Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
19. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас.
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы 1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. 1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды. 1992 жылы – Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды. 2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков. 2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников.Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 10 пайыздан астамын құрайды. 2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы ҰҚШҰ және ТМД саммиті барысында екі елдің мемлекет басшыларымен қол қойылған Қазақстан Республикасы Президенті және Ресей Федерациясы Президенті Бірлескен мәлімдемесімен 2011-2012 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Қазақстан-Ресей жылу энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңызды элементі Каспий құбыр желісі консорциумын 2015 жылға дейін жылына 33-тен 67 млн. тоннаға дейін ұлғайтудың принциптері туралы Меморандумға қол қою болды. Оның ішінде, қазақстандық мұнайды жылына – 52,5 млн. тоннаға арттыру. Каспий құбыр желісі консорциумының құбыр желісі жүйесінің механикалық күшін екі еседен аса кеңейту бойынша жобаны инвестициялау жөніндегі толық шешімге 2010 жылы 15 желтоқсанда қол қойылды. Құрылыс жұмыстары 2011 жылы көктемде басталады. Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы мәселені шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Центральная» және «Хвалынское» кен орындарының құрылымдарын жасау бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру белгіленді. 2010 жылы 7 қыркүйекте Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Имашевское» трансшекаралық газконденсат кен орнын геологиялық зерттеу және барлауды бірлесе жүргізу жөнінде келісімге қол қойылды. Каспий теңізінің ресейлік секторында орналасқан Хвалынское және Центральная кен орындарының өнімін бөлу бойынша келісімге қол қоюды ұйымдастыру бағытындағы қызметтер жалғасуда. Бұл жобалардың жүзеге асуы тараптардың ЖЭК саласындағы өзара іс-әрекеттерін нығайтуға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сонымен қатар, шетел нарықтарына көмірсутек экспорты көлемін арттыруға жағдай жасайды. Қазақстан газын өндірудің және оны іске асырудың артуына байланысты, газды Ресейде өңдеу бойынша өзара іс-қимыл және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану белсенділігі арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрамдарының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге, одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. 2007 жылы желтоқсанда Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңы газ желісі құрылысындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол бойынша Тараптар түрікмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аумақтары арқылы тасымалдау үшін қолданыстағы «Окарем – Бейнеу» және «Орталық Азия – Орталық» газ желісін қайта құруды есепке ала отырып, «Белек» (Түрікменстан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетіне дейін Каспий маңы газ желісі құрылысын іске асыруды қамтамасыз етеді. “Байқоңыр” кешенін бірлесе пайдаланудың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2009 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында “Байқоңыр” кешеніне келіп-кету және “Байқоңыр” ғарыш айлағы қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының, Төретам, Ақай ауылды мекендері тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жөніндегі келісімдерге, сонымен қатар Байқоңыр қаласының мәртебесі жөніндегі Келісімге өзгерістер енгізу бойынша хаттамаға қол қойылды (банк жүйесіне байланысты). Қазіргі таңда ғарыш саласында өзара әрекеттесу жөнінде екі жақты құжаттардың 14 жобасы келісілу кезеңінде. Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғайтын жоба бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. «Санкт-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» жол жүру бағыты салынуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді. Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі өзегі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Екі мемлекет аумағымен жүк тасымалына қолайлы тарифтік жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. 2010 жылы 7 қыркүйекте Кедендік одақтың транзиттік әлеуетін тиімді іске асыру саласында Қазақстан және Ресей темір жолдарының өзара ынтымақтастығы меморандумына қол қойылды. Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан-Маңғышылақ су құбыры арқылы Еділ өзенінің суын беру жүзеге асуда. 2010 жылдың қорытындысы бойынша су беру көлемі 21 млн.361 мың текше метр болды және 2009 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2 млн. 435 мың текше метрге немесе 13% ұлғайды. Ақтау – Астрахань, Ақтау – Махачкала паромды желісі ашылды. Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. 2009 жылы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықта біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, сонымен қатар 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізіп тұруда Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы 8 желтоқсанда Мәскеу қаласында Қорғаныс мекемелерінің басшылары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктерінің 2011 жылға арналған ынтымақтастық Жоспарына қол қойды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі аспектісі бойынша 60 аса құжатқа қол қойылған. Құрылған нормативті-құқықтық база жедел әскери дайындықтың бірлескен іс-шараларын ғана өткізіп қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әскери қызметкерлерін Ресей әскери-оқу орындарында оқыту және қару, қарулы техникаларды алу, жөндеу, жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған салада Ресей Федерациясымен әскери ынтымақтастықтың сараптамасы 1996 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Ресей Федерациясының әскери академияларында, университеттерінде, әскери училищелері мен институттарында, академиялық және офицерлік курстарда, офицерлік адъюнктарда (докторантураларда), Бауман атындағы ММТУ-де Қазақстан Республикасының 3600 әскери қызметкері оқуларын бітіргендігін көрсетеді. Қазіргі таңда, Ресей Федерациясының 42 әскери оқу орнында және оқу орталықтарында 1000 қазақстандық әскери қызметкер толық оқу бағдарламасы мен қысқа мерзімді курстарда дайындық өтуде. Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуын өз қаражаттары есебінен төлейді. Қазақстан-Ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады. Әр жыл сайын ҚР және РФ Мемлекеттер басшылары қатысуымен Шекара маңы өңірлері жетекшілерінің форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті мәселелері, сондай-ақ табиғатты пайдалануда бірыңғай стандарттарды қолдану, өзендерді, су қоймаларын және басқа да табиғат ресурстарын бірлесе пайдалану туралы талқыланады. 2008 жылы 22 қыркүйекте өткен шекара маңы өңірлері жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары Өңіраралық ынтымақтастық форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшылары қатысуымен болатын Қазақстан мен Ресейдің кезекті VII Өңіраралық ынтымақтастық форумы 2010 жылы 6-7 қыркүйекте Өскемен қаласында өтті. Форумның негізгі тақырыбы «Тұрақты даму және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық” ретінде анықталды. Форум шеңберінде 3 үкіметаралық келісімдерге қол қойылды: өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы; “Имашевское” трансшекаралық газ конденсат кен орнын геологиялық зерттеу және барлауды бірлесе жүргізу; трансшекаралық су нысандарын бірлесе пайдалану және қорғау жөнінде. Форумның өткізілуі Қазақстан және Ресей кәсіпорындары арасында тығыз іскерлік байланысты дамытуға, әлемдік қорларды сақтайтын және табиғатты қорғайтын технологияларды қолдануды ескере отырып, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта экологиялық саясатты құруға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының артуына мүмкіндік жасады. Қорларды тиімді пайдалану және екі мемлекеттің трансшекаралық су нысандарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекеттерді нығайту бағытында шаралар атқарылуда. Орал өзенінің экожүйесін сақтау, Ресей Федерациясы аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына су ресурстарын жеткізу мәселесі, сонымен қатар Ертіс өзенін тиімді бірлесе пайдалану және қорғау бойынша Үкіметаралық комиссия және Мемлекетаралық қор құру бағытында жұмыс атқарылуда. Осы бағыттағы қызметті жетілдіру мақсатында 2010 жылы қыркүйекте Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су нысандарын қорғау және бірлесе пайдалану жөнінде келісімге қол қойылды. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыс одан әрі дамуда. 2010 жылы желтоқсанда Тверь облысының Ржев қаласында 100 және 101 қарулы-атқыш бригада әскерлеріне арналған ескерткіш ашылды және “Жеңіс поездын” ұйымдастыру орын алды. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы атындағы № 229 және Алия Молдағұлова атындағы № 891 орта мектептерін жаңа оқу-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету аяқталды. Мәскеу метрополитенінің Люблинско-Дмитровский линиясының бір бекетін “Қазақстандық” деп атау келісілді. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында тарихи маңызға ие ескерткіштерді мәңгі есте қалдыру мақсатында, бірінші қазақ үкіметі Алаш Орданың 1917-1920 жылдардағы. отырыстары, Бірінші және екінші Жалпы қазақтық съездері өткен, 1913-1918 жылдары “Қазақ” газетінің редакциясы орналасқан және оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйлерде мемориалды тақтайшалар қойылды. Елшінің РФ Мемлекеттік Дума төрағасы Б.Грызловпен және РФ жетекші ЖОО ректорларымен кездесуі нәтижесінде көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардан шыққан жас қазақстандықтар үшін инженерлік- техникалық мамандықтарға қосымша квота бөлу жөнінде келісімге келді. Екі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.Тұтас алғанда, 2010 жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттері 10 рет кездескен. Мұның барлығы екі жақты қатынастардың тұрақты түрде жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, достық, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің сақталып отырғандығын көрсетеді. Аталған кездесулер барысында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру екі жақты ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.
20. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым – қатынас.