазына”



бет1/4
Дата10.02.2023
өлшемі1 Mb.
#66638
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
1апта адам анатомия

ПРЕЗЕНТАЦИЯ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырып:
Орындаған:Дәутбек А
Қабылдаған: Халикова Г
Тобы:1505-29

Бұлшық еттердің атқаратын қызметіне байланысты салыстырмалы түрде ерекшеліктері

Жоспар

  • І Кіріспе
  • ІІ Негізгі бөлім
  • 2.1.Бұлшық ет
  • 2.2. Маңызы, ерекшеліктері
  • ІІІ Қорытынды
  • ІV Қолданылған әдебиеттер

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. 

Организмдегі бұлшық ет тіндерін үш түрге бөледі:


а) Қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады.
 ә ) Бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер. Бұлар ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады.
б)Жүрек бұлшық еті Қан тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз ететін қызмет атқарады.

 Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады.

  •  Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады.
  • Ал қызметіне қарай- бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші;
  • орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады.
  • Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

БҰЛШЫҚ ЕТ
Жамбас және аяқ
Бұлшық ет
Мойын
Бұлшық ет
Кеуде
Бұлшық ет
Іш
Бұлшық ет
Тұлға
Бұлшық ет
Бас
Бұлшық ет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет