1. Ақпарат технологиясы



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі19,94 Kb.
#128628
1   2   3
Байланысты:
Икт 1

Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
5. Байланыс арнасыхабар жеткізу арнасы — таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпарат қабылдағышқа) кез келген хабарды жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылардың жиынтығы не физикалық орта. Байланыс арнасы ақпараттың түріне қарай (телеграфтықтелефон|дықтеледидарлықтелемеханикалық, т.б.) не байланыс желісініңтармағына қарай (сыммен берілетін, радиорелелі, талшықты-оптикалық, Жер серігіарқылы жүзеге асырылатын, т.б.) ажыратылады.
6. Ақпараттың қасиеттері:
1. Ақпарат сенімділігі қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтайды. Сенімді емес ақпарат дұрыс түсінбеуге немесе дұрыс емес шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
2. Ақпараттың толықтығы – шешім қабылдауға қажетті ақпарат мөлшерін анықтайтын сипаттама. Ақпараттың толық болмауы нәтижесінде көптеген қателіктерге жол беріледі. Ақпараттың толық болмауы немесе шамадан тыс көп болуы сапалы ақпарат алуға кедергі келтіреді.
3. Ақпараттың өзектілігі – ақпараттың уақыт ағымына сәйкестігін анықтайтын қасиеті. Шындыққа сәйкес, бірақ ескірген және керексіз ақпарат өзекті емес, яғни қажетсіз ақпаратқа айналады. Мысалы, осы аптадағы телебағдарлама келесі апта үшін ескірген ақпарат болады. 
4. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет